Департаменттер ғимараты пайдалануға беріледі

 Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласындағы құрылысы аяқталуға жақын нысандарды аралап, мердігер компаниялардың жауапты өкілдеріне бірқатар тапсырмалар жүктеді. Өңір басшысы оларға бекітілген кестеден ауытқымауды ескертті.

 Ең алдымен өңір басшысы әкімшілік-іскерлік орталығындағы департаменттер ғимаратында болды. Бүгінде ғимараттарға жиһаз кіргізу толығымен аяқталды. Нысанның құрылысына 150 адам жұмылдырылып, екі ауысымды жұмыс ұйымдастырылған. Ғимаратты жақында пайдалануға тапсыру жоспарланып отыр.

Өмірзақ Естайұлы бұдан соң «Керуен сарайдың» құрылысын аралады. «Керуен сарайдың» сыртқы қасбеті және ішкі әрлеу, бөлмеаралық қыш қалау жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда, нысан құрылысында 920 жұмысшы еңбек етуде.

Облыс әкімі заманауи үлгіде салынып жатқан «Хэмптон» қонақүй кешенінің салыну барысын да бақылады. Қазіргі таңда қонақүйдің конструкциясын тұрғызу, шатыр қағу жұмыстары, қасбет, ішкі әрлеу, бөлмеаралық қабырғаларды әрлеу жұмыстары жүргізілуде.

Өмірзақ Шөкеев сонымен қатар Конгресс холл, «Ұлы дала елі», драма театр мен «Rixos Turkestan» қонақүйі және Қ.А.Ясауи кесенесінің айналасында жүріп жатқан жұмыстар барысын тексерді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Latest news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...

Related news