Бар мейірім — балаларға

«Адам баласынан мейірім қашса, жер бетінен жақсылық қашады» — деген екен данышпан халқымыз. Қазіргі бала тәрбиесінде жүректі ізгілендіру, жүректі нұрландыру арқылы адам жанына әсер ету үрдісі кең қолданылып келеді. Кезінде Абай атамыз да өзінің қара сөздерінде «Тірі адамның жүректен аяулы жері жоқ» — деген. Адамшылық, мейірбандық қасиетті бойына сіңіріп, әрбір адам баласын «өз бауырым» деп ойлауы керек. Мейірімділік дегеніміз не? Мейірімділік – ол басқалардың игілігі үшін қамқор болу. Мейірімділік адамдармен, жануарлармен, табиғат пен қарым-қатынаста байқалады. Шынайы мейірімді болу-өзіңнен гөрі адамдар мен айналаны қоршағандарға қамқор болу дегенді білдіреді. Ол рақымшылдық пен аяушылық. Мейірімді кісі әрқашан басқаларға көмекке келіп, әр кез жақсылық жасағысы келіп тұрады. Ботасынан айрылған аруана сай-сүйегіңді сырқыратып, төбе құйқаңды шымырлатып боздағанын естідіңіздер ме? Бір сәт елестетіп көріңіздерші. Жерде жетім жыласа, көкте періште қайғырады. Қыз баланың адамгершілігі, тәрбиелілігі, сұлулығы сыртқы көрінісінен ғана емес, ішкі көрінісімен тең болу керек. Қазақ қыздарының нәзік жаны мейірімділік, қамқорлық аясында өсіп, ілтипаттылық, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу мінезі қалыптасуы керек. Бала кезінен-ақ ата-анасын, бауырларын, ұстаздарын сыйлай білу, халқын, жерін, тілін, салтын қадірлеу өз шаңырағын ардақтай білу.

Мейірімділік — адамның өзге біреуге жылылығын, ізгі ниеті мен лебізін білдіру көрінісі. Мейірімділік адамдар арасындағы сыйластық, кең пейілділік, жанашырлық, ізгі ниет секілді қасиеттерге негізделеді. Мейірімділік адамның жоғары адамгершілік белгісі ретінде оның бүкіл тыныс-тіршілігін, жан дүниесін жадырататын, шат-шадыман тіршілігі үшін қажетті аса маңызды қасиеттің бірі болып саналады. “ Мейірімділік, махаббат, қайырымдылық, адалдық секілді ақ жүректен шығады” (Шәкерім). Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде мейірімділік адамдар арасындағы адамгершілік, ізгілік пен ізеттілік, имандылық пен инабаттылық секілді асыл қасиеттермен үндестік тапқан. Ж.Баласағұн “кір тигізбей ұста ойыңның өресін, мейірім етсең — мейірімділік көресің” деп, мейірімділікке зор мән берген.

Баланың жанарындағы мұңды өшіріп, жүрегіне нұр сыйлау оңай іс емес. Оған тек балаға деген кіршіксіз махаббат пен мейірім болу керек. Бұл қасиеттер баласын бауырына басып, болашағын жарқын еткен ата-аналарға тән.

Олардың жасаған әрекетіне деген көзқарасыңыз бен баланың өзіне деген махаббаттың ара жігін ажырата біліңіз. Жай сөзбен айтқанда: «Мен сені жақсы көремін, бірақ мына жасағаның маған ұнамайды» деп айтыңыз. Балаңызды өзіңізбен бірге ертіп, көмекке зәру адамдарға қол ұшын созып, мұқтаж жандардың көңіл-күйлерін көтеруге ат салысыңыз. Балаға өзін қоғамға керек екенін түсініп, сезінуіне мүмкіндік беріңіз. Сондай-ақ, жағажайлар мен саябақтарды тазалауға арналған жиындарға қатыстыру да жақсы шешім. Араласып жүрген дос-жарандарыңыздан басқа адамдарды қонаққа шақырыңыз. Баланы әлемі бөлек ортаға ертіп барыңыз. Балалары қабілетті, көпбалалы, үлкен отбасыға немесе ұлты, діні басқа адамдардың ортасына және тағы да басқа. Балаңызға мейірімді болу, адамдарға түсіністікпен қарау жайлы әңгімелеп беріңіз. Оған мектепте, басқа жерде орын алатын келеңсіз жағдайлардың мейірімді болып қалуға еш әсерін тигізбейтіндігін жеткізіңіз. Баламен ашық, еркін түрде сөйлесіңіз.

Жоғарыда айтқанымыздай аталған мейірімді бала тәрбиелеудің жолдары күнделікті өмірде қолдануға болатын, аса қиын нәрселер емес. Балаға деген мейірімділікті жоғары деңгейде ұстап, ұрпағымыз ұлағатты, мейірімді, адал және де жанашыр болсын десек, бала кезінен мейірімділікке баулып, адалдыққа үйреткеніміз абзал.

Рахат Сағындықов, Созақ аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскері.

Latest news

РЕФЕРЕНДУМ — БІЗГЕ БЕРІЛГЕН МҮМКІНДІК!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев саяси жүйені жаңғыртып, мемлекеттік басқару ісіне, заң шығару процесіне өзгерістер енгізуді бастап кетті. Оның айқын дәлелі ретінде 5 маусым күні...

Халықтың мемлекетті басқару ісіне араласу мүмкіндігі кеңейеді.

5 маусымда Қазақстанда бүкілхалықтық референдум өтеді. Референдумға шығарылатын мәселе – Конституция нормаларына енгізілетін өзгерістер. Қазақстандықтар Жаңа Қазақстанның Негізгі Заңын өздері қабылдау арқылы мемлекеттің қоғамдық-саяси...

Важный шаг cделанный на благо страны

Как известно, на XXXI сессии Ассамблеи народа Казахстана, которая прошла под девизом «Единство народа – основа обновленного Казахстана», Президент Касым-Жомарт Токаев предложил провести 5...

РЕФЕРЕНДУМ ТЕҢДЕЙ МҮМКІНДІККЕ БАСТАМА

Береке-бірлігімізді сақтамасақ, жетістіктеріміздің бәрінен айырылып қалуымыз мүмкін, қаңтардағы дүрбелең кезінде бұған көзіміз анық жетті, деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Бұл оқиғалар ел дамуын жаңғыртуға жаңаша серпін...

Related news