Ешнәрсе жабулы қазан күйінде қалмайды

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Мирас Қарғабай 2020 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстарды қорытындылады.

2020 жылдың алғашқы 9 айында департамент қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізіп, нәтижесінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне 154 қылмыс тіркелген. Оның 109-ы сыбайлас жемқорлық қылмыстары, ал, жедел жолмен анықталғаны – 87. Яғни өткен жылдың аталған мерзіміне қарағанда, биыл анықталған жемқорлық қылмыстардың саны көбейген. Ал, тергеу өндірісінде болған 254 іске түпкілікті процессуалдық шешім қабылданып, оның 94-і айыптау актісімен сотқа жолданған.

Сондай-ақ, өңірімізде жыл басынан бері 46 бюджет қаражатын жымқыру дерегі тіркеліп, мемлекетке келтірілген залалдың жалпы құны 1 млрд. 142 млн. теңгені құраған. Бүгінде оның 1 млрд. 134 млн. теңгесі мемлекет қорына қайтарылып, өндіру жұмысы 99 пайыздық нәтиже көрсетіп отыр. Осы орайда айналдырған 9 айдың көлемінде 46 лауазымды тұлға түрлі деңгейдегі тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Олардың арасында 13 бірінші басшы бар.

Бүгінгі таңда облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментіндегі жедел қызметтің жеке құрамы агенттікпен бекітілген басым бағыттар бойынша жүйелі түрде жұмыс істеп жатыр. Оның ішінде мемлекеттік бағдарламаларға бөлінген бюджет қаражатын ысырап ету, жүйелі сыбайлас жемқорлық деректерін анықтау, лауазымды тұлғалар тарапынан шағын және орта кәсіпкерлік бизнесіне заңсыз араласу, облыстық, қалалық және аудандық басшыларға қатысты және де көлеңкелі экономикаға лауазымды тұлғалар тарапынан қамқоршылық жасау деректерін анықтау бағыттары бар.

Тағы бір айта кететін жәйт, ҚР Үкіметінің бекіткен қағидасына сәйкес, сыбайлас жемқорлық деректері туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдескен 10 тұлғаға 1,7 млн. теңге көлемінде ақшалай сыйақы берілген. Атап айтқанда, агенттіктің 1424 Сall-орталығына Түркістан өңірінен хабарласқан азаматтардың ақпараты арқылы 9 қылмыстық іс тіркелген. Нәтижесінде жедел әрекет ету амалдары жүргізіліп, лауазымды тұлғалар пара алу фактісімен ұсталған және 3 қылмыстық іс сотқа жолданған. Демек, «сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік» қағидасын ұстанатын тұрғындар да аталған құқықбұзушылықты тоқтатуға өз үлестерін қосуда.

– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру әрбір ел азаматына жүктелген ортақ міндет екенін алға тартып, қандай да бір құқықбұзушылық деректері туралы мәліметті тәулік бойы жұмыс істейтін агенттіктің 1424 Сall-орталығына хабарлауға болады, – дейді департамент басшысының бірінші орынбасары Мирас Қарғабай.

Latest news

ЖЕР МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША

 Үстіміздегі жылдың 30 наурыз күні Сызған, Созақ ауылдық округтері мен Таукент кентінде аудан прокуратурасының прокуроры Б.Бейсембай мен аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің маманы Е.Айтжанның...

Карантиндік шектеу шаралары күшейтіледі

Апталық аппарат отырысында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев коронавирустың таралуына жол бермеу үшін Түркістан облысында карантиндік шектеу шараларын күшейтуді тапсырды. Алдағы мерекелік күндері халықтың шоғырлануына...

Елбасы Ұлттық банк төрағасын қабылдады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан экономикасының 2021 жылғы дамуы жөніндегі...

Темірден түйін түйген

Сызған ауылында туып-өскен Қанаев Жұмағали ағамыз ( бұл кісіні барлығы "Жұман " деп атайды) темірден түйін түйеді. Мектепті бітіргеннен кейін ауылдағы гаражға жұмысқа тұрғаннан...

Related news