Ауданымызда мал басын асылдандыру бойынша жиын өтті

Бүгін Созақ аудандық кәсіпкерлік бөлімінің ғимаратында мал басын асылдандыру бойынша жиын өткізілді. Жиынға Түркістан облысы аумақтық инспекция мал шаруашылығын асылдандыру бөлімінің басшысы Байдалиев Құралбай Оралұлы, Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының  бас маманы Дәулетов Мұсахан Әлмаханұлы, Созақ аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары Қанат Сұлтанғазиев, Кәсіпкерлер палатасы  және салаға жауапты мамандар мен шаруақожалық төрағалары қатысты.  Жиында асыл тұқымды мал басын көбейту, яғни етті және сүтті бағыттағы мал басын арттыра отырып, ауыл шаруашылығы саласын дамыту, мал шаруашылығын асылдандыру мәселелері,шаруаларға асыл тұқымды малдарды субсидиялау жолдары талқыланды.

Жиын барысында Құралбай Байдалиев, Түркістан облысы көлемінде асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытудағы Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі № 278 Заңының 16 — бабына, заң аясында жүргізілетін бонитeрлеу мен асылдандыру ісін ғылыми түрде іс — құжаттар тізімін және асыл тұқымды мал мәртебесін алу ұғымдарын толыққанды түсіндіріп өтті.

Облыстан келген ауыл шаруашылығы бөлімінің өкілдеріне, жиынға қатысқан агроқұрылым басшылары бірқатар сұрақтар қойып, ортақ мәселелерін талқылады.Жиынды аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары Қанат Сұлтанғазиев қорытындылап, аудан шаруаларына жаңа заңнамалар мен мемлекеттік бағдарламалар аясында жұмыс жасалатындығын жеткізді.

АРМАН АНАРБАЕВ, Түркістан облысының Кәсіпкерлер палатасы Созақ аудандық филиалының директоры

Latest news

Аудан әкімі қарттарға құрмет көрсетті

Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков 1-қазан Халықаралық қарттар күніне орай 90 жастағы Мами Дадабекұлы мен 91 жастағы Бәтжан Махажанқызының отбасына барып, мерекемен құттықтады. Сый-сияпат жасап,...

ТАҒАЙЫНДАУ!!!

РАЙЫМҚҰЛОВ ЕРЛАН БОЛАТХАНҰЛЫ аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы болып тағайындалды. Аудан әкімінің орынбасары Ақәділ Сатыбалды, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің жаңа басшысы Райымқұлов Ерлан...

Құттықтау!

Қарты бар елдің қазынасы мол Құрметтi аудан тұрғындары! Қадiрлi ардагерлер! Сіздерді 1 қазан - Халықаралық қарттар күнiмен шын жүректен құттықтаймыз! Біз қашанда «Үлкенге - құрмет, кішіден - ізден»...

Таукент кенті округі әкімі қызметіне кірісті

2022 жылдың 18 қыркүйек күні өткен Таукент кент округі әкімінің сайлау қорытындысына сәйкес Созақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 18 қыркүйек күнгі №118...

Related news