Ашық аспан астындағы бассейн түркістандықтардың сүйікті орнына айналады

Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов Б.Саттарханов даңғылы бойында салынып жатқан бассейн жұмысымен танысты. «Aqualand» атауы берілген бассейн қаладағы карантин режимі аяқталса, жазды бұрынғысынша көңілді өткізіп, суда шомылуға мүмкіндік береді. Инвесторлар тарапынан іске асқан демалыс орнында кафе, ресторандар жұмыс істейді. Бұл жаңа жұмыс орнының ашылуына және жұмыссыз тұрғындарға қолдау көрсетуге мүмкіндік береді. Ашық алаңда салынған жоба желілік саябақ құрамында іске асқан.

Сонымен қатар, қала әкімі шаһарды аралау барысында орталық автовокзалда карантин режимі талаптарына мойын ұсынғысы келмейтін «Старекс» көліктерінің жүргізушілерін анықтап, полиция қызметкерлеріне ескерту жасады. Қазіргі жағдайға байланысты қалааралық және ауданаралық қатынастарға тыйым салынғаны белгілі бола тұра, рейске шықпақ болғандарға шара көріледі.

Ал, «Керуен сарай» кешенінің құрылыс қарқыны талапқа сай жүргізілуде. Ежелгі Шығыс базарын еске түсіретін нысан осы жылы пайдалануға берілмек.

Сондай-ақ, қала әкімі баспанасы жоқ, жалғызбасты, 3 балалы анаға уақытша үй-жай қарастырылатынын айтты. Үй шаруасымен отырған, жұмыссыз тұрғынның әлеуметтік жағдайы жан-жақты сараланып, жыл басында атаулы әлеуметтік көмекке құжаттары рәсімделуіне және тағайындалуына көмек көрсетілген. Сонымен қатар, кәсіпкерлер тарапынан бірнеше рет азық-түлікпен қамтамасыз етіліп, «Біз біргеміз» қорынан 50 мың теңге әлеуметтік көмек көрсетілген.

«Оңтүстік» — ақпарат.

Latest news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...

Related news