Берекелі бірлігіміздің ұйытқысы

Еліміздің ең ұлық, ең мәртебелі мерекесі-Конституция күні. Бұл мерекенің түп қазығы осыдан 30 жыл бұрын 1991 жылы 16 желтоқсанда тұңғыш рет ел дербестігінің негізі қаланып, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңынан бастау алып, Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін жариялады. 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда ел дербестігінің негізін қалаған құжат ретінде қабылданды.

Бұл еліміздің тәуелсіздігі тарихындағы жаңа белестерді ашқан тарихи күн болды, әрі тәуелсіз ел атанудың алғышарттары айқындалды. Бір жыл алдын қабылданған Декларацияда белгіленген заңдық нормалар шеңберінде Қазақстан егемен мемлекет ретінде республика мәртебесін іске асыратын жаңа Конституция мен басқа да заңдық – құқықтық актілерді әзірлеу мүмкіндігін алды. Тарихи тұрғыдан зерделесек, қас-қағым сәт саналатын санаулы жылдардың ішінде еліміз сындарлы тұстардан сүрінбей өтіп, ауқымды реформаларды жүзеге асырды. «Жеті жарғыдан» бастау алған қасиетті заңымызға деген құрмет исі қазақ баласы үшін нағыз биік тұғырдың үстіне қонған қыран құстай қастерлі еді. Бүгінде Қазақстанның әлем қауымдастығы алдындағы абыройы биік, мәртебесі жоғары. Осы Тәуелсіздігіміздің 30 жылы ішінде мемлекеттілігіміз орнығып, ұлы жетістіктерге негіз болатын заңдық база, қуатты атқарушы билік сатысы, нормативтік жүйе қалыптасып, реформаларды жеделдетудің құқықтық-саяси негізі қаланды.Егеменді еліміздің Тұңғыш Президенті, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: «Бүгінгі біздің тәуелсіздігіміздің қайнар көзі — қазақ халқының сан ғасырлар бойғы күресінде, азаттыққа ұмтылған қайсарлығында», деуінде терең мағына бар. Себебі, небір зұлмат замандарды басынан өткеріп, жаңа мыңжылдық есігін қолындағы көкбайрағымен, бай әдебиет-мәдениетімен, бабалар қалыптастырып кеткен сан салалы салт-дәстүрлерімен, көк күмбезіне қалықтаған әуезді әнұранымен ашқан, еңсесін тіктеп, көжиегін кеңейткен халқымыз бүгінде дүниежүзілік қауымдастықтың ең беделді серіктестігіне айналды. Бұл ретте Қазақстан 1992 жылдан бері БҰҰ-ның толық құқылы мүше екенін, Еуропа қауіпсіздігі мен ынтымақтастығы ұйымы, ЮНЕСКО сияқты 70-ке жуық халықаралық ұйымдарда өкілдігі бар абыройлы елге айналды

Қазақстанды қазір бүкіл әлем жұрты этносаралық және конфессияаралық ынтымақтастықтың бірден бір үлгісін жасаушы мемлекет ретінде таниды. Мемлекетіміздің жаңа мемлекет қалыптастырудағы айқын жоба-жоспарға түзілген стратегиялық қадамдарының қаншалықты маңызды екені күн өткен сайын нақтылана түсуде.  Еліміздің әлеуметтік-экономикалық тұрғыда өсіп-өркендеуі үшін ұзақ мерзімді «Қазақстан-2050» стартегиялық бағдарламасы қабылданып алдағы бағыт-бағдары белгіленді.

Тәуелсіздік жылдары айшықты астанамыздың Сарыарқа төсінен орын алуы, халқымызға күш-қуат, ынтымақ пен бірліктің рухын құйғандай. Осы жылдар ішінде халқымыздың мәдениетінің, өнері мен тарихының қайта  дамуына тың серпін берген «Мәдени мұра» бағдарламасының жүзеге асырылуы, республикалық референдумда қабылданған       Ата заңымыз- Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекетіміздің ойдағыдай дамуының құқықтық ірге тасы болып табылуы, төл теңгеміздің айналымға түсуі, Қарулы Күштеріміздің жасақталуы, қасіретті зардап ошағы Семей ядролық полигонының жабылуы, Еуропа қауіпсіздігі мен ынтымақтастығы ұйымына төрағалық ете отырып,  арадағы сан жылдық үзілісті жалғаған Саммиттің өткізілуі,  Ән ұранымыздың шалқып, Көк туымыздың желбіреуі, шекарамыздың нықталуы, дүние жүзі көз тіккен Азиада ойындарының өтуі, Олимпиада ойындарында спортшыларымыз бен бірге ел мерейінің жарқырай жануы, әлем елдері дәстүрлі дін өкілдерінің бас қосуын өткізуі, дағдарыс шарпуынан сақтану мақсатында дүниежүзілік экономикалық форумның өтуі, Ислам конференциясына төрағалық етуі, «Экспо-2017» халықаралық көрмесінің біздің мемлекетімізде өткізу құқығын жеңіп алуы теңдесіз істің телегей жемісі.

