Жуырда аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен Жергілікті әскери басқару органдарының құрылғанына 103 жыл толуына орай «Ел тыныштығы – ер қолында» тақырыбында көрме өтті.
Аталған көрмені аудандық орталық кітапхананың кітапханашылары Мадина Айтжанова мен Кенжегүл Тастыбаевалар ұйымдастырып, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің жеке құрамын мерейлі мерекелерімен құттықтады.
Іс-шара барысында сөз алған аудандық орталық кітапхананың директоры Сабыр Батырбеков жүрекжарды лебізін білдіріп, Тәуелсіз еліміздің тыныштығын қорғау жолында айтарлықтай өздерінің үлестерін қосып, осындай қызығы мен қиындығы қатар жүретін жұмыстарды атқарып жүрген мекеме ұжымына табыстар тілеп, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің жастарға Отанымызды қорғауда патриоттық тәрбие беретін үлкен мектеп екендігін атап өтті. Сонымен қатар, кітапхана ұжымы қорғаныс істері жөніндегі бөліміне арнайы «Алғыс хат» пен бағалы сыйлық табыстады.
Өз кезегінде сөз алған аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі бастығының міндетін уақытша атқарушы капитан Дархан Алтынбеков кітапхана ұжымына жеке құрамның атынан алғыс білдірді.
Аталған іс-шара барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізілді.
Нұрсұлтан Қанатұлы.