Қазақстанда коронавирус жұқтырудың күндік көрсеткіші 4%-дан 2,1%-ға дейін қысқарды

 Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру шаралары арқылы COVID-19 жұқтырудың тәуліктік өсімі 4%-дан 2,1%-ға дейін қысқарды, — деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеген.

Сонымен бірге, коронавирустан сауыққан науқастар үлесі 60%-дан асқан. «Біз COVID-19 ауруын біртіндеп азайтып келеміз. Енді бір реттік медициналық үш қабатты масканың бөлшек сауда бағасы 85 теңгені құрайды. Қыркүйек айына дейін алғы шептегі қызметкерлер үшін жеке қорғаныс құралдарының резерві құрылды. Қосымша 41 млн маска, 27 млн қолғап, 379 мың қорғаныш костюмдері және 1,2 млн ПТР-тест сатып алынды», — деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі. Қазіргі уақытта зертханалардың өткізу қабілеті жедел қарқынмен артып келеді. Тәулігіне 32 мың тест өткізе алатын 59 мемлекеттік және жеке зертхана іске қосылды. 1 тамызға қарай өткізу қабілеті тәулігіне 35,6 мың адамға, 1 қыркүйекке дейін – тәулігіне 64 мыңға адамға дейін жетеді. «Қазіргі уақытта инфекциялық және емдеу стационарларында 1 958 өкпені жасанды желдету аппараты бар, әкімдіктермен бірлесіп 4 183 қосымша аппарат және пациенттерді оттегімен қолдауды қамтамасыз ету үшін 21 мыңнан астам оттегі концентраты мен медициналық газбен жабдықтау жүйесі сатып алынды. Осылайша, қабылданған кешенді шаралар медициналық көмектің сапасын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді», — дейді Денсаулық сақтау министрлігі.

«Егемен Қазақстан» газетінен

Latest news

ЖЕР МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША

 Үстіміздегі жылдың 30 наурыз күні Сызған, Созақ ауылдық округтері мен Таукент кентінде аудан прокуратурасының прокуроры Б.Бейсембай мен аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің маманы Е.Айтжанның...

Карантиндік шектеу шаралары күшейтіледі

Апталық аппарат отырысында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев коронавирустың таралуына жол бермеу үшін Түркістан облысында карантиндік шектеу шараларын күшейтуді тапсырды. Алдағы мерекелік күндері халықтың шоғырлануына...

Елбасы Ұлттық банк төрағасын қабылдады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан экономикасының 2021 жылғы дамуы жөніндегі...

Темірден түйін түйген

Сызған ауылында туып-өскен Қанаев Жұмағали ағамыз ( бұл кісіні барлығы "Жұман " деп атайды) темірден түйін түйеді. Мектепті бітіргеннен кейін ауылдағы гаражға жұмысқа тұрғаннан...

Related news