Ауыл әкімдігінің жаңа ғимараты ашылды

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейлі мерекесіне орай Түркістан облысы, Созақ ауданында Шу  ауылдық округі әкімдігінің жаңа ғимараты пайдалануға берілді.
Нысанның ашылу салтанатында Созақ ауданының әкімі Салыхан Полатов ауыл тұрғындарын Тәуелсіздік меркесімен құттықтап: «Шу– татулығы жарасқан, береке-бірлігі артқан ауыл. Тәуелсіздік мерекесінде Шу ауылы округінде жаңа әкімдік ғимаратының құрылысы аяқталып, ашылып отыр. Ауылға көрік беретін жаңа қоныс құтты болсын»,- деді.
Сондай-ақ, аудандық мәслихаттың төрағасы Бегімбет Байғараев жылы лебізін білдірді. Ауыл ардагері Бейсенбі Дастанов, Мұхамбетәлі  Шешенқараев, ауыл әкімі өз аппараты ұжымы елдің әл-ауқатын арттыру бағытында жігерлі жұмыс істей беретініне сенім білдіріп, ауыл халқының атынан аудан әкіміне ризашылығын жеткізді. Іс-шара барысында ауылдың өсіп-өркендеуіне үлес қосып жүрген азаматтарға аудан әкімінің алғыс хаты тапсырылды.
Шу ауылында тұрғындар 24 сағат таза ауыз сумен қамтылған. Жаппас Қаламбаев атындағы 150 орындық, екі қабатты заман талабына сай мектебі бар. Орталық мешіт пен мәдениет үйі халыққа қызмет етеді. Балалар ойын алаңы мен кіші  футбол алаңы салынған. Ауыл балалары бала бақшамен қамтылған. Өткен жылы Тәуке хан және Әйтеке би көшесі асфальттанды. Бірнеше көшеге қиыршық тас төселді. Орталық көше жарықтандырылған. Шу ауылында осындай игі істер әлі де жалғасып келеді. Мұның бәрі тәуелсіздіктің арқасы екені сөзсіз.
Айта кету керек, әкімдік ғимаратының құрылыс жұмыстары биылғы көктемде басталды. Аудандық бюджет есебінен қаржыландырылып,  құрылыс жұмыстарын «Vek-Stroy-Com» ЖШС жүргізген.

Latest news

Таукент кентінде болды

Есептік кездесу белгіленген кестеге сай, Таукент кентінде өтті. Аудан әкімі Мұхит Тұрысбековтің халықпен кездесу жиынына, аудандық мәслихаттың депутаттары, тиісті мекеме, сала басшылары қатысты. Кент...

Құмкент ауылының халқымен жүздесті

Бекітілген кестеге сәйкес Жартытөбе ауылдық округіндегі халықпен кездесу жиынынан соң түс ауа аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Қызылкөл елді мекеніндегітұрғындармен кездесті. Мұхтар Әуезов атындағы білім...

Жартытөбе ауылы және Аққолтық елді мекенінің тұрғындарымен кездесті

Өздеріңізге белгілі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев "Барлық деңгейдегі әкімдер жыл бойы халықпен кездесулер өткізсін, олардың барысында халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге баса назар аудара...

Салық саласының қызметкерлері семинар өткізді

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы №802 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл...

Related news