Аудандық сотта пікір алмасты

Созақ аудандық сотында осы құзырлы органның ұйымдастыруымен  карантин режиімін сақтай отырып, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды рәсімдеу бойынша әдістемелік ұсынымдар»  тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел модераторы  Созақ аудандық сотының төрағасы Нұрқазы Шетенов, әрі өзі шараны жүргізіп отырды. Дөңгелек үстелге Созақ  аудандық  прокуратурасының  прокуроры  М.Кабаев, Созақ АПБ-нен Е.Тәжі, Созақ аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасынан Е.Төребеков,  А.Өтепов,  Созақ орман  және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі КММ-нен А.Айтжан,  Созақ аудандық мемлекеттік  кірістер басқармасынан  А.Еденбаев және БАҚ өкілдері қатысып отырды. Дөңгелек үстелде «ӘҚБ туралы хаттамаларды рәсімдеу талаптары мен  сотқа өткізу тәртібі» тақырыбында  аудандық полиция бөлімінен  Е.Тәжі,«ӘҚБ туралы хаттамалардың рәсімделуін заңға сәйкес қадағалау және жіберілген кемшіліктер бойынша атқарылған жұмыстар»   тақырыбында Созақ  аудандық  прокуратурасының  прокуроры  М.Кабаев, «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнаманың мiндеттерi мен қағидаттары» тақырыбында Созақ орман  және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің маманы А.Айтжан шағын хабарламалар жасады. Одан қатысушылар тарапынан пайымды пікір алмасып, өзіндік ойларын ортаға салған, қоғамға маңызы бар тартымды ортақ шара өтті.

Мақсат Қарғабай

Latest news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...

Related news