АЛТЫН ҚОЛДЫ АЗАМАТ

  Құмкент ауылына аяқ басып енгеннен айнала ғажайып реңге молығып көңіліңді бір көтеріп тастайды. Көңіліңнің хошын көтерген жолдың қос қапталындағы жайқалған ағаш, талдар. Бойлары бірдей етіп күзелген, белуарына дейін аппақ болып әктелген әсем талдар бойың мен ойыңды сергітіп, жаныңа шуақ сыйлағандай. Біз білетін ауданда Шымкент қаласына кетіп бара жатқан асудағы сонау шекараға дейін көлігіңмен қатарласып дөңгеленіп отыратын Шәмші атамыздың еккен талдары саны жағынан аудандағы қолдан егілген  ең көп талдар болса, одан кейінгі Қозмолдақ-Сызғанға баратын Белқұдық жолының бойындағы Жұмаділда Ерімбетов атамыз еккен  10 шақырымдық талдар болып саналатын. Мына Құмкенттегі қос қапталдағы талдар саны жағынан  үшінші оазис болып саналады. Кім ексе де, кім ектірсе алтын қолынан айналайын дейтіндей ұдайы сол талдарды еккен, күтім жасаған азаматты ойша іздеп жүретінмін. Сенбілік шарасына барғанда ауыл әкімі Ғани бауырымнан осы талдар жөнінде, оны күтіп-қараған азамат жөнінде сұрастырдым. Сөйтсем осы ауылдың азаматы Есенқабыл Медетұлы Тәттібаев деген азамат екен. Жолыққаннан әңгімеміз жараса кетті:

 -Інім, мен жай ғана қарауылмын. Негізінен бұл талдарды осы Құмкент совхозына директор болған Жұмаділда Ерімбетов деген көкеміз ектірген екен. Мен соңғы 10 жылдай қорып, малдан, көлденең көк аттыдан қорғап, уақтылы суғарып, қурағанын күзеп, құрт түскенін емдеп тек күтім жасап келдім,-дейді ағынан жарылған Есенқабыл ағамыз.

 Расында бұл талдардыкезінде атақты совхоз директоры, шебер ұйымдастырушы, тал егумен, жол салумен даңқы шыққан Жұмаділда Ерімбетов көкеміз отырғызған екен. 2005 жылы сол кездегі ауыл әкімі Айдарбеков Болат Сатыбалдыұлы  ағамыз аталарымыз егіп кеткен талдардықарап, сирек жерлеріне көшет отырғызып күтім жасауды ұйымдастырған екен. Сол уақытта Болат ағамыз әкім болып тұрғанда Құмкент ауылының жаңа өмірі басталғандай еді. Ауылдың ішінде түрлі әсем құрылыстар мен көрікті орындар тұрғызылды. Қызыкөлдің жағасында қаңтарылып жатқан кемені әкеліп ауылдың көркіне айналдырғанын білетінмін. Осы ауылда мектеп бітіріп, еліміздің түкпір-түкпірінде жүрген түлектерді шақырып, арнайы акция шарасын өткізіп, олардың шапағатын елге көрсетіп, елеулі іс тындырғанынан хабардар болатынбыз. Есенқабыл ағамыздың айтуынша басында Қызылкөл мен Құмкент ауылының ортасына 2000 дана ағаш көшеттері отырғызылған екен. Жетілмей қалғаны бар, сынғаны бар, қурағаны бар бүгінде 1700 дана тал көктеп айналасына ажар беріп тұр. Алдыңғы аға буынның ізін жалғап, бүгінде осы талдардың күтімін келтіріп, өз бабында ұстап отырған ауыл әкімі Ғани Пәрдебекұлына халықтың алғыстан басқа айтары жоқ. Сондай-ақ  «Еңбек қоғамына 20 қадам» атты Тұңғыш Елбасының бас мақаласына сай Есенқабыл ағамыз сияқты еңбекқор азаматтардың ерен істерін насихаттау, жастарға үлгі ету заман талабы болмақ. Осындай елжанды азаматтардың ерен еңбектерін кеңінен насихаттай беру сіз бен біздің басты борышымыз болмақ.

Мақсат ЖЕҢІСҰЛЫ

Latest news

Аудан әкімі қарттарға құрмет көрсетті

Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков 1-қазан Халықаралық қарттар күніне орай 90 жастағы Мами Дадабекұлы мен 91 жастағы Бәтжан Махажанқызының отбасына барып, мерекемен құттықтады. Сый-сияпат жасап,...

ТАҒАЙЫНДАУ!!!

РАЙЫМҚҰЛОВ ЕРЛАН БОЛАТХАНҰЛЫ аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы болып тағайындалды. Аудан әкімінің орынбасары Ақәділ Сатыбалды, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің жаңа басшысы Райымқұлов Ерлан...

Құттықтау!

Қарты бар елдің қазынасы мол Құрметтi аудан тұрғындары! Қадiрлi ардагерлер! Сіздерді 1 қазан - Халықаралық қарттар күнiмен шын жүректен құттықтаймыз! Біз қашанда «Үлкенге - құрмет, кішіден - ізден»...

Таукент кенті округі әкімі қызметіне кірісті

2022 жылдың 18 қыркүйек күні өткен Таукент кент округі әкімінің сайлау қорытындысына сәйкес Созақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 18 қыркүйек күнгі №118...

Related news