Қолдағы барын баршамен бөліскендер

Қолдағы барын баршамен бөліскендер 1Бүгінгідей ел басына түскен нәубеттің зоры-пневманиядан ауа жетпей қиналып жатқан жерлестерімізге тыныс алу аппараттарын, түрлі азық-түлік, медициналық жабдықтарды тарту етіп жатқан қолы ашық, жаны жомарт жандар туралы«Созақ үні» газетінің өткен санында жариялағанбыз. Осындай қайырлы  бастамалардан кейін игілікті іске елеңдеген жұртшылық қолдарынан келген көмектерін беруде. Сауапты істер жасауда жария етілмейді десек те, қайырымды адамдардың игі бастамалары өзге жандарға өнеге болсын деген ниеттен жариялап отырмыз.

Қазіргі таңда елімізде төніп тұрған пневмониямен ауыратын науқастарды емдеу шаралары қарқынды жүргізілуде. Бұл орайда әрбір ауруханаларда сол науқастармен күресіп жатқан дәрігерлер мен мейірбикелерге алғысымыз шексіз. Олардың күн демей, түн демей сол науқастарды қалай да емдеп шығарамын деген еңбектері ұшан теңіз. «Ел басына күн туса ерге сын» демекші, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі мен ауылдық округтері мен кенттері әкімдерінің ұйымдастыруымен ауданымыздың жанашыр азаматтары да осындай уақытта бей-жай шетте қарап тұра алмады. Осы нәубетте күресу  үшін ең алдымен науқасқа ішіп-жем тамағы дұрыс болса, әлбетте ауырудан айығып кетері сөзсіз. Осы мақсатта ауруханалар мен емханаларға өздерінің қалауымен етпен қамтамасыз етіп жатқан шаруа азаматтарымыз да жоқ емес. Атап айтар болсақ: Жуантөбе ауылдық округінен «Санжар» шаруа қожалығының төрағасы Сейітқазы Төлеген, Созақ ауылдық округінен «Ұзынаққан» шаруа қожалығының төрағасы Егенов Әкім, «Ыдырыс» шаруа қожалығының төрағасы Идирисов Ахмет, Сызған ауылдық округінен «Аман» шаруа қожалығының төрағасы Айтжанов Спандияр, Таукент кентінен «Қазатомпром-SAURAN» ЖШС-нің бас директоры Оспан Марат, Құмкент ауылдық округінен «Қызылқанат» шаруа қожалығының төрағасы Бижанов Ұлан, «Қайыржан» шаруа қожалығының төрағасы Атабеков Жаңабек және т.б. демеушілік білдіріп, өз көмектерін көрсетіп жатқан азаматтарымызға айтар алғысымыз шексіз. Әрбіріңіздің отбастарыңызда береке, еңбектеріңізде жемісті болуларыңызды Алла нәсіп етсін!

Қолдағы барын баршамен бөліскендер 2Аудандық орталық емханаға және Таукент кентіндегі провизорлық орталыққа «Дәулеттен» қайырымдылық қоры атынан Алашбай Ержан Аманғалиұлы «АERYTIAЕ» маркілі Түркия елінен шыққан  1 дана кислородный концентратор, «КАZPAKO» ЖШС атынан Каскеев Мұрат1 дана АРМЕД-8F5  маркілі Ресейден шыққан ауамен қамсыздандыратын аппарат тарту етті. Сондай-ақ Таукент кентіндегі «Болашақ» балалар бақшасының ұжымы атынан бабабақша меңгерушісі Тәжиева Сандуғаш түрлі заттай және қаржылай қолдау көрсетті. Осы тажал нәубет басталған алғашқы кезеңінде Шымкент қаласында тұратын Үміт есімді жерлесіміз отбасында қыздарымен бірлесе ақылдаса  отырып, отбасыларының өз қаржысынан аудан жұртшылығына арнап бірнеше жүз дана бетперде тікті. Ағайынды Марат, Күлзейнеп Ибақожаевалар 500 мың теңгенің медициналық құрал жабдықтарын аманаттап тапсырды,- дейді аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Талғат Қалдыбеков.
Мақсат Қарғабай

Latest news

ЖЕР МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША

 Үстіміздегі жылдың 30 наурыз күні Сызған, Созақ ауылдық округтері мен Таукент кентінде аудан прокуратурасының прокуроры Б.Бейсембай мен аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің маманы Е.Айтжанның...

Карантиндік шектеу шаралары күшейтіледі

Апталық аппарат отырысында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев коронавирустың таралуына жол бермеу үшін Түркістан облысында карантиндік шектеу шараларын күшейтуді тапсырды. Алдағы мерекелік күндері халықтың шоғырлануына...

Елбасы Ұлттық банк төрағасын қабылдады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан экономикасының 2021 жылғы дамуы жөніндегі...

Темірден түйін түйген

Сызған ауылында туып-өскен Қанаев Жұмағали ағамыз ( бұл кісіні барлығы "Жұман " деп атайды) темірден түйін түйеді. Мектепті бітіргеннен кейін ауылдағы гаражға жұмысқа тұрғаннан...

Related news