Ақбикеш мұнарасы айнала қоршалуда

Ақбикеш мұнарасыҚаратаудың батыс сілемдеріндегі Ақсүмбе кентінен оңтүстікке қарай орналасқан биік жота басындағы тарихи ескерткіш. Мұнара «Ақсүмбе» деген атпен тарихшы Шараф әд-Дин әл-Жүздінің «Зуфар-намесінде» («Жеңіс кітабы») Әмір Темірдің 1389 – 90 жылдардағы Тоқтамысқа қарсы жорықтарын сипаттағанда Дешті Қыпшақ даласын бақылап отыру үшін Қаратау шыңына салынған қарауыл мұнарасы ретінде айтылады.

Осы күнге дейін жеткен әр түрлі аңыздарда мұнараны Ақбикеш арудың есімімен байланыстырады. Мұнара жартас арасын ірі қиыршық тастармен толтырып жасаған іргеліктің үстіне шикі кірпіштен тұрғызылған. Пішімі жұмыр. Мұнараның ішіне кіретін бір, айналаны бақылау үшін жасалған екі ойығы бар. Оның бірі батыс асуға, екіншісі солтүстік-шығыс жаққа қараған. Мұнара композициясы өзгеше. Шикі кірпіштен салынып, орта ғасырдан бүгінге дейін жеткен бұл мұнараның Қазақстан сәулет өнері тарихында алатын орны ерекше. Алайда соңғы 10-15 жыл көлемінде табиғаттың түрлі жағдайларынан мұнара іргесі сөгіліп, жарылып, шөге бастаған болатын. Биылғы жылы тамыз айынан бастап Ақбикеш мұнарасын айналдыра қоршап, түрлі табиғат әсерлерінен қорғау қолға алынған болатын. Тапсырыс беруші «Ақбикеш мұнарасы» қоғамдық қоры. Жобасын ұйымдастырушы «Қазреставрация» ғылыми зерттеу және жобалау мемлекеттік мекемесі болып табылады. Қайта қалпына келтіру жұмыстарына тапсырыс беруші Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігі екен. Жұмыс жасаушы мекеме «Қазреставрация» ғылыми зерттеу және жобалау мемлекеттік мекемесінің Қызылорда филиалы. Директоры Мұратбеков Нұрболат  деген азамат. Бүгінгі таңда айнала көтеріп қалап жатқан құрылыс жұмыстары бел ортадан асты. Ауа райы күрт суып жауын-шашын басталмай тұрып аяқтауға асыққан құрылысшылар қарқынды жұмыс жасауда. Бүгінгі таңда сырттан төрт адам, Ақсүмбе ауылынан 9 азамат жұмыс жасап көмектерін беруде. Ауыл жастарын ұйымдастырушы Ержан Алайдаров, Нұрбақыт Нұсқабаев есімді жергілікті азаматтар қол ұштарын созуда. Аудан әкімі С.Полатов арнайы барып қалпына келтіру жұмыстарын көріп қайтты. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары аудандық мәдениет бөлімінің тікелей бақылауында.

Мақсат ЖЕҢІСҰЛЫ

Latest news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...

Related news