Құрметті ардагерлер!
Сіздерді 1 қазан – Халықаралық қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Қарттарға қамқорлық – біздің халқымыздың санасына терең сіңген қасиет. Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз, тәлім-тағылымдарыңыздың біз үшін орны бөлек. Себебі, әрқайсыларыңыздың ауданның өсіп-өркендеуіне қосқан үлестеріңіз бен еңбектеріңіз ерен. Қашанда мемлекет саясатының қолдаушысы, елдік мәселенің жақтаушысы, бейбішіліктің насихатшысы болып Отан алдындағы міндеттеріңізді адал атқарып келесіздер. «Қарты бар елдің қазынасы бар» — деген қазақ халқы, сіздердің өскін ұрпақтың тәрбиесі мен тәліміне, сапалы білім беріп саналы азамат ретінде өсіруіне сіңірген еңбектеріңіз үшін алғысымызды білдіреміз.
Қымбатты ардагерлер!
Сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір, көтеріңкі көңіл-күй, отбасыларыңыз бен замандастарыңыз арасында атап өтетін мереке күндері көп болсын деп тілейміз. Еңселеріңіз тік, өмірлік күш-қуаттарыңыз ұзағынан болғай!
Бәріңізге бақыт пен қуаныш, денсаулық тілейміз!
Аудан әкімі С. Полатов
Аудандық мәслихаттың хатшысы Б. Байғараев