Қарты бар ел — қазыналы ел

Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына арнайы іс шара жоспары бекітіліп, аудан көлемінде мерекелік жиындар өтіп келеді.  Осы жоспар аясында аудан әкімдігінің қолдауымен аудандық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Қарты бар  ел —  қазыналы ел» байқауы өтті. Аудандық мәдениет үйінде өткен шараға аудан әкімінің орынбасары Бағдат Айдарбеков қатысып, құттықтау сөз сөйледі. «Баршаңызды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтаймын. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары тұрғындарға үлкен жауапкершілік жүктелді. Нарық заманы халықтың арқасына аяздай батқанымен, бел шеше еңбек еткен созақтықтар бірліктің арқасында қиындықты бірге еңсерді. Сол кездегі еңбектің бел ортасында болған жандар бүгінде ел ағасы, ақ сақалды қария, ақ жаулықты әже  атанды. Сондықтан да Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мерекесінде  аға буынға ерекше алғысымды білдіремін»,- деп лебізін жеткізді.
Байқауда кезінде тәуелсіздігімізді тұғырлы етуге еңбек сіңірген аға- апаларымыз өнер сайысына түсіп, бақтарын сынады. Салт- дәстүрімізді насихаттап ұрпақ тәрбиесі, үлкенді құрметтеу сынды асыл қасиеттерімізді ұлықтады. Бата берудің де озық үлгісін паш етті. Топ жарған ауыл округ қариялар мен әжелерге арнайы сыйлықтар үлестіріліп,  көңілідері бір марқайды.
Байқау қортындысы бойынша Жуантөбе ауыл округінің қазыналы қариялары бас жүлдені қанжығаларына байлады. Сондай-ақ, Жартытөбе ауыл округі 1 орынды еншіледі. Шолаққорған ауыл округі  2 орын, Құмкент ауыл округі жүлделі 3 орынды иеленді. Арнайы жүлдемен Таукент кенті мен Қаратау ауыл округінің қариялары марапатталды.

Latest news

Үйдегі нарықты базардағы баға бұзады немесе азық-түлік бағасы қайтсе тұрақтанады

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент Мәжлісінің отырысында сөйлеген сөзінде елдегі жағдайларды бағамдай келе «Қаржы жүйесі мен көлік саласының, азық-түлік жеткізу ісінің еш кедергісіз...

Президент бастамасын құптаймыз

Ауданның тұрғыны, тұтынушы ретінде ел ішіндегі қымбатшылық бәрімізге сезілді. Бұл жөнінде уақытысында депутаттар тарапынан да көптеген ұсыныстар, пікірлер, талаптар алға тартылған. Дегенмен бағаны ұстап...

Ынтымақ пен бірлік-еліміздің ең басты құндылығы

Президенттің парламент мәжілісінің жалпы отырысында сөйлеген сөзінде ел өміріндегі өзекті мәселелер ортаға салынды. Атап айтқанда елдің дамуына негізгі өзек болатын экономикалық саясат, оның ішінде өнеркәсіпті,...

Берекелі қоғам-бірліктің бастауы

Жылдың басы елімізге қилы да қиын кезеңмен келді. Қымбатшылық қысқан қара халықтың талап-тілегін айту мақсатында бейбіт түрде бастаған шерудің арты адам күтпеген кезеңдерге алып...

Related news