Бірегей білім ұясы

 Ауданымыздың алып аумағы бойынша білім ошағының уығын алғаш шанышқан – қазіргі Ы.Алтынсарин  атындағы  орта  мектеп.

 Сонау 1906 жылы орыс – қазақ мектебі болып ашылған, 1913 жылы осы мектептің қабырғасында діни  оқу мектебі қатар ашылып оқушыларды имандылық –инабаттылық иірімдеріне баули бастаған. Бұл мақсатқа үш мұғалім тартылып, қалың бұқара санасын діни сәулемен нұрландыруға  мейлінше күш салған. 1919 жылы қазақ – өзбек мектебі болып қайта құрылып, сабақ араб қаріпімен оқытылды. 1925 жылы Луначарский есімі беріліп, мектеп ауқымы кеңейіп, 200 – ге жуық бала білім алып, мұғалімдер қатары өсе түсті. 1933 жылға дейін алғашқы ресми директоры болып жерлесіміз Б. Байтұрсынов тағайындалды, 1933 жылдан бастап Зәйніш Уалиев мектеп басшылығына ұсынылды. Содан бері бүгінге дейін  оннан астам  мектеп директоры аудандағы тұңғыш оқу ошағының дәл бүгінгі дей өркендеуіне өз өлшеусіз үлесін қосты. Мектепте пионер ұйымы 1919 жылы  құрылып, аға пионер жетекшісі болып Б. Құнанбаев сайланды. 1924 жылы комсомол ұйымы құрылып, оның жетекшісі Иса Сәбденов болды. 1940 жылы Шолаққорған  орталау, 1941 жылы Шолаққорған  орта  мектебі атанды. 1960 – 1962 жылдар аралығында жаңа мектеп  құрылысы  салынып, мектеп  жаңа  сәулетті мекенге қоныс аударды. 1962 жылдан бастап ұлы ағартушы Ы. Алтынсарин есімін алып, аудандағы №1 орта мектеп  болып  келді. Осы  жылдар аралығында санағанда 61 оқушы алтын, 75 оқушы күміс медальмен  мектепті  тәмамдап, өмірге  жолдама  алды. Нақ қазіргі тұста жан – жақты жабдықталған оқу бөлмелерінде 729 оқушы білім  алып жүрсе, 85 мұғалім дәріс береді.Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп басшылығында бергі жылдары Сейілбек Наурызбаев, Нұрділда Сейділдаев, Кенжеғұл Құрманұлы, Жарқын Бекпенбетов, Төлепберген Бекқұлиев, Галия Әміреевалар қызмет етті. Қазіргі таңда мектепті білімді, білікті, іскер басшы Серғали Мәлікайдаров басқарады.

 Мектепке еңбегі сіңген ұстаздар қатарында  Д. Сүлейменова, Ү. Қожабекова, С. Ерманова, Р. Аштарханова, С. Әдішова, М. Тілеуімбетова, Г. Елеусізова, Г. Қалметова, С. Түбекбаева, Р. Мұқашова, Г. Әуезова, Н. Кенжеғараева, Ә. Омаров, С. Көлшікбаев, Г. Тоқсанова, Н. Рахышовалардың есімдерін атар едім. Мектепте білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін жетілдіру жұмысы жүйелі түрді жүргізілуде. Білім сапасын бағалаудың ұлттық жүйесінің мақсаты – білім жүйесін халықаралық білім кеңістігіндегі бәсекелестігін қамтамасыз ететін білім сапасының дәрежесігне қол жеткізу.Білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау болып табылады.Мектеп жұмысының негізгі басым бағыттары өзін -өзі бағалауы мен өзара бағалауды, сондай-ақ сыни бағалау тәсілдерін жетілдіру және топтық жұмыс көмегімен дискрипторлар мен рубрикаторларды құрастыру, білім сапасын арттыру, АКТ қолдану барысында мұғалімдерге қолдау көрсету, интербелсенді тақта және сыныптағы әрекеттестікті дамыту, сабақта АКТ тиімді және сауатты қолдануды қаматамасыз ету деп білемін. Мектеп жетістіктеріне тоқтала кетсем Елеусізова Зауре Куатбековна «Білім берудегі инновация мен тәжірибе: уақыт талабы» тақырыбындағы білім беру қызметкерлерінің ІІ Республикалық педагогикалық оқуларына қатысып, «ПРИЗНАНИЕ» номинациясына ие болғаны үшін СЕРТИФИКАТПЕН марапатталған. Биология, химия кабинеттері республикалық бюджет есебінен толықтай жабдықталған. Мултиьмедиа кабинеті республикалық бюджет есебінен толық жабдықталып,  30- моноблок, 22-персональды компюьтер, 13 ноутбукпен жабдықталған.2011-2012 оқу жылында демеушілік есебінен математика кабинеті интерактивті тақтамен жабдықталып, Рая Қуанованың есімі берілді.2013-2014 оқу жылында демеушілік есебінен орыс тілі кабинеті интерактивті тақтамен жабдықталып, Бектаева Зоя Мұсылманқұлқызының  есімі берілді.2014-2015 оқу жылында  аудандық бюджет есебінен 4 интерактивті тақтамен жабдықталды.Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасымен» Архабаева Күнайым Базарқызы марапатталған.1991 жылдан бүгінгі аралықта мектепті «Алтын белгі» және «Үздік аттестатпен» бітірген оқушылар Омарова Толқын Әбдірахманқызы, Махашбаева  Салтанат, Махашбаев Бағдат, Адырбек Рамазан, Бимендиева Жансая, Нағитегі  Жазерке, Сапақ Айгүл Дарханқызы, Шекербек Аружан Асқарқызы, Алтынбекова Риза Романқызы, Амангелдина Айнат Арманқызы, Қуанышова Майра Мейрамбекқызы «Алтын белгі» иегерлері болды. Сержанова Лаура, Қасымбек Арман Нұрболұлы, Шамшидин Шоқан Рахманбердіұлы, Алтынбекова Райяна Романқызы, Дулат Шолпан Бауыржанқызы, Аманжол Роза Төлбасықызы, Әлиева Асылзат Маратқызы – «Үздік аттестат» иегерлері атанды.Менің бітірген оқу орным Абылай хан атындағы Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, шет тілдерінің педагогика факультетін бітірдім. Магистратурада Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде білім алдым. Осы Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебіне 2019 жылы «Sitcen» жобасы арқылы ашық түрде және тұрақты жұмысқа қабылдандым.Алдыңғы аға толқын ұстаздардан үйренерім көп. Ол кісілерде барынша мен сияқты жас мұғалімдерге білгенін үйретіп зор қамқорлық танытуда. Сол себепті де ұстаздарымды мәртебелі мамандық саналатын ұстаздар күнімен шын жүректен ыстық ықыласпен құттықтаймын!

Назерке ӘЛЕН,

Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімі

Latest news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...

Related news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...