Ардагерлеріміз алғыс хаттармен марапатталды

Қазыналы Қаратау ханға да қарашаға да құтты мекен, асқақ атамекен болған киелі тау, келісті кериық атырап! Осы өңірді жайлаған жалпақ жұрттың жоқтаушысы да, қолдап қуаттаушысы да, дем берер ағасы да, кір шалдырмас жағасы да ақсақалды қариялар! Ақылға кен, абыройға иен дана дала, қадірменді  қарттар мекені-Сырлы Созақ!

Ардагерлер өтіп жатқан тарихымыздың тірі куәгерлері ғана емес, сол тарихты жасаушылар. Егер бүгінгі ұрпақ сондай жасампаз болса, сондай биікте тұрса, олар ол биікке аға ұрпақтың иығында тұрып алысқа қарауға үйренген. Ұлы Абай «Дүние үлкен бір көл, замана соққан жел, алдыңғы толқын-ағалар, кейінгі толқын інілер, кезегімен келінер, баяғыдай көрінер» деп бекер айтпаған. Қазақта «Ауылда абыз қарияң болса-жазып қойған хатпен тең» дегенде сөз бар.Әу баста елімізде ардагерлер ұйымының құрылғандағы негізгі мақсаты, ардагерлердің құқықтары мен бостандықтарын қорғау және есебін жүргізу, олардың лайықты әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын қамтамасыз етуге көмектесу, еліміздің саяси өміріне қатыстыру болып табылады.

Аудандағы үлкен бастауыш ардагерлер ұйымдары жанына «Дәнекер» жобасы бойынша қоғамдық медиаторлар ұйымдастырылуда. Аудандық ардагерлер кеңесінің, тұрақты комиссиялардың және «Әжелер алқасының» «Әкелер мектебінің» әрбір жылға арналған іс-жоспарлары жасалып, жұмыстар жүргізіліп келді.Барлық бастауыш ардагерлер ұйымдары жергілікті атқарушы орындармен бірлесе зор жұмыстар атқарғанын білеміз.

Өткен жылы аудан әкімінің бекітуімен Созақ ауданы бойынша 1-қазан қарттар күніне орай «Ардагерлерді ардақтайық» атты әлеуметтік қолдау шаралары күнтізбелік жоспар кестесі жасалып,, айлық жарияланды. Ол іс—жоспар тиісті бөлімдермен ауыл, кент округі әкімдеріне, барлық бастауыш ардагерлер ұйымдарына таратылып беріліп, ол шаралар өз шегінде сәтті аяқталды. Биылғы жылы пандемияға байланысты түрлі шаралар кідірісте болғанымен, қашықтықтан және карантин режимін сақтай отырып өткізілуде.

Осы күнге дейін«Инкай» Қазақстан—Канада біріккен кәсіпорын демеушілігімен Шолаққорған ауылдық округіндегі көз тірі ҰОС ардагерлерімен тыл ардагерлеріне,ҰОС құрбандарының жесірлеріне, ҰОС ардагерлеріне теңестірілгендергесый-сияпаттар жасалды.

«КАТКО» қазақ –француз біріккен кәсіпорынның демеушілігімен өткен жылы аудан ардагерлері мерзімді баспасөзге жаздырылды. Басқа да сый-сияпаттар жасалды. Осындай сый-құрмет Шу ауылдық округіндегі тыл ардагерлерінеде көрсетілді.

Ауданның білім бөлімімен бірлесе отырып, Созақ аудандық ардагерлер кеңесінің жанынан және аудан көлеміндегі-мектептердің жанынан «Әкелер мектебі» құрылыпты. Әкелер мектебінің құрудың мақсаты, отбасылық құндлықтарды ақтау, әкелердің бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру, ата-аналардың жас-өспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын ұйымдастырудағы рөлін арттыру. Аудандық ардагерлерк еңесі, аудан әкімдігі ішкі саясат, мәдениет, спорт бөлімдерімен бірлесе отырып, тәрбиелік мәні бар іс-шаралар өткізуді тұрақты түрде жүргізіп келеді екен. Өткен жылы жастар жылы болып жариялануына орай аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-мен аудандық ардагерлер кеңесі бірлесе отырып жыл басынан бері көптеген іс-шараны ұйымдастырды.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым—Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы, жақында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың  Абай туралы зерттеу мақаласы баспасөз беттерінде жарық көрді. Иә, Абай мұрасы шетсіз де шексіз әлем. Оны оқыту арқылы жастарды имандылыққа, адамгершілікке баули аламыз. Ұлттық сананы сақтау мен оны заман талабына сай бейімдей алатынымыз анық.

