Ұядай ұжымның тап тұйнақтай тіршілігі

      Жуырда Шолаққорғанда орналасхан зертхана жұмысымен арнайы танысып қайттық. Өйткені бұл мекеме жұмысын көпшілік біле бермегенмен, көптеген сынамалар осында анықталып жатады. Ұядай бөлімде жиырмаға жуық лаборант қыз келіншектер жұмыс жасайды. Аталған бөлімді біраз жылдан бері білікті маман Құлменов Әлішер басқарып келеді.

 Тарқатып айтар болсақ,  ҚР ДСМ ТКҚСҚБК «ҰСО»ШЖҚ РМК Түркістан облысы бойынша   Созақ аудандық бөлімшесінде бактериологиялық, паразитологиялық және санитарлық-гигиеналық зерттеулер зертханалары мен әкімшілік басқару және басқада бөлімдері жұмыс атқарады. Бөлімше бейімделген мекемеде орналасқан. Мұнда үш дәрігер, бес орта буынды қызметкер, үш кіші буынды қызметкер, шаруашылық меңгерушісі, іс жүргізуші, екі жүргізуші жұмыс жасайды. Зертханалардағы құрал жабдықтардың 100 пайызы бүгінгі күнге талапқа сай жұмыс жасап тұр. Жылына бір рет мемлекеттік тексеруден өтіп тұрады.  Бөлімшенің бактериологиялық және паразитологиялық зерттеулер зертханасы ІІІ-ІV патогенді топтармен жұмыс жасауға облыстық режимдік комиссиядан рұқсат алған. Бактериологиялық зертхана шартты түрде «таза» және «жұқпалы» аймақтарға бөлінеді. Бактериологиялық зертхана бактериологиялық, паразитологиялық және аса қауіпті инфекцияны зерттеу бөлімдерден тұрады. Бұл зертхана ауа тамшы инекцияларына  (менингокк, дифтерия ауруларына ж/е ішек таяқшалар қоздырғыштарына  (дизентерия, сальмоннела, ) аурулар мен күдіктілерден ж/е алдын алу мақсатында декреттелген топтардан , Балалар сауықтыру орындарына, санаторияларларға арнайы мектептерге баратындарға сонымен қатар қоршаған ортадан алынған ауа. су, тағам, топырақ стерилденген материалдар, тағамнан улану, сынамалардың құрамында адам ағзасына зиянды микроорганизм қоздырғыштарының барына зерттеулер жүргізеді. Паразитологиялық зерттеу бөлмесі, қоршаған ортадан алынған, сынамаларды (су, топырақ, көкөніс, шаң) ж/е алдын ала мақсатында бала-бақша,мектеп оқушылардан ж/е декреттелген топтардан ішек құрт жұмыртқаларына, сарып ауруы ж/е тырысқақ аурулар қоздырғышына қоршаған ортадан ж/е алдын алу мақсатында аурулар мен күдіктілерден зерттеулер жүргізеді.

 Санитарлық –гигиеналық зерттеулер зертханасының басты міндеті нысандардан келіп түскен сынамаларға толық тексеру жүргізіп, оларға нәтиже беру жәнетексерілген сынамалардың санитарлық-гигиеналық нормативтерге сай боуын қадағалау.

 Санитарлық-гигеналық зерртхана ауадағы зиянды заттар, судың химиялық құрамы, топырақ құрамы, залалсыздандыру заттарын, ыстық тамақтарының құнарлылығы, пісу сапасы ж/е күнделікті тұтынатын тағам өнімдерінің сапасы теексеріледі. Сонымен қоса  санитарлық –гигиеналық сыртқы ортаның физикалық және радиологиялық өлшемдеріне сараптама жасайды. Физикалық көрсеткіштер бойынша ауа ылғалдылығы, температурасы, ауа жылдамдығы, қысымы жарықтандыру, шуыл, электр магнит өрісін анықтайды.

 Радиологиялық көрсеткіштер бойынша елдімекендердің,ЭМҚ, өндіріс орындарының альфа, бетта, гамма ауадағы радон өлшемін, топырақ құрамындағы гаммаспектометриялық зерттеулер жасайды.

 Сонымен, аталған мекеме мамандарының қызметімен арнайы танысуға барғанда, шағынғана жайда орналасқан лаборатория бөлмелері тап таза,  жап- жарық. Әрине жайнап тұрған жап жаңа ғимарат демерсің. Дегенде, ескі болсада санитарлық тазалығы көңілге қонымды. Және бір байқағанымыз қызметкерлердің ұжымдық микроклиматы көңіл қуантарлық. Өзара ынтымақтастықтары, әдеп-мәдениеттері, әріптестік қарымқатынастары жүрекке жылы ұшырайды. Қызметкерлердің басым көпшілігі қыз келіншек, әйел- аналар болғандықтан болсада керек, жылылық пен мейірім сезіледі. Әрқайсысы өз ісінің маманы. Жып -жылы ұядай ұжымда тап- тұйнақтай тірлік дөңгеленіп атқарылып жатыр. Бұл салада ұзақ жылдан бері үздіксіз еңбек етіп, халыққа қызмет көрсетіп келе жатқан мамандарды атап өтуді жөн көрдік. Олар, Жанар Тойшыбекова, Аптай Тасходжаева, Ләззат Қосдәулетова, Динара Есенова, Айкүміс Ақбөпиева, Гүлбаршын Рүстемова. Көпшілік біле бермейтін, аудандық зертхана бөлімі мамандарының тыныс тіршілігі осындай. Істеріңізге тек сәттілік тілейміз.

Нұржамал МАЙУСОВА

Latest news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...

Related news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...