Қоғамдық қабылдау өтті

«Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесінде аудандық мәслихат депутаты Есмұратова Гүлшат Есбергенқызы мен Созақ аудан әкімдігінің ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Мейірманов Қайырбек Сарсенбекұлы аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауға келген азаматтар өтініштері мен талап-тілектерін айтты. Шолаққорған ауылының бірқатар тұрғындары ірі-қара мал шаруашылығын, жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін жер телімдерін алу, Тұрғын үй құжаттарын рәсімдеу, тұрғын үй мәселелері бойынша өтініштерін білдірді. Өтініш иелеріне заң тұрғысынан түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, тиісті бөлім қызметкерлерінің ықпалымен шешімін табуға атсалысты. Сондай-ақ әлеуметтік көмек сұраған біршама азаматшаларға бөлім басшысы мен мәслихат депутаты алдағы уақытта өз тараптарынан әлеуметтік көмек көрсетілетіндігі туралы атап өтті. Қабылдауға келген азаматтардың өтінішінің бірқатары сол мезетте шешімін тауып жатты.

***

“Nur Otan” партиясы Созақ аудандық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінде аудандық мәслихат депутаты Жүсіп Ғабит Елбергенұлы мен аудандық сот орындаушы Дилдабеков Нұр Сүлейменұлы санитарлық талаптарды сақтай отырып, ауыл тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдау барысында тұрғындар тарапынан ауыз су, жарық көзінің өшуі (электр энергия), “Батыр анаға” қол жәрдемі, тұрғын үй кезегі туралы, алименттерді өндіру мәселелері айтылды. Барлық мәселелер бойынша заң аясында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, мәселелері қарастырылатындығын жеткізді.

«Созақ үні»-ақпарат»

Latest news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...

Related news