«Birgemiz» қоры белсенділік танытты

«Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің аймақтарға сапары осы аптада Оңтүстік өңірде жалғасты. Ол алдымен ат басын Түркістанға тіреді.

«Мемлекетіміздің Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың осыдан екі жыл бұрын Түркістанды жаңғырту туралы қабылдаған шешімі еліміз үшін үлкен тарихи оқиға болды. Түркі әлемінің маңызды рухани орталықтарының бірі – киелі көне қала жаңа мәртебеге ие болғаннан кейін алып құрылыс алаңына айналды. Қысқа мерзім ішінде түлеп, адам танымастай болып өзгерді.

Таяуда ғана қаладағы жаңа нысандарды аралаған кезінде Елбасы «Түркістанның ауқымды құрылысы тұтас өңірдің экономикалық дамуына зор септігін тигізіп отыр» деп атап өткен болатын. Сондай-ақ, ол тұрғындардың өмір сүруіне жайлы жағдай жасаудың маңыздылығын да атап көрсетті. Бұл тапсырма партияның сайлауалды бағдарламасында көрініс тапты» деді Б.Байбек.

Партия Төрағасының бірінші орынбасары Түркістан облысына сапары барысында жұртшылықпен және үкіметтік емес ұйым өкілдерімен бірге «Nur Otan» партиясының өңірлік және қалалық сайлауалды бағдарламаларының жобаларын талқылады.

Оның айтуынша, облыс тұрғындарынан 560-тан астам ұсыныс түскен. Оның ішінде ауыл шаруашылығын, коммуналдық инфрақұрылымды дамыту, жолдарды жөндеу және абаттандыру, білім беру мен денсаулық сақтау сапасын арттыру мәселелері бар. Барлық өтініш зерделеніп, бағдарламаны пысықтау кезінде ескеріледі.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен «Birgemiz» қоғамдық қоры Достық ауылының тұрғындарына арнап 20 үй салуға 340 миллион теңге бөлген еді. Су басу салдарынан зардап шеккен Мақтаарал ауданына арнайы барған Бауыржан Байбек бұдан соң партия филиалының басшысы, облыс әкімі Ө.Шөкеевпен бірге Мырзакент кентіндегі жаңа қоныстанушыларды айтулы қуаныштарымен құттықтады. Саманнан емес, газоблоктан салынған көлемі 100 шаршы метрлік 4 бөлмелі үйлер қоныстанушылардың көңілінен шықты. Сондай-ақ, қор қаржыландыруымен Фирдоуси ауылының тұрғындарына арнап салынып жатқан тағы 12 үйдің құрылысы қараша айының басында аяқталады.

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың үндеуіне қолдау білдіріп, мақтааралдықтарға гуманитарлық көмек, оның ішінде азық-түлік, жеке гигиеналық заттар, киім-кешек, төсек-орын жабдықтары мен құрылыс материалдарын жіберген барша партия мүшелеріне алғысын айтқан Б.Байбек жігерлі жастар мен белсенді волонтерларға ризашылығын білдірді.

«Су басқан өңірде 500 жасотандық бөгеттер көтеруге, азық-түлік жеткізуге және басқа шаруаларға тікелей көмектесті. Қиын-қыстау кезеңде бір-біріне қол ұшын беріп, қолдау көрсету – биік азаматтық пен жауапкершіліктің, қоғам кемелдігінің үздік үлгісі!» деді ол.

«Оңтүстік Қазақстан» газетінен

Latest news

ЖЕР МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША

 Үстіміздегі жылдың 30 наурыз күні Сызған, Созақ ауылдық округтері мен Таукент кентінде аудан прокуратурасының прокуроры Б.Бейсембай мен аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің маманы Е.Айтжанның...

Карантиндік шектеу шаралары күшейтіледі

Апталық аппарат отырысында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев коронавирустың таралуына жол бермеу үшін Түркістан облысында карантиндік шектеу шараларын күшейтуді тапсырды. Алдағы мерекелік күндері халықтың шоғырлануына...

Елбасы Ұлттық банк төрағасын қабылдады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан экономикасының 2021 жылғы дамуы жөніндегі...

Темірден түйін түйген

Сызған ауылында туып-өскен Қанаев Жұмағали ағамыз ( бұл кісіні барлығы "Жұман " деп атайды) темірден түйін түйеді. Мектепті бітіргеннен кейін ауылдағы гаражға жұмысқа тұрғаннан...

Related news