Парижде Халықаралық көрмелер бюросы бас Ассамблеясының 152-сессиясындағы дауыс берушілердің басым көпшілігі бізге бәсекелес болған Бельгияны емес, Астанана таңдады. Халықаралық көрмелер бюросына мүше 150-ден астам ел өкілдерінің 103-і Қазақстанның кандидатурасын қолдады.  Астана «ЕХРО-2017»-нің орталығы болады. Бұл көрменің арқасында мемлекетіміздің танымалдылығы арта түседі, экономикасының дамуына ықпал ете отырып, елімізге миллиардтаған доллар қосымша инвестиция келеді.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың идеясымен құрылған Қазақстан Халқы Ассамблеясы зор қызмет атқаруда. Көптеген ұлт пен ұлыстың өкілдері мекен еткен Тәуелсіз Қазақстанның болашағы жарқын, бағыты айқын.Соның айғағындай жыл сайын 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күнін атап өтуде дәстүрге айналдырудамыз.

Ынтымағымыз бен бірлігіміздің жемісіндей өзге мемлекеттерде болып жатқан қақтығыстар бізде орын алған жоқ.Біз ең алдымен ұлттық келісімге арқа сүйей отырып, тұрақты экономикалық өсуге, халықтың тұрмыс деңгейін арттыруға қол жеткізудеміз.

Созақ ауданының әлеуметтік-экономикалық өрлеу бағыты еліміздің ертеңіне деген сенімін еселей түсуде. Тәуелсіздігіміздің берген жемісі ретінде аудан халқының игілігіне жаңа ауруханалар, заманауи талапқа сай үлгіде мектептер, балабақшалар мен шағын орталықтар, шағын зауыттар салынып пайдалануға берілуде.Ынтымағымыз бен татулығымыздың, бірлігіміз бен берекелі тірлігіміздің ұйытқысы Тәуелсіздік күні, бабаларымыз арман еткен бүгінгі Тәуелсіздігіміздің түп қазығы айтулы мереке елге зор қуаныш әкелуде.Ұлттық рухтың мерекесі ел-жұртымызға құт-береке, тыныштық, толайым табыстар мен қуаныш әкелетіні кәміл, өйткені біздің ел татулық пен тұрақтылықтың ұя салған мекені екендігімен алты алашқа әйгілі.

Мақсат Қарғабай,

Latest news

ҰЛТТЫҚ ЖОБА БОЙЫНША 236 МҮГЕДЕКТІГІ БАР АЗАМАТ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

2022 жылы кәсіпкерлікті дамытудың «2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық жобасы» шеңберінде мүгедектігі бар 90 адамды жұмыспен қамту жоспарланып, 236 азаматтар жұмыспен қамтылды. Атап айтсақ, тұрақты...

Аудан басшысы Шу бойындағы халықпен кездесулер өткізді

Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков ҚР Президентінің 2022 жылғы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру аясында Шу, Тасты ауылдық округтерінде болып, халықпен кездесті....

Бөлім бастығы есеп берді

Өткен аптаның сәрсенбісі күні аудан әкімшілігінің үлкен мәжіліс залында Түркістан облысы ПД Созақ аудандық полиция бөлімі бастығы, полиция подполковнигі Ж.Нысанбаев аудан тұрғындарына 2022 жылдың...

МЕДИЦИНА САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРІНЕ АУДАННЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ ТӨСБЕЛГІСІ ТАБЫСТАЛДЫ

Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков денсаулық сақтау саласында ұзақ жылдар бойы қызмет еткен Түзелбек Абжановты қабылдап, «Созақ ауданының Құрметті азаматы» төс белгісін табыс етті. –Саналы ғұмырыңызда...

Related news

ҰЛТТЫҚ ЖОБА БОЙЫНША 236 МҮГЕДЕКТІГІ БАР АЗАМАТ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

2022 жылы кәсіпкерлікті дамытудың «2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық жобасы» шеңберінде мүгедектігі бар 90 адамды жұмыспен қамту жоспарланып, 236 азаматтар жұмыспен қамтылды. Атап айтсақ, тұрақты...

Аудан басшысы Шу бойындағы халықпен кездесулер өткізді

Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков ҚР Президентінің 2022 жылғы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру аясында Шу, Тасты ауылдық округтерінде болып, халықпен кездесті....

Бөлім бастығы есеп берді

Өткен аптаның сәрсенбісі күні аудан әкімшілігінің үлкен мәжіліс залында Түркістан облысы ПД Созақ аудандық полиция бөлімі бастығы, полиция подполковнигі Ж.Нысанбаев аудан тұрғындарына 2022 жылдың...

МЕДИЦИНА САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРІНЕ АУДАННЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ ТӨСБЕЛГІСІ ТАБЫСТАЛДЫ

Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков денсаулық сақтау саласында ұзақ жылдар бойы қызмет еткен Түзелбек Абжановты қабылдап, «Созақ ауданының Құрметті азаматы» төс белгісін табыс етті. –Саналы ғұмырыңызда...