Қазақстанда өндірісті ынталандыру үшін грант беріледі

Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Отырыста «Өнеркәсіптік саясат туралы» және оған ілеспе заң жобасы туралы баяндама жасаған министр өндіріс процесіне қатысты тың жаңалықтармен бөлісті.

«Бірінші, ынталандырудың жаңа құралы — өнеркәсіптік грант енгізілуде. Ол бірге қаржыландыру негізінде өндірісті технологиялық жаңғыртуға беріледі.

Екінші, мемлекеттік ынталандырудың барлық іс-шарасы орта және жоғары бөліністегі өнім өндірушілерге беріледі. Әдістеме негізінде өнімнің тиісті тізбесі бекітіледі. Осылайша, қайта өңдеуді тереңдетуге назар аударылады», деді ол.

Оның айтуынша, үшіншіден көрсетілетін іс-шаралардың тиімділігін арттыру үшін қарсы міндеттемелер енгізіледі. Олар бизнестің алып отырған іс-шараларының түрі мен көлемін ескере отырып айқындалады.

Кәсіпорын міндеттемелерді орындамаған жағдайда оларды орындау деңгейіне қарай бюджет қаражатын қайтаруы тиіс.

Төртінші, бәсекеге қабілеттілікті арттыру туралы келісім енгізіледі. Ол ынталандыру іс-шараларының аралас пакетін алуға мүмкіндік береді. Бесінші, Өнеркәсіпті дамыту қорының 3 пайыздық жеңілдетілген қаржы беру функциясы көзделген. Ал нарықта инвестициялық жобаларды несиелеу мөлшерлемесі 6 пайыз және одан жоғары.

«Алтыншы — цифрлық трансформациялау. Біз Германияның Фраунхофер институтымен бірлесіп, жүйеқұраушы кәсіпорындарға талдау жасадық. Олардың әрқайсысы цифрлық трансформацияның қай кезеңінде екенін бағаладық. Кәсіпорындарға цифрлық трансформация жүргізу үшін қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және шетелдік мамандарды тарту, басқарудың жаңа әдістерін енгізу тетіктері көзделген.

Жетінші, жылдан жылға ұсынылатын мемлекеттік ынталандыру іс-шараларының тізбесі кеңеюде. Бұл өз кезегінде бизнес үшін қолайлы жағдайлар жасауды талап етеді. Сондықтан барлық ынталандыру іс-шаралары «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы «бір терезе» қағидаты арқылы жүзеге асырылады. Біздің министрлік ынталандыру іс-шаралары бойынша үйлестіруші мемлекеттік орган болады», деді Бейбіт Атамқұлов.

«Егемен Қазақстан» газетінен.

Latest news

Үйдегі нарықты базардағы баға бұзады немесе азық-түлік бағасы қайтсе тұрақтанады

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент Мәжлісінің отырысында сөйлеген сөзінде елдегі жағдайларды бағамдай келе «Қаржы жүйесі мен көлік саласының, азық-түлік жеткізу ісінің еш кедергісіз...

Президент бастамасын құптаймыз

Ауданның тұрғыны, тұтынушы ретінде ел ішіндегі қымбатшылық бәрімізге сезілді. Бұл жөнінде уақытысында депутаттар тарапынан да көптеген ұсыныстар, пікірлер, талаптар алға тартылған. Дегенмен бағаны ұстап...

Ынтымақ пен бірлік-еліміздің ең басты құндылығы

Президенттің парламент мәжілісінің жалпы отырысында сөйлеген сөзінде ел өміріндегі өзекті мәселелер ортаға салынды. Атап айтқанда елдің дамуына негізгі өзек болатын экономикалық саясат, оның ішінде өнеркәсіпті,...

Берекелі қоғам-бірліктің бастауы

Жылдың басы елімізге қилы да қиын кезеңмен келді. Қымбатшылық қысқан қара халықтың талап-тілегін айту мақсатында бейбіт түрде бастаған шерудің арты адам күтпеген кезеңдерге алып...

Related news