Биыл 70 нысан пайдалануға беріледі

Отандық және шетелдік белді құрылыс компаниялары Түркістан қаласында тұрғындардың таңдауына сай, сан түрлі үлгідегі баспаналар тұрғызып жатыр.

Жыл соңына дейін Түркістанда 70 нысан пайдалануға тапсырылады. Нәтижесінде 2430 отбасы баспанамен қамтамасыз етіліп, 3604 жеке жер учаскелеріне инфрақұрылым жүргізілетін болады.

Қаланың сәулеттік келбетіне баса мән беретін өңір басшысы Ө.Шөкеев мердігерлермен кездесу кезінде көпқабатты тұрғын үйлердің сыртқы қасбетін әрлеуді жүктеп, жұмысты жауапкершілікпен атқаруды міндеттеді.

2020 жылы «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасының аясында мемлекеттік бюджет есебінен 158 нысанның құрылысына 36,6 млрд. теңге бөлінді. Оның ішінде 40 арендалық тұрғын үй құрылысы бар. Қазіргі таңда 30 инженерлік инфрақұрылым нысандары, 88 кредиттік тұрғын үй құрылысы жүріп жатыр.

Мемлекеттік бюджет есебінен сатып алу құқығынсыз арендалық 40 көпқабатты тұрғын жайлардың құрылысы да қарқынды жүруде. Жыл соңына дейін 978 пәтерлі 18 тұрғын үйді пайдалануға тапсыру жоспарланып отыр. Сондай-ақ, әлеуметтік кредиттік тұрғын үйді дамыту бағытында 7 қабатты 48, 72 және 84 пәтерлі 24 тұрғын үйдің құрылысы қолға алынған. 1452 пәтер жыл соңына дейін тапсырылады.

Құнды қағаздарды сату есебінен (облигация) Түркістан қаласы әкімшілік іскерлік орталығында жаңадан 7, 9 және 12 қабатты 64 тұрғын үй салынып жатыр. 3987 пәтерлі көпқабатты үйлердің құрылысын жүргізуге 4,25%-бен 14,2 млрд. теңге бөлінген. Облыстағы мемлекеттік «Нұрлы жер» бағдарламасының сапалы орындалуы қатаң бақылауға алынған.

Latest news

ЖЕР МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША

 Үстіміздегі жылдың 30 наурыз күні Сызған, Созақ ауылдық округтері мен Таукент кентінде аудан прокуратурасының прокуроры Б.Бейсембай мен аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің маманы Е.Айтжанның...

Карантиндік шектеу шаралары күшейтіледі

Апталық аппарат отырысында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев коронавирустың таралуына жол бермеу үшін Түркістан облысында карантиндік шектеу шараларын күшейтуді тапсырды. Алдағы мерекелік күндері халықтың шоғырлануына...

Елбасы Ұлттық банк төрағасын қабылдады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан экономикасының 2021 жылғы дамуы жөніндегі...

Темірден түйін түйген

Сызған ауылында туып-өскен Қанаев Жұмағали ағамыз ( бұл кісіні барлығы "Жұман " деп атайды) темірден түйін түйеді. Мектепті бітіргеннен кейін ауылдағы гаражға жұмысқа тұрғаннан...

Related news