Өмірзақ Шөкеев онлайнда дауыс берді

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев «Праймериз» ақпараттық жүйесі арқылы онлайн түрде дауыс беріп, өз таңдауын жасады. Бұл туралы өңір басшысы фейсбук әлеуметтік желісіндегі қоғамдық қабылдау парақшасында жариялады.

«Бұл саяси додаға облысымыздан 1076 азамат қатысып жатыр. Олардың арасында түрлі сала өкілдері, жалынды жастар, көп балалы аналар да бар. Егеменді ел тарихындағы ерекше праймериздің артықшылықтарын және шынайылығын қоғам жоғары бағалап отыр.

Елбасы, Партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам – Nur Otanпартиясының 7 серпіні» бағдарламасында партия жұмысын жүйелі жаңғыртуды, жаңа заманның іскер тұлғаларына мүмкіндік беруді тапсырды.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та мемлекеттік және сайланбалы органдардың жауапкершілігін арттыру бағытында тың ойлар қозғап, нақты тапсырмалар бергені белгілі. Осы праймериз арқылы іскер, отаншыл, әділ, белсенді, білімді көшбасшылар іріктеліп шығады деп сенемін» деген өңір басшысы партияластарды дауыс беруге шақырды.

«Қазіргі таңда Түркістан облысына мемлекет тарапынан барынша қолдау көрсетіліп, тарихи шаһарда халықаралық талапқа сай ғимараттар көптеп салынып жатыр. Демографиялық өсімі жоғары, халқы еңбекқор өңірдің мәслихаттары да мықты болуы тиіс. «NurOtan» партиясының праймеризі Түркістан облысын дамытуға үлес қосатын азаматтар шоғырын қалыптастыратыны анық. Барша қатысушыларға сәттілік тілеймін. Ал, партияластарды белсенді түрде дауыс беруге шақырамын» деді Өмірзақ Шөкеев.

«Оңтүстік Қазақстан» газетінен

Latest news

ЖЕР МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША

 Үстіміздегі жылдың 30 наурыз күні Сызған, Созақ ауылдық округтері мен Таукент кентінде аудан прокуратурасының прокуроры Б.Бейсембай мен аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің маманы Е.Айтжанның...

Карантиндік шектеу шаралары күшейтіледі

Апталық аппарат отырысында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев коронавирустың таралуына жол бермеу үшін Түркістан облысында карантиндік шектеу шараларын күшейтуді тапсырды. Алдағы мерекелік күндері халықтың шоғырлануына...

Елбасы Ұлттық банк төрағасын қабылдады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан экономикасының 2021 жылғы дамуы жөніндегі...

Темірден түйін түйген

Сызған ауылында туып-өскен Қанаев Жұмағали ағамыз ( бұл кісіні барлығы "Жұман " деп атайды) темірден түйін түйеді. Мектепті бітіргеннен кейін ауылдағы гаражға жұмысқа тұрғаннан...

Related news