Тарихқа тағзым тірілерден парыз

Тарихқа тағзым тірілерден парыз 1Әйгілі Созақ көтерлісі қазақ даласындағы 300-ге жуық көтерілістің ішіндегі өзгешесі, әрі 1986 жылғы желтоқсан көтерілісінің қарлығашы десе де болады. Үстемдік етіп тұрған  қанды қылышты қызыл өкіметке қарсы тұру деген ол кезде қияметті көзсіз ерлік болатын. Жазушы Өтеш Қырғызбаев, тарихшы Сүлеймен Тәбріз, ақын Бөрғазының Өскені шығармаларында суреттелген бұл көтеріліс алапат қанды көтеріліс болды. Кейбір тарих өміршеңдігін ойыншық етіп, бір рудың ғана қанжығасына байлап берген тарихшысымақтардың жаза салғанындай емес, бұл көтеріліс жалпы қазақ халқының біртұтастығының жарқын айғағы болды. Бұл көтерілістің астарында біздің халқымыздың ауызбіршілігі, ынтымағы, бірлігі жатыр. Кеңес өкіметінің озбыр саясатына қарсы шыққан азаматтардың ішінде созақтық жерлесіміз Ыбырай Жылқыайдаровта болды. Көзі ашық көкірегі ояу азамат жүйесіз қысымға шыдай алмай жерлестерімен бірге үстем тап өкілдеріне қарусыз қарсы шықты. Үстін-үстін шабуылды қақтығыс кезінде иығынан ауыр жараланған Ыбырай қызыл әскерлердің қолына түседі. Бірге болған жора-жолдастарыңды тауып бер, түрін түстеп бер деген тергеушілер тарапынан берілген талапты орындаудан бас тартқан Ыбырай азап пен қорлықтың, қинау мен зомбылықтың бәрін бастан кешеді. РСФСР-дің Қылмыстық Кодексінің 58-2,58-7,58-10 баптарымен қылмысты деп тауып ақтауға жатпайды деп танылған. «Көтеріліске қатысушы, бандылық топтың мүшесі» деген жала жабылған. 1930 жылы 6 қазанда тұтқынға алынып, Түркістан қаласындағы тұтқындар үйінде жатады. Ақыры 1931 жылы 10 наурызда өкім етіп,  Ыбырайды қасындағы он үш серігімен қоса 1931 жылы 1 сәуірде атып тастайды. Ату үкімі Түркістан қаласында орындалады. 1993 жылы ақталады. Алпыс жылдық уақыт аралығында бүкіл Созақ даласын кезген батыр рухы «халық жауы» деген жалалы аттан адаланады. Бұл жаладан батырдың туған-туыстары, ұрпақтары қаншама зәбір көрді. Қорасы қасында, ауласы қарсысында тұрған туысы болса да қылышынан қан сүмектеген саясаттың қаһарынан қорқып араласа да алмаған күндер бүгінде сексен-тоқсанды алқымдаған қарттардың әлі жадында. Мал бағып жүрген момын кедей шаруа  қалай ханның кеңесшісі болады. Расында белсенді, көзі қарақты, еті тірі жан болғаны белгілі, алайда ату жазасына кесу үшін біраз жалған мәліметтерді қосқаны белгілі болып тұр. Ол уақытта да өкіметтің тапсырмасы бойынша «пәлен халық жауын табасың!» деген құлақ кесті солақай тапсырма болғаны анық. «Жерің Созақ, өзің қазақ сағанда он жыл!» дейтін сұр заманды кезең ғой. Міне, сол 1930 жылдан күні бүгінге дейін осы екі-үш парақтық мұрағаттық қағаздардан басқа бірде-бір құжаттары сақталмаған. Тек ғана Б.Мейірбековтің «Созақ елі» атты  кітабында  Ыбырай Жылқыайдаровтың 1911 жылдың 5 сәуіріндегі Шымкент уезі Құршу болысы әкімшілігінің тізімінде №1 ауылдың старшындығына кандидат екендігі жазылған. Өзі тұтқынға алынғанда артында жары, балалары қалған болатын. Отбасының көрген азаптары өз алдына бір кітап. Ыбырайға ұсталғанға дейін пана болған Шу өңірі кейін оның бала-шаға, тұқым-зәузатына тұрақты мекен болды. Қарап отырсаңыздар тізімнің ішінде сексеннен асқан қарияларда жүр. Бала демей, қарт демей «халық жауларының» санын көбейту мақсатында қыра берген екен ғой.Ұрпақтар сабақтастығы жалғасып бүгінгі бабалар аңсаған Тәуелсіздікке де жеттік. Алдыңғы толқын арман еткен жұмақты жағада тұрмыз. Әр ғасырлардың өз жарасы бар. Жазықсыз жапа шеккен бабалар құрметіне болашақта  «Азалы рух» ескерткішінің Созақ ауылында бой көтеруі заңдылық болар еді. «Өлі риза болмай тірі байымас» деген нақылдың астарында өлілер рухының жан дауыстары естілгендей болады. Бұл  мемлекеттік тұрғыда немесе халық болып жұмыла кіріссе де іске асырылуға кезегі келген сауапты шара деп айтар едім. Өткенге салауат ету бүгінгі ұрпақ еншісі. Әр жыл сайын Созақ ауылындағы әйгілі «Дуана» қапасы маңына әруақтар құрметіне құрбандық шалынып, құран оқылса, «Дуана» мемориалдық кешені орнатылатын уақыт жетті. Ол кешеннің тарихи маңызы сан ғасырға мұра, ұрпаққа өнегелі орын болып қалар еді.

МАҚСАТ ҚАРҒАБАЙ

Latest news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...

Related news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...