Ел үлесі- пәтерге

 Иә, біреу білсе, біреу білмес. ҚМДБ- ның ұйымдастыруымен және «Зекет» қорының қолдауымен 2016 жылы «Ел үлесі- пәтерге» жобасы құрылып, Республикамыз бойынша көпбалалы, мұқтаж отбасыларға пәтер беру акциясы жүзеге асырылып келеді. Сондай- ақ, бұл жоба еліміздің түкпір- түкпірінде жалғасын табуда. Атап айтар болсақ, үстіміздегі жылдың 23 маусымында көршілес Бәйдібек ауданында 238 пәтер иесін тапқан еді. Аталмыш игі шараға біздің, Созақ ауданының жұртшылығы да қасиетті Құрбан айты мейрамы қарсаңында өз үлестерін қосты. Нақтырақ айтсам, ауданымыздың, Шолаққорған орталық мешітінің бас имамы Әбдіқұлов Мейрамбектің басшылығымен ауылымыздың жомарт жігіттерінің зекет, садақасының есебінен бір мұқтаж отбасына 239- шы баспана алынып, берілді. Апатты жағдайдағы үйде тұрып келген жалғызбасты анаКәкімжанова Жанат Елеуқызының отбасында бір ұл, бір қызы бар көрінеді. Нәзір Төреқұлов атындағы көшедегі құлауға шақ тұрған үйінен Бәкір Ахметов көшесіндегі кең де жарық үйге көшіп келген отбасының қуанышында шек болмады. Құны 5000 000 теңге тұратын, күрделі жөндеуден өткен үй бұл отбасы үшін зәулім сарайдай көрінді. Пәтерді табыс етуге барған орталық мешіт жамағаты мен Кәкімжанова Жанаттың туыстары да игілікті іске қатты қуанды.

 Ал, «Ел үлесі- пәтерге» жобасы бойынша 240 үйдің кілті Таукент кентіндегі мешіт имамы Мырзабеков Нұрғиса Қойшыбайұлының ұйымдастыруымен кент тұрғындары есебінен жиылған 700 000 теңге қаржыға Қонақов Жасұлан деген азаматқа табысталды. Бұған дейін баспанасы болмаған отбасының иесі, мүмкіндігі шектеулі азамат ҚонақовЖасұланның отбасында әйелі және үш баласы бар. Жекеменшік иесінің малын бағатын Жасұлан Қонақовтың отбасы үшін де кент жамағатының қайырымды ісі кәдімгідей материалдық қолдау болды.

 Иә, осындай асты- үсті пайдалы қазбаларға толы мемлекетте тұрып, баспанасыз жүру немесе апатты жағдайдағы үйде тұру өте өкінішті жағдай. Кешегі, қазақтың ақиық ақыны Қасам Аманжоловтай арда азаматтың сол тұстағы елордамыз, ару қала Алматыда баспанасыз жүргені есімізге түскенде ғана өкініштен өртенген өзегіміз бір сәт басылғандай болады. Бірақ, артынша- ақ: «Апыр- ау, біз егемендігін егеленген, тәуелсіздігін ту еткен ел емеспіз бе, неге біздің отандастарымыз, қандастарымыз осындай бейбіт заманда Жиренше шешеннің лашығындай жерде тұруы керек?- деген ой санамызды құржалайды. Әйтпесе, мемлекет тарапынан қолға алынған «7- 20- 25» секілді толған бағдарламалар жұмыс жасап жатқан жоқ па?

 Жә, бір менің ғана емес, барша бұқараның санасын сарсылтқан сан сауалдарға нақты жауап берілер сәт те келіп жетер. Оған дейін, өз жарасын жалап жазатын арлан қасқырға ұқсап, «Қарекет қоры», «Ел үлесі- пәтерге» сынды халықтық жобалар арқылы көпбалалы, мұқтаж отбасыларға баспана сыйлап амалдап тұруымыз қажет секілді ғой.

 Сөз соңында, осындай игі іске мұрындық болған ауданымыздың бас имамы, жерлесіміз Әбдіқұлов Мейрамбек Ордабайұлының азаматтығы жайлы бірер сөз айтқым келіп отырғаны. Қазақта: «Жас келсе, іске», «Игі істің басына, жақсы келер қасына».- деген мағынада қаншалаған қанатты сөздер бар. Сол сөздер осы Мейрамбек ініміздей атпал азаматтарға қатысты айтылса керек- ті. Олай дейтінім, діни оқу орындарын тәмамдап, аудандық орталық мешітке бас имам болып келгелі Мейрамбек Ордабайұлы талай- талай ізгі істердің бастамашысы болып жүр. Оны көзі қарақты аудан жұртшылығы көріп те біліп те жүр деп ойлаймын. Ендеше, ауданымыздағы мұсылман жамағатына жас болса да бас болып жүрген имам Мейрамбекке және оның басшылығымен ізгі істерге ұйытқы боп жүрген барша ауыл молдалары мен мешіттер жамағаттарына, пейілі кең, қолы ашық атымтай- жомарт жерлестерімізге аудан жұртшылығы атына алғысымызды айтып, ризашылығымызды білдіреміз. Алла дүние- ақыреттік істеріңізге береке берсін! Әрбір игі амалдарыңызға сауаптан жазсын.

 Ал, аудан жұртшылығын осы «Ел үлесі- пәтерге» жобасына қатысып, жерлестерімізге қуаныш сыйлаңыздар деп, игі іске ат салысуға шақырамын. Біліңіздер, егер Құран- Сүннетке, ғалымдарымыздың сөзіне сүйенсек, садақа кісінің өмірін ұзартады, кәсібі мен нәсібіне береке кіргізеді, денсаулығын жақсартады және жеке басына, отбасына және отанына келетін бәленің алдын алады. Қайырымдылық іс адамдардың жүрегін жұмсартып, дүниеде ел ішіндегі беделін, ақыретте жәннаттағы дәрежесін арттырады. Солай екен, жерлес, діндес және қандас бауырларымызға қарайласайық- ағайын!

Данияр Құл- Ахметұлы

Latest news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...

Related news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...