«Егінші мәрт-жер жомарт»

Дана халқымыз осы тәмсілді еңбек адамына қарап әдемі айтқан екен. Ел ішінде диқандықты кәсіп еткен азаматтар көптеп кездеседі. Солардың бірі—Асаубай Бәкіров. Ол Құмкент ауылында тұрады. жастайнан егіншілікті кәсіп еткен азамат. Қазір зейнет жасында болса да сол бала күнгі игі ісін өзіне серік етіп келеді.

Талай жылдар ұжымда звено жетекшісі болды. Жеткен жетістіктері толағай. Жерден мол өнім алып шаруашылықтың экономикасын көтеруге мол үлес қосты.

Зейнет жасындамын деп үйінде бекер жатпаған Асаубай сексеннің сеңгіріне келсе де әрі тың. Қолынан күрегі мен кетпенін тастамай, әлі де егіс егіп, ұл-қыздарына ақыл—кеңесін айтып еңбектен қол үзбей келеді. Үйіргелік жерін жыл сайын көктем шыға салысымен топырағын қопсытып, егіс егуге дайындайды.

Қолында балалар әкесінің ақыл-кеңесіналып қызу еңбекке белсене кірісіп кетті. Биыл да сол игі дәстүр жалғасын тапты. Асекең егетін тұқымдарды дайындап көктемгі дала жұмыстарына ерте дайындалды. Қазіргі кезде егіс егетін алқапты түгел аударып, егіс егуге сақадай сай тұр. Бұл отбасының ұл-қыздарының бәрі шеттерінен еңбекқор. Еріну дегенді білмейді. Барлығы бірдей жұмысты жұмыла атқарады.

Жыл сайын үйіргелік жерде бақша өнімдері қауын, қарбыз, қызанақ, қияр, пияз, сарымсақ мол етіп өндірілді. Нәтижесінде базардан ешнәрсе сатып алмайды. Табиғи өнімді өз бақшаларынан егіп, өсіріп алады. Асекең көп балалы жанұяның отағасы. Сондықтан барлық балалары осы қарашаңырақтан нәпақа алып отырады. «Егін егіп, жерді баптай білу мол өнімнің кепілі»-дейді қария ағынан жарылып. «Баптай білсең-жер жомарт» дегенді де Асекең қосып қойды.

Бақытын еңбектен тапқан қарт диқаншы биылғы жылы көктемнің кеш шығуына байланысты біраз жұмыстарын пысықтап алып, іске кірісіп кетті.

Сәуірдің шуақты күндері диқанға қолайлы сәт тудырып тұр.

Еңбектің жемісін көре беріңіз дейміз байырғы диқан ағамызға.

Сәрсенбек ТЕҢІЗБАЕВ.

Latest news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...

Related news