Құрылыс қарқынды жүруде

 Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістан тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартудың негізі ретінде инфрақұрылымды дамытуға ерекше мән беруде. Осы орайда, өңір басшысы жауапты сала жетекшілерімен бірге облыс орталығын аралап, қаланың Бас жоспарына сәйкес атқарылып жатқан жұмыстарды пысықтады, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

 Шаһардағы жол жөндеу, газ, ауыз су мен кәріз жүйесін жүргізу жұмыстарын тексерген облыс әкімі тиісті сала жетекшілерінен құрылыстың кестеге сәйкес белгіленген мерзімінде аяқталуын талап етті. Облыс басшысының тапсырмасына сәйкес, Түркістан қаласының экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында, бірінші кезекте, табиғи газбен қамтамасыз етілген шағынаудандарда орналасқан әлеуметтік нысандарды газға өткізу жұмыстары жүруде. Балабақшалар, сауда орталықтары, жекелеген кәсіпорындар, мейрамханалар мен қонақүйлер газға қосылуда.

 Түркістан қаласын табиғи газбен қамтамасыз ету 11 кезең бойынша жүргізілуде. Былтыр 4 нысан құрылысы толығымен аяқталып, жыл соңына дейін 7 нысан пайдалануға берілетін болады.

 Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев құрылысы жүргізіліп жатқан «Түркістан қаласын газбен қамтамасыз ету (ІІ-кезең ГРП-2,3)» және құрылысы мамыр айында аяқталған «Түркістан қаласын газбен қамтамасыз ету (ІІІ-кезең ГРП-6,7,8)» нысандарының құрылыс барысымен танысты. Құрылысы аяқталған нысандардағы тұрғын үйлердің табиғи газға қосылуы бойынша түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 13 332 абонентке ішкі газ құбыры жүйелері жүргізіліп, 8120 абонент табиғи газға қосылды.

 Кәріз желілерін салу жобасы бойынша жұмыстар тоқтаусыз жүргізілуде. Жоба бойынша 21,514 шақырым кәріз жүйелері мен 703 дана темірбетонды құдықшалардың құрылысын салу қаралған. Аталған нысандар құрылысы іске асырылған жағдайда, Түркістан қаласы 100 % кәріз жүйелерімен қамтамасыз етілетін болады.

Latest news

ЖЕР МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША

 Үстіміздегі жылдың 30 наурыз күні Сызған, Созақ ауылдық округтері мен Таукент кентінде аудан прокуратурасының прокуроры Б.Бейсембай мен аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің маманы Е.Айтжанның...

Карантиндік шектеу шаралары күшейтіледі

Апталық аппарат отырысында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев коронавирустың таралуына жол бермеу үшін Түркістан облысында карантиндік шектеу шараларын күшейтуді тапсырды. Алдағы мерекелік күндері халықтың шоғырлануына...

Елбасы Ұлттық банк төрағасын қабылдады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан экономикасының 2021 жылғы дамуы жөніндегі...

Темірден түйін түйген

Сызған ауылында туып-өскен Қанаев Жұмағали ағамыз ( бұл кісіні барлығы "Жұман " деп атайды) темірден түйін түйеді. Мектепті бітіргеннен кейін ауылдағы гаражға жұмысқа тұрғаннан...

Related news