Қазақстан мен Өзбекстан үкіметтері бірлескен жобаларды іске асыруға уағдаласты

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметi хабарлағандай, ҚР Премьер-министрінің орынбасары Роман Склярдың басшылығымен Орталық мемлекеттік органдар басшылары және Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің қатысуымен қазақстандық делегация Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласына ресми сапармен барды.

Делегация құрамына министрліктердің, тиісті құрылымдардың және Түркістан облысы әкімдігінің өкілдері кірді. Екі ел делегациясы сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі тереңдету жөніндегі кешенді мәселелерді талқылады. Өзара тиімді ынтымақтастық бойынша келісімдерге қол жеткізілді.

Кездесу барысында Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеев, Өзбекстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары А. Раматов және «Узбекистон темір йуллари» АҚ Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Х. Хасилов «Түркістан – Шымкент – Ташкент» бағыты бойынша жүйрік теміржол жолаушылар қозғалысын ұйымдастыру жобасын талқылады.

Айта кетейік, аталған жобаны жүзеге асыру халықаралық тасымалдау мен бірлескен туризмді дамыту үшін үлкен маңызға ие. Бірінші кезекте жоба Түркістанға туристерді тартуға және дамытуға негіз болады.

Сондай-ақ, Өмірзақ Шөкеев Өзбекстан Республикасының су шаруашылығы министрі Ш.Хамраевпен кездесті. Тараптар Өгем өзенінде жалпы қуаты 220 МВт су электр стансасының каскадын салу мәселесін талқылады.

Өңір басшысы сапар барысында Өзбекстан Республикасының Премьер-министрі А.Ариповпен кездесіп, оған Мақтаарал ауданындағы төтенше жағдай кезінде көрсеткен қолдауы үшін алғысын білдірді.

«Оңтүстік қазақстан» газетінен

Latest news

ЖЕР МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША

 Үстіміздегі жылдың 30 наурыз күні Сызған, Созақ ауылдық округтері мен Таукент кентінде аудан прокуратурасының прокуроры Б.Бейсембай мен аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің маманы Е.Айтжанның...

Карантиндік шектеу шаралары күшейтіледі

Апталық аппарат отырысында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев коронавирустың таралуына жол бермеу үшін Түркістан облысында карантиндік шектеу шараларын күшейтуді тапсырды. Алдағы мерекелік күндері халықтың шоғырлануына...

Елбасы Ұлттық банк төрағасын қабылдады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан экономикасының 2021 жылғы дамуы жөніндегі...

Темірден түйін түйген

Сызған ауылында туып-өскен Қанаев Жұмағали ағамыз ( бұл кісіні барлығы "Жұман " деп атайды) темірден түйін түйеді. Мектепті бітіргеннен кейін ауылдағы гаражға жұмысқа тұрғаннан...

Related news