Қазақстан Республикасы Конституциясына 25 жыл

                                       Ата заңымызға 25 жыл

 Тәуелсіздік алған Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы 1993 жылдың 28 қаңтарында қабылданған болатын. Жаңа Конституция Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін нығайтуда, мемлекеттің халыққа қызмет ететін жаңа билік органдарын құруда, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын айқындауда және оларды кеңейтуде үлкен роль атқарды. Бұрынғы Қазақ КСР – нің аумағы тәуелсіз аумақ деп танылды. Ол бөлінбейді және оған ешкім қол сұға алмайды деп жариялады. Тәуелсіздік алған Қазақстан Республикасының нарықтық қатынастарды орнықтырумен өтпелі кезеңнің кедергілерін еңсеру үшін жедел шешімдер мен заңдар қабылдаудың күн өткен сайын қажеттілігі туындап отырды. Міне, осы кезеңде елді басқаруда ұтқыр шешімдер қабылдау үшін Президенттік билік тармағын күшейту мәселесі күн тәртібінде тұрды. Сол кезеңдегі Жоғарғы Кеңестің өкілеттігі Президент пен Үкімет билігінен жоғары тұруы экономикалық реформаларды жедел басқару мен шешімдер қабылдауда кедергілер туындап жатты. Нәтижесінде елдің негізгі Заңын түбегейлі қайта қарауға алып келді. 1995 жылдың сәуір айында жаңа редакцияда жазылған Ата Заңымыздың жобасы бүкіл халықтық талқылауға ұсынылды. Сол кездегі аудан әкімі Қуаныш Айтахановтың өкімімен жаңа редакцияда жазылған Конституцияның жобасын халыққа түсіндіру мақсатында комиссия құрылды. Комиссияны аудан әкімінің өзі басқарды және оның құрамына мекеме, кәсіпорын басшылары мен аудан әкімі аппаратының жауапты қызметкерлері енгізілді. Осы мақаланың авторы мен осы комиссияның жауапты хатшылығына бекітілдім. Сәуір және мамыр айында бүкіл аудандағы барлық елді мекендерді аралап жаңа Конституцияның жобасын халыққа түсіндіріп, таныстырып шықтық. Халықтан түскен ұсыныс пен пікірлерді жинап республикалық  комиссияның қарауына жолдадық. 1995 жылдың 30 тамыз күні бүкілхалықтық референдум Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдады. Осылайша 1993 жылы қабылданған тұңғыш Ата Заңымыз өзінің екі жылдық миссиясын толық орындап тарих қойнауына жіберілді.

           Жаңа Конституцияның басты ерекшелігі мен артықшылығына оқырманның назарын аударғым келеді. Ең бастысы елді басқарудың нысаны Президенттік  басқару формасындағы мемлекет деп Президентті мемлекет басшысы деп жариялады. Мемлекеттік билік үш тармаққа бөлінді. Заң шығарушы органы: Парламент, атқарушы орган: Үкімет:Сот төрелігі, Жоғарғы және төменгі буындағы сот жүйесі құрылды. Конституция 9 бөлімнен 98 баптан тұрады.Еліміздің негізгі Заңы Конституция бойынша Қазақстан Республикасы қандай ел деген сауалды мен көпшілікке жиі қоямын. Сондағы алатын негізгі жауабым Қазақстан егемен немесе тәуелсіз мемлекет деп жауабын беріп жатады. Әрине көпшілік Конституцияның             1 – ші бабын жаттап алған жоқ немесе ұмытуы да мүмкін. Сондықтан әрбір Қазақстандық еліміздің қандай мемлекет ретінде орнықтырып отырғандығына жете мән берсе деп ойлаймын. Өзім ұстаз болғандықтан осы пәннен сабақ бергендіктен, әрбір сабақта мемлекетіміз қандай ел ретінде орнығып отырғандығына оқушылардың назарын аударып келемін. Ата Заңның 1 – ші бабында былай жазылған: Қазақстан Республикасы өзін демократиялық зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады. Оның ең қымбат қазынасы адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.Осы қағиданы әрбір Қазақстандық жадында сақтап еліміздің алған бағыт – бағдарын түсіне отырып және азаматтарымыздың құқығы мен бостандығы бәрінен жоғары тұратындығын білумен қатар заңның үстемдігі мен оның сақталуына, жүзеге асуына мән беруі керек. Сонда ғана Ата Заңымыздың беделі артып оның өміршеңдігі мен өзектілігі күн өткен сайын биіктей беретін болады.

Шаймерденов Талғат Атажанұлы

А.Байтұрсынов атындағы жалпы орта         

мектебінің директоры

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Latest news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...

Related news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...