ОҢТҮСТІКТЕ СОЗАҚ ДЕГЕН ЕЛ БАР!

Созақ қазақ даласы. Кең жазира жеріміздің бір пұшпағы. Мұнда, дастарханнан енші алыспаған қазақтар тұрады. Арағырақтан айтқанда Алпамыс батыр жырында айтыла беретін Баба түкті Шашты Әзіз жатыр. Түгел түркі жұртына ортақ тұлға Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи бабамыздың жаназасын шығарған Қара бура әулиеде осында. Елім-ай әніндегі, «Қаратаудың басынан көш келеді, Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді» деген атақты Қаратауда осы Созақ ауданында көсіліп жатыр. Қазақ тарихы айтылғанда Созақ даласын айналып өте алмайды. Өйткені Қазақ ел болып ең алғашқы туын тіккенде Созақ астана болды деген деректер бар. Бұл Созақ шежіресі.

Еліміз бойынша ең танымал тұлғалардан да атай кетейін. Атақты күйшілер, Сүгір Әліұлы, Төлеген Момбеков. Қобызшы Жаппас Қаламбаев. Шертпе күйдің хас шебері Генерал Асқаров. Қазақта, «Созаққа барсаң күйшімін деме» деген сөз осы кісілердің күйшілік құдіретін мойындағандықтан айтылған. Бұлар Созақ үні.

Қазақ тіл білімінің негізін салушылардың бірі, Қазақ ССР Ғылым академиясының ірге тасын қаласқан, халқымызға аты әйгілі түрколог-ғалым Ісмет Кеңесбайұлы Кеңесбаев. Көрнекті драматург – Асқар Сүлейменов. Бір кездесуде атақты Асқар Сүлейменовтен «Аға, сіз Шымкент облысынансыз ба?» деп сұрапты. Асекең: «Жоқ, мен Созақтанмын!» дейді. Сонда әлгі: «Дұрыс қой, Созақ Шымкентке қарамай ма?» десе, «Жоқ, Шымкент Созаққа қарайды» деген екен. Бұл қазақ ұлтының абыройын асқақ, Созақ елінің мәртебесін биік етіп жүрген аптал азаматтар.

Отызыншы жылдары орыстан келген апатқа қарсы тұрып, атақты «АЛЛАХУ» көтерілісін бастағанда осы Созақ жұрты. Бұл көтеріліс қазақ даласындағы ең ірі көтерілістердің бірі болған. Бірақ үкімет тарапынан әлі де лайықты бағасын алмай келеді. Орысқа қарсы қол бастаған Салықбай мергенге ең болмаса бір көшенің аты берілмеуі соның дәлелі. Аллаху қырғынынан кейін аштыққа ұрынған елді Сұлтанбек Қожанов құтқарып қалды. Белгілі қоғам қайреткері елді аштықтан құтқарған «ақысына» орыстың қолынан атылып кетті. Бұлар Созақ ұлтшылдары.

Созақ табиғатына сән беріп, Қаратау тәжіне айналған Келіншектау келбеті де бір керемет көрініс. «Келіншек тау» аңызы исі қазақ жұртына кеңінен тараған. Сәкен Сейфуллин түрмеден қашқанда «АҚСАҚ КИІК» әнініне арқау болған атақты Бетпақдала жатыр көсіліп. Мойнқұм жалдарында «Сәкен асуы» аталатын асуда бар. Шәмші Қалдаяқовтың «Теріскей» әні де осы Созаққа арналған. Шәмшіні бала күнінде Созақтан кетті деседі. Жыныс ата ауылында «Шәмшінің бұлағы» аталған кішкене бұлақ бар.

Созақта Алтынтау аталатын тау бар. Ақ патшаның кезінде осы таудан алтын өндірілген. Қазіргі уақытта қайта қолға алынып алтын өндірісі жұмыс жасап тұр. Жер асты байлығы да жетерлік. Созақ уран өндірісінен еліміз бойынша донор аймаққа жатады. Ел қазынасының қомақты бөлігі осы Созақтың уран өндірісінен түседі. Ұлттық компанияны Мұхтар Жакишов басқарып тұрған жылдарда «Болашақта Созақты төрткүл дүние танитын болады. Қазақстанды ең көрікті, ең бай елге айналдырамын» деген сөзі бар. Бірақ аяқтан шалушы алаяқтар Мұхтарды ол арманына жеткізбей жіберді.

Шерхан Мұртазаның жазғаны бар, «Оңтүстікте Созақ деген ел бар. Бұл шалғай жатқан, өзіне Қыдыр қонған ел» деген. Заңғар жазушымыз Мұхтар Әуезов Созаққа жасаған соңғы сапарында, «Созақты білмеген Қазақты білмейді» деген тұжырым жасапты. Тәкен Әлімқұлов «Мына қарт Қаратауға тіл бітсе, қазақтың талай тарихы ашылар еді-ау» деген екен. Бұл ірі ойшылдарымыздың Созақ туралы толғамдары.

Созақ Қазақтың қасиетті мекені. Созақта бір күн болған адам, оны өмір бақи ұмыта алмайды. Осынау киелі туған өлкемді жалпақ жұртқа таныстыру мақсатында жалпақ тілмен ықшамдап жазып отырмын. Созақ Қазақтың ажырамас бір бөлшегі. Қыртысы қалың Қаратау байлығы да елге ортақ. Сағымдай бұлдыраған сары даланың да иесі өзіңсің жұртым.

Айдар Темірбекұлы

Latest news

ЖЕР МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША

 Үстіміздегі жылдың 30 наурыз күні Сызған, Созақ ауылдық округтері мен Таукент кентінде аудан прокуратурасының прокуроры Б.Бейсембай мен аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің маманы Е.Айтжанның...

Карантиндік шектеу шаралары күшейтіледі

Апталық аппарат отырысында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев коронавирустың таралуына жол бермеу үшін Түркістан облысында карантиндік шектеу шараларын күшейтуді тапсырды. Алдағы мерекелік күндері халықтың шоғырлануына...

Елбасы Ұлттық банк төрағасын қабылдады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан экономикасының 2021 жылғы дамуы жөніндегі...

Темірден түйін түйген

Сызған ауылында туып-өскен Қанаев Жұмағали ағамыз ( бұл кісіні барлығы "Жұман " деп атайды) темірден түйін түйеді. Мектепті бітіргеннен кейін ауылдағы гаражға жұмысқа тұрғаннан...

Related news

ЖЕР МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША

 Үстіміздегі жылдың 30 наурыз күні Сызған, Созақ ауылдық округтері мен Таукент кентінде аудан прокуратурасының прокуроры Б.Бейсембай мен аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің маманы Е.Айтжанның...

Карантиндік шектеу шаралары күшейтіледі

Апталық аппарат отырысында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев коронавирустың таралуына жол бермеу үшін Түркістан облысында карантиндік шектеу шараларын күшейтуді тапсырды. Алдағы мерекелік күндері халықтың шоғырлануына...

Елбасы Ұлттық банк төрағасын қабылдады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан экономикасының 2021 жылғы дамуы жөніндегі...

Темірден түйін түйген

Сызған ауылында туып-өскен Қанаев Жұмағали ағамыз ( бұл кісіні барлығы "Жұман " деп атайды) темірден түйін түйеді. Мектепті бітіргеннен кейін ауылдағы гаражға жұмысқа тұрғаннан...