Аудандық ардагерлер кеңесің мемлекеттік мекемелермен қоғамдық ұйымдармен, аудан, ауыл әкімшіліктерімен демеушілермен бірлесе отырып, мемлекетіміздің салиқалы саясатын Республиканың ардагерлер ұйымы съездерінің шешімдерімен, жастарға тәрбие беру, рухани жаңғыру аясында ұлттық салт-дәстүрімізді, тарихи мұраларымызды, егеменді еліміздің осыуақыт ішінде жеткен жетістіктерін насихаттау, ардагерлеріміздің мұң-мұқтаждарына көңіл бөліп, олардың қоғам өміріне белсене қатясуын қамтамасыз ету мақсатында жұмыстар жүргізіп келеді, алдағы кезде де ауқымды жұмыстар мен байыпты бастамалар қолға алынып, кезең-кезеңімен жүргізілекеледі.

Арыс қаласында болған және Мақтарал ауданындағы су басу кезіндегі төтенше жағдайлар кезінде аудан ардагерлері облыстық ардагерлер кеңесінің облысқа жариялаған үндеуін қолдау мақсатында Арыстықтарға, Мақтарал ауданына шама шарқынша көмектер берілді. Дүниені жайлаған пандемия кезінде өздері тұратын ауылдар мен елді мекен тұрғындарын сабырға шақырып, ақыл кеңестерін айтып ақсақалдық анттарына адалдық танытқан қарияларымызға алғыстан басқа айтарымыз жоқ.

Осындай ізгілікті шаралардың басынан табылатын бірқатар азаматтарға қарттар күні мерекесіне орай арнайы Алғыс хаттар табыс етілді. Атап айтқанда Республикалық ардагерлер кеңесінің Алғыс хатымен Сақтапбергенұлы Пәрдебек, Түркістан облысы әкімінің грамотасымен Мұсабек Амалбек, Түркістан облыстық мәслихатының грамотасымен Шалмағанбетұлы Мүсірәлі, Түркістан облыстық ардагерлер кеңесінің алғыс хаттарымен Сармантаев Жетілген және Қайыржанова Маруа марапатталды. Марапаттауға аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері Жорабек Алпамысов, Мұрат Сапаров және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысып отырды.

Берекесі мен бірлігі ынтымағына ұйытқы болған  телегей күйдің отаны Сырлы Созақ мәңгілік елдің Ұлы көшіне абыз ардагерлерімен бірге аяқ артып барады.

Мақсат Қарғабай

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі 

Latest news

ЖЕР МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША

 Үстіміздегі жылдың 30 наурыз күні Сызған, Созақ ауылдық округтері мен Таукент кентінде аудан прокуратурасының прокуроры Б.Бейсембай мен аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің маманы Е.Айтжанның...

Карантиндік шектеу шаралары күшейтіледі

Апталық аппарат отырысында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев коронавирустың таралуына жол бермеу үшін Түркістан облысында карантиндік шектеу шараларын күшейтуді тапсырды. Алдағы мерекелік күндері халықтың шоғырлануына...

Елбасы Ұлттық банк төрағасын қабылдады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан экономикасының 2021 жылғы дамуы жөніндегі...

Темірден түйін түйген

Сызған ауылында туып-өскен Қанаев Жұмағали ағамыз ( бұл кісіні барлығы "Жұман " деп атайды) темірден түйін түйеді. Мектепті бітіргеннен кейін ауылдағы гаражға жұмысқа тұрғаннан...

Related news

ЖЕР МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША

 Үстіміздегі жылдың 30 наурыз күні Сызған, Созақ ауылдық округтері мен Таукент кентінде аудан прокуратурасының прокуроры Б.Бейсембай мен аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің маманы Е.Айтжанның...

Карантиндік шектеу шаралары күшейтіледі

Апталық аппарат отырысында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев коронавирустың таралуына жол бермеу үшін Түркістан облысында карантиндік шектеу шараларын күшейтуді тапсырды. Алдағы мерекелік күндері халықтың шоғырлануына...

Елбасы Ұлттық банк төрағасын қабылдады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан экономикасының 2021 жылғы дамуы жөніндегі...

Темірден түйін түйген

Сызған ауылында туып-өскен Қанаев Жұмағали ағамыз ( бұл кісіні барлығы "Жұман " деп атайды) темірден түйін түйеді. Мектепті бітіргеннен кейін ауылдағы гаражға жұмысқа тұрғаннан...