Фашизм мен милитаризді талқандаған….

  1924 жылдың қаңтар айының алғашқы күні созақ ауданы Сызған ауылындағы Дүйсебек қарияның шаңырығында шекесі торсықтай қара бала іңгәләп дүние есігін ашады. Әке-шешесі ел көрсін,жер көрсін деген ырыммен  азан шақырып Қыдырәлі деп ныпсы береді. Шындығында да, періште «аумин» деді ма көкеміздің 20 жылы туған жерінен жырақта өтті.

1942 жылы қыркүйек айының 7-де әскер қатарына алынған Қыдырәлі көкеміз Ұлы Отан соғысының нағыз қызып тұрған кезінде қолына қару алып қан майданға араласып кете барды.

Кеңес әскерінің 338-ші атқыштар дивизиясында мергендер ротасы қатарында Беларусь, Смоленск, Могилев, Духовщина, Сталинград, Орел, Кенисберг жерлерінде кескілескен шайқастарда Отан үшін жанын бәске тігіп фашистерге қарсы арыстандай арпалысты.. Өздеріңіз көріп отырғандай аталған майдан далаларында екінші дүниежүзілік соғыстың ең бір қанды қасап шайқастары жүріп өткені тарихтан мәлім. Неміс фашистерін өз ордасында тізе бүктірген Қыдырәлі көкемізді 1945 жылдың 9-мамырынан бастап қыркүйек айына дейін жапон милитаристеріне қарсы майданға жібереді. Манғолияның шөл далаларын ,Үлкен Хинган, кіші Хинган асуларынан асып Маньчужирья, Чжжолайнур, Холунь аймақтарын жапон басқыншыларынан азат етеді. 338-ші атқыштар дивизиясында Беларусь майданынан бастап жапон милитаристеріне қарсы майдандағы жанқиярлық ерліктері үшін Жоғары әскери қолбасшы И. Сталиннің жекелей жолдаған алғыс хатымен марапатталған. Сонымен бірге, 39-шы Армия қолбасшысы Совет Одағының батыры , генерал-полковник Людников, әскери кеңес мүшесі, Совет Одағының батыры генерал-лейтенант Бойко, 39-шы Армия саяси бөлімінің бастығы генерал-майор Петровтардың өз қолдарынан алғыс хаттар алып, естелік сыйлықтармен марапатталды.

  «Қырық жыл қырғын болса да ажалды өледі» демекші сондай қанды қасап сойқандардың бел ортасында болған көкеміз бес рет жарақат алады. Және оның үшеуі ауыр болады. Дегенмен де, госпиталда емделіп қатарға қайта қосылып отырды.

Соғысты гвардия лейтенанты шенінде аяқтаған Дүйсебеков Қыдырәлі 1945 жылдың қыркүйек айынан 1947 жылдың қараша айына дейін Порт-Артур қаласында әскери қызметте болады. Майдан даласын қатардағы жауынгерден бастап бөлімше командирі батальон командирінің орынбасары қызметіне дейін көтерілген.

Көзі ашық ,көкірегі ояу көкеміз отбасы жағдайын ойлап  1947 жылы Сталинге тікелей өтініш жасап әскери қызметтен босанып елге оралады.

Майдан даласында көрсеткен ерлігі үшін Қыдырәлі көкеміздің кеудесіне «Қызыл Жұлдыз», «Отан соғысының» І, ІІІ -дәрежелі ордендері, «Сталинградты қорғағаны үшін», «Ерлігі үшін», «Кенисбергті алғаны үшін» марапаттар және тағы да басқа тағылды.

Әскери қызметтен босаған соң  1947 жылдың 6-қарашасынан бастап Ішкі істер министрлігінің №1136 басқармасының бұйрығымен құқық қорғау саласына жұмысқа орналасады. Темірдей тәртіпке үйренген көкеміз ол жерде де абыроймен 1954 жылдың сәуір айына дейін милиция болып қызмет атқарды. 1954 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі істер басқармасының бөлім басшысы майор Захаровтың №285 бұйрығымен қызметтен денсаулық жағдайына байланысты босатылған. Туған ауылына келіп зейнеткерлікке шыққанша түрлі шаруашылық жұмыстарын атқарып кіші мал дәрігері қызметімен құрметті демалысқа шығады. Кіндінен тараған 4 ұл, 2 қыздан немере-шөберелерінің қызығын көрген батыр көкеміз.

Еуропа пен Азияның біраз жерін адамзатқа қарсы жаулардан тазартқан Дүйсебеков Қыдырәлі 2010 жылы бақилық сапарға аттанып, жамбасы кіндік кескен жеріне тиді.

 Биыл сол қанды қырғынның жеңіспен аяқталғанына да 75 жыл толып отыр. Қәзіргі таңда ауданымызда соғыстың куәгері болған үш қана ардагер қалды. Аталар ерлігі ұрпаққа үлгі. Отан үшін отқа түскен, жан берген аталарымыз бен апаларымыздың жасампаз ерліктерін мәңгі естен шығармау ұрпаққа аманат.

 P.S  Сызған ауылында жер жағдайына байланысты қойыла салынған «Тастақ» көшесі және бойында ауыл мектебі орналасқан соң  «Мектеп» көшесі деп тіркелген көшелер бар. Сол көшенің біріне  Ұлы Отан соғысының ардагері, гвардия лейтененты, «Қызыл Жұлдыз», І және ІІІ дәрежелі «Отан соғысының» ордендерінің кавалері Дүйсебеков Қыдырәлі көкеміздің аты берілсе деген ұсынысым артық болмайтын шығар. «Өлгендерін ескерген өскендіктің белгісі».

   Сержан Бегманұлы

   ҚР Журналитер Одағының мүшесі

Latest news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...

Related news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...