Ауданымызда Конституция күніне орай қос саябақ ашылды

 Аудан орталығы Шолаққорған ауылында Қазақстан Республикасының Конституциясы күні қарсаңында екі бірдей саябақ ашылды. Демалыс орнының біріне қазақтың ұлы ақыны, ағартушы, ғұлама ойшыл Абай Құнанбаевтың есімі берілді. Саябақта ұлы ақынның мүсіні бейнеленген зәулім ескерткіші орнатылған.

 Саябақтың жалпы аумағы 2 гектар жерді құрайды. Онда қазірдің өзінде 400 түп тал егіліп, айналасы абаттандырылған. Түрлі-түсті шамдар орнатылып, аяқ жолдар төселген. Алдағы уақытта жергілікті тұрғындардың жанға сая табатын сүйікті демалыс орны болмақ.

 Жаңа демалыс орнының салтанатты ашылуына аудан әкімі Салыхан Полатов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қабылбек Еспенбетов қатысып, жұртшылықты Конституция күнімен құттықтады. «Биыл ұлы ақын, Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толып отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 10 тамыз Абай күні болып белгіленді. Бұл ақынға көрсетілген үлкен құрмет. Бізде туған жер төсінен сәні мен салтанаты келіскен екі бірдей жаңа демалыс орнын ашып отырмыз. Бұл жер халықтың көңіл көтеріп, балалардың ойнайтын сүйікті орынға айналады. Баршаңызды келе жатқан Конституция күнімен құттықтаймын», – деді аудан әкімі.

 Екінші ашылған саябақ «Теріскей» деп аталады. Ел игілігіне пайдалануға берілген демалыс орнының аумағында 1000 түп тал егілген. Жалпы аумағы 4 гектарды құрайды. Саябақ ішіндегі бұлақ үстінде көпір салынып, жаяу жүргінші жолы төселген. Көпшілікке арнап соғылған төбесі жабық сәкілер де, саябаққа көрік беріп тұр. Алдағы уақытта мұнда көпжылдық гүлдер егіліп, балалар ойын алаңшасы мен аттракциондар ашылады деп жоспарланып отыр.

Нұрсұлтан Қанатұлы.

Latest news

ЖЕР МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША

 Үстіміздегі жылдың 30 наурыз күні Сызған, Созақ ауылдық округтері мен Таукент кентінде аудан прокуратурасының прокуроры Б.Бейсембай мен аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің маманы Е.Айтжанның...

Карантиндік шектеу шаралары күшейтіледі

Апталық аппарат отырысында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев коронавирустың таралуына жол бермеу үшін Түркістан облысында карантиндік шектеу шараларын күшейтуді тапсырды. Алдағы мерекелік күндері халықтың шоғырлануына...

Елбасы Ұлттық банк төрағасын қабылдады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан экономикасының 2021 жылғы дамуы жөніндегі...

Темірден түйін түйген

Сызған ауылында туып-өскен Қанаев Жұмағали ағамыз ( бұл кісіні барлығы "Жұман " деп атайды) темірден түйін түйеді. Мектепті бітіргеннен кейін ауылдағы гаражға жұмысқа тұрғаннан...

Related news