Құқықтық кеңес берілді

“AMANAT”партиясының “Халыққа көмек” партиялық жобасы аясында, аудандық партия филиалының жылдық жоспарына сәйкес, бүгінгі күні Қаратау, Қарақұр ауыл округінде ауыл тұрғындарына кәсіпкерлік саланы дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламалар аясында құқықтық кеңес берілді.
Жиынның бастауы Қаратау ауыл округінен орын алды. “Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы” Созақ аудандық филиалының директоры А.Анарбаев және аудандық Халықты жұмыспен қамту орталығының бөлім меңгерушісі М.Искакова, “Жастар рухы” жастар қанаты Созақ аудандық филиалының төрағасы Е.Ержігітов бастаған топ мүшелеріне ауыл округі кәсіпкерлері мен шаруашылық иелері және кәсіпкерлікті жаңадан бастаушы азаматтар өздерінің көкейтесті сұрақтарын қойды.
Мемлекеттік бағдарламаларда болып жатқан соңғы жаңалықтар мен ақпараттарды тарқатып субсидия мен қайтарымсыз гранттың алу жолдары, жеңілдетілген пайызбен несие алу және Бизнесті басқарудағы қаржылық сауаттылықты арттыру, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелердің алу жолдары толық түсіндірілді.
Business.enbek.kz порталында тіркеліп, Skills.enbek.kz платформасында онлайн оқу арқылы бизнес-жоспарын қорғаған аудан тұрғындарына облыстық микроқаржы ұйымынан жылдық 6% мөлшерлемемен несие рәсімдей алатындығы және кәсібін енді бастап жатырған азаматтарға қайтарымсыз грант иегері атануға мүмкіншілік бар екенін атап өтті.
Қарақұр ауыл округінде өткен кездесу барысында кәсіпкерлікті дамыту үшін мемлекеттік бағдарламалар арқылы берілетін жеңілдіктер және олардағы өзгерістер туралы кеңінан айтылды. Несие алу үшін жылжымайтын мүлік тігу үшін тұрғын үй құжаттарын қайта рәсімдеуге, өз кәсіптерін жаңадан ашқан кәсіпкерлерге құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында аудандық Кәсіпкерлер палатасы тарапынан қолдау көрсетітіндігі айтылды.
Жиын соңында аудан кәсіпкерлері және шаруалардың ұсынысы мен өтініштері тыңдалып, жұмыс барысында шешімін табатынын жеткізілді.

«Созақ үні»-ақпарт.

Latest news

Аудан әкімі қарттарға құрмет көрсетті

Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков 1-қазан Халықаралық қарттар күніне орай 90 жастағы Мами Дадабекұлы мен 91 жастағы Бәтжан Махажанқызының отбасына барып, мерекемен құттықтады. Сый-сияпат жасап,...

ТАҒАЙЫНДАУ!!!

РАЙЫМҚҰЛОВ ЕРЛАН БОЛАТХАНҰЛЫ аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы болып тағайындалды. Аудан әкімінің орынбасары Ақәділ Сатыбалды, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің жаңа басшысы Райымқұлов Ерлан...

Құттықтау!

Қарты бар елдің қазынасы мол Құрметтi аудан тұрғындары! Қадiрлi ардагерлер! Сіздерді 1 қазан - Халықаралық қарттар күнiмен шын жүректен құттықтаймыз! Біз қашанда «Үлкенге - құрмет, кішіден - ізден»...

Таукент кенті округі әкімі қызметіне кірісті

2022 жылдың 18 қыркүйек күні өткен Таукент кент округі әкімінің сайлау қорытындысына сәйкес Созақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 18 қыркүйек күнгі №118...

Related news