Балабақша – бақыт баспалдағы

Барлық білімнің бастауы – балабақшада. Балабақша – бақытты балалық ордасы. Еліміздің нағыз патриот азаматын тәрбиелеп өсіру негіздерін қалыптастыратын тұңғыш мектеп – ол балабақша. Балабақша келер ұрпақты еңбекке, өнер-білімге, елінің ар-намысын қорғауға және ізгі адамгершілік ниеттерге баулиды. Бұл білім ұясы келешек ел басқарар, жер суына иелік етер, ел халқын гүлдендірер, мерейін өсіріп, мәртебесін биіктетер жасампаз жандарды шыңдап өмірдің ең басты сатысын қалайтын киелі ұя.

Еліміздің жарқын болашағы жастар дейтін болсақ, жастарымыздың тәлім-тәрбиесі алдымен отбасынан, онан соң алғашқы баспалдақ – балабақшадан басталатыны анық. «Тәрбие – тал бесіктен» деп қазақ бекер айтпаса керек.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен жаңа жыл мерекесіне орай аудан орталығы Шолаққорғанда орналасқан «Айшуақ» бөбекжай-балабақшасында жуырда «Қызғалдақ» тобының тәрбиешілері Күмісай Сапарбаева мен Айсұлу Елшібекованың ұйымдастыруымен аталған топта «Даярлық патшалығы» тақырыбымен семинар өткен болатын.

Аталған семинарда «Қызғалдақ» тобының тәрбиеленуші бүлдіршіндері өздерінің өнерлерін ортаға салып, бірі ән айтса, енді бірі би билеп, кештің көрігін кіргізді.

-Балабақша ұжымы әрдайым келешек ұрпақтың тәрбиелі болып өсуіне қызмет етіп келеді. Балабақшамыздың жақсы жетіктерге жетуі әрбір тәрбиешінің өз еңбегінің нәтижесімен, жаңалығымен, біліктілігімен және білімділіктерімен келген дүниелер деуге болады. Біздің ұжымның әрбір қызметкерінің басты міндеті – күнделікті тәрбиеленуші бүлдіршіндерге бақыт сыйлау. «Үйренер нәрсең – білім мен мейірімділік» деп Жүсіп Баласағұн айтқандай, балабақша ұжымы әрбір күнін ізденіспен өткізеді. Балабақшамыз «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы» бойынша оқу-тәрбие жұмыстарын қазақ тілінде жүргізеді. Балабақшамыздың көптеген жетістіктері бар. Бүлдіршіндеріміздің ата аналарының айтуларынша біздің «Айшуақ» балабақшасы балалардың саялы мекені, — дейді «Қызғалдақ» тобының тәрбиешілері.

Бүгінде жергілікті тұрғындарға сапалы қызмет көрсетіп, бүлдіршіндерімізге тәлімді тәрбие беріп отырған «Айшуақ» бөбекжай-балабақшасының ұжымына айтар алғысымыз шексіз. Ел болашағы деп білетін бүлдіршіндерімізді тәрбиелеу жолындағы еңбектеріңіз еленіп, жұмыстарыңыз жандана берсін.

Әлия Үсенова, ата-ана.

Latest news

РЕФЕРЕНДУМ — БІЗГЕ БЕРІЛГЕН МҮМКІНДІК!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев саяси жүйені жаңғыртып, мемлекеттік басқару ісіне, заң шығару процесіне өзгерістер енгізуді бастап кетті. Оның айқын дәлелі ретінде 5 маусым күні...

Халықтың мемлекетті басқару ісіне араласу мүмкіндігі кеңейеді.

5 маусымда Қазақстанда бүкілхалықтық референдум өтеді. Референдумға шығарылатын мәселе – Конституция нормаларына енгізілетін өзгерістер. Қазақстандықтар Жаңа Қазақстанның Негізгі Заңын өздері қабылдау арқылы мемлекеттің қоғамдық-саяси...

Важный шаг cделанный на благо страны

Как известно, на XXXI сессии Ассамблеи народа Казахстана, которая прошла под девизом «Единство народа – основа обновленного Казахстана», Президент Касым-Жомарт Токаев предложил провести 5...

РЕФЕРЕНДУМ ТЕҢДЕЙ МҮМКІНДІККЕ БАСТАМА

Береке-бірлігімізді сақтамасақ, жетістіктеріміздің бәрінен айырылып қалуымыз мүмкін, қаңтардағы дүрбелең кезінде бұған көзіміз анық жетті, деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Бұл оқиғалар ел дамуын жаңғыртуға жаңаша серпін...

Related news