Ұлттық салт-дәстүріміздің жанашыры

    Қайран, уақыт… Бүгінгі  қарт, қарияларымыздың бір кезде ауылы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері аудан тарихында ерекше орын алады. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарт кісілерге үлкен мән беріліп, көңіл аударылып, жан – жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп — өркендеуіне, еліміздің бейбітшілікте тыныш өмір сүруіне өз үлестерін қосқан. Саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан қарттарымызға қандай құрмет жасалса да  артық болмайды.Олардың өмір жолдары бүгінгі ұлт ұрпақтарына үлгі, өнеге, таптырмас қазына. Қарттар – біздің асыл қазынамыз. Көпті көрген данагөй қарттарымыздың өнегелі өмірін үлгі ете отырып, ғибрат боларлық сөздерін бойларына сіңіріп, үлкенге құрмет, кішіге ізет ете білетін инабатты, ақылды, ата — баба аманатына адал, ұлттық тәлім — тәрбиені бойына сіңірген, еңбекқор, кішіпейіл, мейірімді, төзімді, өнерлі тұлға тәрбиелеу.

    Ертеректе жайшылық күндері күн шуақтап, жиын-тойларда төр озып  «Жа­сым­да қаншалықты бей­нет берсең, қартайғанымда соның зейнетін көрсете көр», – деп жаратқаннан жал­ба­ры­нып тілек тілеп отыратын қарттарымыздың сөзіне та­лай куә болдық. Адам баласының әдемі қартая білуінің өзі баға жет­пес бақыт екенін әр сөздеріне тұздық ететін. Сол уақыттары бұл кәрі адамға әдеміліктің не қажеті бар дейтіндер болатын. Сөйтсек қарттарымыздың сөздерінің жа­ны бар екен.

   Адамның жаратылғаны секілді әркімнің әртүрлі қартаятыны заңдылық. Біреулер шал тартқан шағында үрім-бұтағының ғана емес күллі жұрттың ықыласына бөленіп, ардақтысына ай­нал­са, кейбіреулердің ба­ла-шағаның берекесін қашырып жүріп берекесіз шал-кемпір ата­на­ты­ны шындық.

   Қалай де­ген­де де Алланың бер­ген ғұмырын әркім өз ақыл-па­ра­са­ты­мен мәнді ет­пек. Қоғамның ізгілігі – ба­ла­лар мен қарттарға жасалған қамқорлықпен бағаланатыны бұлжымас ақиқат. Бұл тұрғыда еліміздегі қариялар мәселесіне тоқталар болсақ, қарттар мен мүгедектер, қорғаушысы жоқ кембағалдар жал­пы зей­нет­кер­лер жайы Президентіміздің дәстүрлі халыққа Жол­да­у­ын­да на­зар­дан тыс қалған емес. Жыл сай­ын мемлекет, қоғам, ауыдан, ауыл болып мерекелер сайын, жай күндері болсын елеп ескеріп ардагерлерімізді құрметтейміз. Үлкендерге де­ген  сый-құрметтің бір күннің ая­сын­да шектеліп қалмау ке­рек. Адам баласының бойындағы бұл ізгі ни­ет – Ал­ла Тағалам бұйыртқан әрбір секундтың еншісінен бөлінбек емес, бөлінбейді де. Өйткені, бүгінгі жас – ертеңгі қарт. Осы заңдылыққа бас иген қазақ қашаннан үлкенді сый­ла­у­да тәспісінен жаңылмаған. Халқымыздың “Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет” не­ме­се “Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келеді” секілді пәлсапалық мәні зор қағидаларының жасқа да, жасамысқа да бағдаршам іспеттес бо­луы соның жарқын айғағы. Аузы ду­а­лы ақсақалы бар ел жастарының қашанда жөнсіздік пен жолсыздыққа бой ұрмасы хақ. Бұған ба­ла тәрбиесіне ерек­ше ден қойған бабаларымыздың “атаңнан бо­та қалмасын, ба­та қалсын”, “түбіріне қарай бұтағы, тегіне қарай ұрпағы” де­ген қанатты сөздері дәлел. Әрі бізге бұл тағылымдар та­рих беттерінен белгілі. Қоғамымызда түрлі діл, дін, тіл өкілдерінің өмір сүруіне қарамастан, түсіністіктің, сыйластықтың ор­на­у­ын­да Президентіміз жүргізіп отырған сын­дар­лы-салиқалы са­я­сат­пен бірге аға ұрпақтың да үлесі ерен.Сондай ынтымақ пен бірлік, татулық пен тұрақтылық жолында халыққа қалтқысыз қызмет етіп келе жатқан ардагерлеріміз аман болсын. Қарияларымыз қашанда халықтың ыстық ықыласына бөленіп, өнегелі істердің басынан табылатын аяулы жандар.

Мақсат Жеңісұлы

Latest news

ЖЕР МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША

 Үстіміздегі жылдың 30 наурыз күні Сызған, Созақ ауылдық округтері мен Таукент кентінде аудан прокуратурасының прокуроры Б.Бейсембай мен аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің маманы Е.Айтжанның...

Карантиндік шектеу шаралары күшейтіледі

Апталық аппарат отырысында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев коронавирустың таралуына жол бермеу үшін Түркістан облысында карантиндік шектеу шараларын күшейтуді тапсырды. Алдағы мерекелік күндері халықтың шоғырлануына...

Елбасы Ұлттық банк төрағасын қабылдады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан экономикасының 2021 жылғы дамуы жөніндегі...

Темірден түйін түйген

Сызған ауылында туып-өскен Қанаев Жұмағали ағамыз ( бұл кісіні барлығы "Жұман " деп атайды) темірден түйін түйеді. Мектепті бітіргеннен кейін ауылдағы гаражға жұмысқа тұрғаннан...

Related news