ДӘРІХАНАЛАРДАҒЫ БАҒА ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНА ТҰРАҚТЫ ТҮРДЕ МОНИТОРИНГ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

     Бүгін Түркістан қаласында орналасқан дәріханалардағы дәрілік заттардың болуына және шекті бағаның сақталуына кезекті зерделеу  жұмыстары жүргізілді.

    Мониторинг жұмыстарына ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің жанынан құрылған «Түркістан — адалдық алаңы» жобалық кеңсе менеджерлері,  Түркістан облысының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментініе мамандары мен Арнайы мониторинг топ мүшелері қатысты.

     Бақылау жүргізу кезінде бірқатар кемшіліктер, атап айтқанда Тауке хан даңғылында орналасқан ЖК «Букебаев Ж»  дәріханасында «Кордиомагнил» 150мг №100 министрліктің бекіткен шектік бағасынан 132,99  теңгеге көтеріп, 1930 теңгеге, «Аспирин кардио» таблеткасы 100мг №28 79,02 теңгеге өсіріліп, 1350 теңгеден сатылғанды және Тауке хан даңғылында орналасқан  «Калмуратова»  дәріханасында «Флемоклав солютаб» таблеткасы 125мг+31,25мг №20 шектік бағадан 280,44 теңгеге қымбаттап, 2150 теңгеге, ал «Флемоксин солютаб» 250мг №20 таблеткалары 107,78 теңгеге өсіп, 2000 теңгеден сатылғандығы анықталды.

     Анықталған заң бұзушылықтар бойынша Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі №235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің (бұдан әрі-ӘҚБтК) 426 бабы 1  тармағына сәйкес — «дәрiлiк заттарды, медициналық бұйымдарды тіркеу және қайта тіркеу, өндiру, дайындау және олардың сапасын бақылау, сынау (зерттеу), әкелу, сатып алу, тасымалдау, сақтау, таңбалау, дәрілік заттарға белгіленген шекті бағаларды асырып жіберуді қоса алғанда, өткізу қағидаларын, сондай-ақ қолдану (пайдалану), қамтамасыз ету, жою, жарнамалау қағидаларын бұзу, егер бұл адамның денсаулығына зиян келтiруге алып келмесе» –  әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.

ДӘРІХАНАЛАРДАҒЫ БАҒА ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНА ТҰРАҚТЫ ТҮРДЕ МОНИТОРИНГ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ 1 ДӘРІХАНАЛАРДАҒЫ БАҒА ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНА ТҰРАҚТЫ ТҮРДЕ МОНИТОРИНГ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ 2 ДӘРІХАНАЛАРДАҒЫ БАҒА ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНА ТҰРАҚТЫ ТҮРДЕ МОНИТОРИНГ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ 3

       Осы орайда, Түркістан облысының тұрғындарының назарына  дәріханалардағы дәрі-дәрмек құнының негізсіз көтерілгендігін байқаған жағдайда,  109, 102 және Агенттіктің 1424 Call орталығына немесе +7776-837-09-00 нөміріне Whatsapp қосымшасы арқылы дәріхана атауы мен орналасқан жерін және дыбыс пен бейнематериалдарды қосымша жіберуге болатындығын хабарлаймыз!

Latest news

ЖЕР МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША

 Үстіміздегі жылдың 30 наурыз күні Сызған, Созақ ауылдық округтері мен Таукент кентінде аудан прокуратурасының прокуроры Б.Бейсембай мен аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің маманы Е.Айтжанның...

Карантиндік шектеу шаралары күшейтіледі

Апталық аппарат отырысында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев коронавирустың таралуына жол бермеу үшін Түркістан облысында карантиндік шектеу шараларын күшейтуді тапсырды. Алдағы мерекелік күндері халықтың шоғырлануына...

Елбасы Ұлттық банк төрағасын қабылдады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан экономикасының 2021 жылғы дамуы жөніндегі...

Темірден түйін түйген

Сызған ауылында туып-өскен Қанаев Жұмағали ағамыз ( бұл кісіні барлығы "Жұман " деп атайды) темірден түйін түйеді. Мектепті бітіргеннен кейін ауылдағы гаражға жұмысқа тұрғаннан...

Related news