Бір өлеңнің тарихы

Сәуірбек Бақбергеновтің туылғанына 100 жыл

Наурыз айында С.Бақбергеновтің ұлы Қайрат көкеміз жазушының өз қолымен жазылған қолжазба өлеңін жіберген болатын.Бірақ Айнаның кім екенін, өлеңді кімге арналып жазылғанынан бейхабар екендігін айтты. Жазушының  соғысқа дейін өлеңдер шығарғанын естіп, іздестіргенмен таба алмадық. Жақында  қолыма алған “Кентау” романын оқып отырып, Айна атты қыз есімін кездестірдім. Дереу  Айна жөнінде білуге  құмарлығым, кітапқа қызығушылығым арта түсті.Төмендегі өлең кездесе  ме деп, дереу ары- бері ақтардым. Өлең жоқ. Бірақ өлеңнің мазмұнына қарап, мен іздеген Айна осы деп топшыладым. Романның басты кейіпкері Хантағы шахтасының озат шахтёры Қамбарбек Жаппарқұловтың бір ұлы мен бір қызы болады. Ұлы Бекзат майданда ерлікпен қаза тапқандығы жайлы қаралы хабар  келуінен басталған роман екі оқтың бірін шығарып тұрған өндіріс пен үрейлі, бірақ жеңіске деген үмітті ауыл өмірі тіршілігімен қабысып,  оқиға өрби береді. Бұл кезде Қамбарбектің жалғыз қызы Нұрби  Алматы медицина институтында оқып жүреді. Алғашында қызды перзент ретінде мойындамайтын кісінің жаны  қатты күйзеліп, Нұрбидің бар екенін көңілге медеу тұтады. Ағасын естіртудің ретін таппай, анасы ауырып жатыр дегізіп, алдырады. Нұрби келді деген соң,  қайғысына ортақтаспақ болып, Айна да келеді. Айна-Бекзаттың бірінші сыныптан бастап бірге оқыған ерекше тату құрбысы еді. Балалар бұл екеуін “Қозы мен Баян”,  “Төлеген мен Жібек” дейді екен. Бірақ Бекзат оған ішкі сезімін білдіріп үлгермеген еді. Майданға бара жатып,  ең соңғы қоштасқан кезінде,  бір-біріне ұзақ қараған екі жастың бірінші болып, жүрегі діріл қаққан Бекзаттың “Күтесің бе?” –деген сұрағына “Ия” деп жауап беріп, болашақ жарын күтіп жүрген Айна еді. Әбден жылауы басылып,  ішкі шерін тарқатып алған анасы ең алдымен Айнаға қарайды. Баласының досына,  оның бет ажарына, көңіл-күйіне зер тастады.Үлбіреген ақ сары,  сүйкімді, орта бойлы,  әсем киінген қыз бала мұны сезе қойып, төмен қарап,  көйлегінің етегін жұмарлай береді. Бекзаттың анасының мұнтаздай тап-таза қызға қарап отырып, көңілі қайта бұзылады: “Бір емес екі қыршыннан айрылыппын ғой, бірінен өлідей,  бірінен тірідей”. Айна темір жол вокзалына Нұрбиді бір өзі шығарып салады. Москва-Алматы пойызына мінген Бекзаттың қарындасы Нұрби бойына бар күшін жинап ап, Айнаға:-Сау-саламат бол! Бағыңды байлама,  Айна!-дейді. Менің пайымдауымша,  жазушы романды қайта басып шығару кезінде осы өлеңді қосу ойында болған секілді.

Айнаға айтқан ақ бата

Бұл дүние айдын көл ғой,  мұнар тартқан

Қосылып көк тасымен шалқып жатқан

Сен жүзген сол бір көлде қоңыр үйрек

Белгісіз тауға қарай қанат қаққан.

Сен әлі ұшасың да,  қонасың да,

Қанатың қатая кеп, толасың да.

Білмеймін қайда, қащан қонарыңды,

Бір көлге бауыр басып қаласыңда.

Тілеймін сені самғап ұшса екен деп,

Қолыңа тәуір жігіт түссе екен деп.

Алыс па,  әлде жақын кім біледі,

Мөп-мөлдір тұнық көлге қонса екен деп.

Білгенге тәуір тілек жарым ырыс,

Адасып ашық күнде кетпе бұрыс.

Аруағына Хауаның сиынып тұр,

Сол сені жолға бастар,  жібі дұрыс!

Аңқаусың,  адал жансың,  ерке назды,

Ақыл бар мөлдіреген,  үнің сазды.

Көкелік тілегім сол саған айтар,

Әйтеуір болып кетпе,  шөлдің қазы!

Бауырым, алқоңырым, сұқсыр үйрек,

Өзіңдей жан туады, некен-саяқ.

Жар тауып, жақсы тауып, теңіңе ти,

Ол саған қамыққанда болсын тірек.

Ұшады қоңыр үйрек көл жағалай,

Мұздан да ер өтеді, ат тағалай.

Бетіңнен жарылқасын, қолдай жүрсін,

Жүрерсің ақылыңмен жер сағалай.

….Кейін Айна тұрмысқа шығады. Қамбарбек жұмыс жағдайында оның күйеуін өлтіреді. Өзі мойындап, жазаланады. Өкініштісі сол, өлді деген Бекзат елге оралады.            Бибіқадиша  Шайхслам,

            С.Бақбергенов  атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімі

Сәуірбек атама
Биігіне жетелеген арманы,
Күрескен ғой өмірі үшін алдағы.
Қиындықтың қарсы тұрған бәріне,
Құстай самғап, ақ қанаты талмады.

Бағы үшін ұрпағының бәрінің,
Қымбат болған бәрінен де ары тым.
Нағыз үлгі тұтарлықтай бабамыз,
Келешектің айқындаған бағытын.

Еңбек етіп, аянбастан елі үшін,
Мынау байтақ далам үшін, жер үшін.
Бағдар болған қанат жайған жастарға,
Өмірінің көру үшін жемісін.

Жүрегіне жиып алған жақсыны,
Шынайылықтың жанашыры, тақсыры.
Қараң болып қалмау үшін қазағым,
Таба білген, жоқ нәрсені тапшыны.

Толықтырып бағалы әдебиетті,
Сөзі ғажап, өзі де мәдениетті.
Жүрегінде сақтаған қазақтығын,
Ол да бір құндылық қой ғанибетті.

Сәуірбек Бақбергенов ұлы адам,
Осындай есім берсін оған қоғам.
Қаhарман қару ұстап елі үшін,
Ерлігін паш еткендей далам саған.

Тарту еткен Жаратқан қысқа ғұмыр,
Татулық болған екен ұстамы бір.
Сәуірбек Бақбергенов шабытпенен,
Сізге арнаймын әуелі нұсқалы жыр.

Қарақат Ерболқызы,

С.Бақбергенов атындағы орта мектептің оқушысы

Latest news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...

Related news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...