Достық байланыстарды жоғары бағалады

 Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Мемлекеттік кеңес мүшесі, Сыртқы істер министрі Ван Иді қабылдады.

 Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективаларын, халықаралық және өңірлік ұйымдар аясындағы ықпалдастықты, COVID-19 індетінің таралуын болдырмау жөніндегі іс-қимылдарды үйлестіру мәселелерін талқылады.

 Қасым-Жомарт Тоқаев тығыз саяси диалогқа және өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастыққа негізделген қазақ-қытай қатынастарының даму қарқыны мен достық байланыстарды жоғары бағалады.

 Мемлекет басшысы экономиканың түрлі салаларындағы инвестициялық жобаларды, соның ішінде, ауыл шаруашылығы бағытындағы жобаларды жүзеге асырудың маңызды екенін атап өтті. «Қазақстандық өнім өндірушілердің ауыл шаруашылығы бойынша Қытайға экспорттайтын өнімдерінің, атап айтқанда, дәнді және майлы дақылдардың номенклатурасы үлкен».

 Президент жан-жақты стратегиялық серіктестікке қосымша серпін беру мақсатымен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинді Қазақстанға сапармен келуге шақырғанын нақтылады.

 Ван И өз кезегінде Қытай басшысының жылы лебізі мен ауызша сәлемдемесін жеткізді. Си Цзиньпиннің айтуынша, «Қазақстан – аймақтағы маңызды стратегиялық серіктес және Қытай екі ел халықтарының игілігі жолында өзара ынтымақтастықты жан-жақты нығайтуға әзір».

 Қытай дипломаты «ҚХР басшылығы ҚР Президенті жариялаған Қазақстан қоғамының қажеттіліктерін ескере отырып, саяси және әлеуметтік-экономикалық жаңғыртуларға бағытталған реформаларды құптайды» деді.

 Сонымен қатар Ван И ҚХР-дің екіжақты күн тәртібінің маңызды бөлігі болып табылатын Қазақстанмен сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге зор көңіл бөлетінін атап өтті. Осы орайда Ван И Қазақстан делегациясын Қытайда өтетін ЭКСПО халықаралық импорт көрмесіне қатысуға шақырды.

 Әңгімелесу барысында тараптар халықаралық өзекті мәселелер бойынша, атап айтқанда, коронавирус инфекциясына қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастық жөнінде де пікір алмасты. Мемлекет басшысы Қытай тарапына уақтылы көрсетілген гуманитарлық және медициналық көмек үшін алғыс білдіріп, пандемияға қарсы күресте бірлескен шара қолдануға әзір екенін айтты.

Кездесу соңында тараптар ұзақ мерзімді жан-жақты стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға дайын екендерін білдірді.

«Оңтүстік Қазақсьан» газетінен.

Latest news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...

Related news