Қоғамдық кеңестер құрылды

  «Nur Otan» партиясы Созақ аудандық филиалының кезектен тыс Саяси кеңесі Бюросының мәжілісі өтті. Саяси кеңес Бюросына аудан әкімі, аудандық партия филиалының төрағасы Салыхан Сабырұлы Полатов төрағалық етіп, мәжілісті жүргізіп отырды. Бюро мүшелері күн тәртібіндегі филиалға қарасты 14 бастауыш партия ұйымдарының есеп беру-сайлау жиналыстарын өткізу кестесін бекіту, «Nur Otan» партиясы Созақ аудандық филиалының кезекті ХХХVIII конференциясын шақыру және аудандық филиал жанындағы Өңірлік қоғамдық кеңестер құрамы мен ережелерін бекіту жайлы мәселелерді талқылады.

Күн тәртібіндегі бірінші және екінші мәселелер бойынша филиал төрағасы С.Полатов филиалдың кезекті ХХХVIII есеп беру-сайлау конференциясын және бастауыш партия ұйымдарының есептік-сайлау жиналыстарын өткізу кестесінің жобасымен таныстырып, бюро мүшелері ұсынысты бірауыздан мақұлдады. Мұнан соң аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Р.Әлжанов «Nur Otan» партиясы Созақ аудандық филиалы жанындағы 8 өңірлік қоғамдық кеңестердің құрамдары жобасымен таныстырып, ол бюро мүшелері тарапынан бірауыздан мақұлданды. Айта кетейік, бұл қоғамдық кеңестер партия Төрағасы, Н.Ә.Назарбаевтың, Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың тапсырмалары және «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» Сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасының шеңберінде өңірлік даму міндеттерін іске асыруға жүйелі бақылауды қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

Саяси кеңесі Бюросының мүшелері тарапынан айтылған пікірлер мен ұсыныстар назарға алына отырып, мәжілістің қаулысы қабылданды.

Мақсат Қарғабай

Latest news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...

Related news