Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында елді мекендерді күл-қоқыстардан тазарту жұмыстары жүргізілді.

Шара барысында Жартытөбе елді мекеніндегі қатты тұрмыстық қалдықтарды тастайтын орын мен елді мекендегі қоқыстар толықтай тазартылса, Аққолтық елді мекенінің шығыс жақ бөлігінен жалпы ұзындығы 1,8 шақырымды құрайтын тасқын суының алдын алуға арнайы бөгет жасалынды. Сонымен қатар Бабата елді мекеніндегі Ысқақ баб кесенесінің шығыс жағында ретсіз төгілген күл-қоқыстар арнайы шұңқырға көмілсе, тау бөктеріндегі күл-қоқыстар ауыл азаматтарының қолдауымен арнайы техникаға жанар-жағар май құйылып тегістеді. Жалпы күл-қоқыстан тазарту жұмыстарына 20-дан астам әкімшілік қызметкерлері, ауыл азаматтары мен 7-8 ауыр жүк көлік машиналары жұмылдырылды.

Осы жұмыстарды ұйымдастыруға арнайы техника бөлуге ықпал еткен аудан әкімі Полатов Салыхан Сабырұлына және көршілес Сарысу ауданы «қаратау» тау-кенң өңдеу кешенінің директоры, халық қалаулысы Мұратқали бақыткерейұлы Сәрсенковке, техниканы басқарып күні-түнімен істің басы-қасында болған Таймұратов Мыңбай Тұзақбайұлына ауыл тұрғындарының алғысы шексіз….

«Ерім дейтін елім болмаса, елім дейтін ер қайдан тусын» деген ұлы ақынның сөзі осы сәтте еске түсіп, қасиетті рамазан айының ішінде осындай иігілікті шаралар жасап ұйымдастырған ауыл әкімі Есенқабыл Болатқа алдағы жұмыстарына сәттілік тілеп, алар биік асулары көп болсын демекпіз!

Жартытөбе ауылдық ардагерлер ұжымы атынан, зейнеткер Е.Есбайұлы.

Latest news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...

Related news