Ақ батам-ел тыныштығы!

1926 жылы  Әзербайжан Республикасында дүниеге келдім. Біздің  әулет Сталиннің репрессиясына ұшырап1937 жылы Қазақстанға жер аударылды. Ол уақытта мен он жаста екенмін. Осы жерде Ленин атындағы орта мектепте оқып, жетінші сыныпты тәмамдап,  Ворошилов колхозына қарасты  мектепте мұғалім болып жұмыс істедім. 1945 жылдың қаңтар айында майданға аттанып, Курск маңында 6 ай соғысқа дайындалып, алты айдан соң  алғаш рет әйгілі Днепр өзені  маңында майданға кірдім. Ол жерде 25-ші гвардиялық атқыштар двизиясының 370-шы полкында минометшы- көздеуші болдым. Бір жолы шайқас қызып жатқанда немістің екі солдатын қолға түсіріп «тіл» есебінде бөлімшеге алып келгенім бар. Расында тұтқын өздерінің қанша солдаттары бар екенін, техника түрлері, қай уақытта шабуылға шығатыны жайлы құнды мәліметтер берді.

Соғыстан кейін Ташкенттегі ауылшаруашылығы институтын тәмамдап, агроном мамандығын игеріп шығып, 1968 жылдан  кеңестік шаруашылықтарда 17 жылға жуық агроном болып қызмет атқарып ауылдың көріктенуі мен қөгалдануына үлес қостым, бау-бақша отырғызуды жақсы көремін. Бұл істен рахат аламын. Жеміс-жидектің барлық түрін өсіріп көрдім. Сол уақыттарда «Правда», «Сельская жизнь», аудандық «Молшылық үшін» газеттерінде іс тәжірибелерім кеңінен таратылады.1990 жылы абыроймен еңбек демалысына  шығады. Жанұямызда 11 бала дүниеге келді. Барлығы да қалаған оқу орындарын бітіріп, бір-бір мамандықтың иесі атанды.Кіндігімнен тараған 41 немерем, 70 шөберем  бар.  «Изенді» шаруа қожалығын құрып  мал өсіріп, егін егудеміз. Құдай қосқан қосағым  Рахия апаларың екеуміз шаруашылық басында балаларға басшылық жасап, ақыл кеңестерімізді беріп келеміз. Біздің отбасымыз көп ұлттың өкілі бас қосқан интернационалды отбасы. Отбасымызда түрлі жеті ұлттың өкілі біте қайнасып тіршілік етуде.

-Біздің отбасымыз қуғын-сүргін жылдары көп қиындық көрді. Біз бала болсақта ата-анамыздың, бауырларымыздың, жалпы сол кездегі халықтың басына түскен нәубетті көріп өстік. Сондықтан бізге ынтымақтың, бейбіт өмірдің, татулықтың құны қымбат. Елдің амандығын, тыныштығын тілейміз.Біз көрген соғысты кейінгі ұрпақ көрмесін. Адал еңбек етіп, ащы маңдай теріңмен теріп жеген нанның дәмі ауыздан кетпейді. Несібені жер анадан теру керек. Халқымыздың әрбірі еңбекті, оның ішінде егіншілікті, мал шаруашылығын, қол өнерді кәсіп ете білсе қашанда елімізде тойыншылық болады.

Президентіміз  нағыз көреген басшы. Алыс-жақында зерделі болжайды. Түрлі қиында соқпақты жолдармен көш бастап халқын тығырықтардан алып шығып келе жатыр. Сондықтан бәріміз Президентімізге қолдау білдіріп көмек беруіміз керек. Көмек деген не? Ол қария болып елдің ауызбіршілігіне жұмыс жасауымыз керек. Мемлекеттің тілін, салтын, әдеп-ғұрпын құрметтеуіміз өзімізді құрметтегеніміз болар еді. Өзге мемлекеттерді күнделікті ақпарат құралдары беттерінен көріп отырсыңдар. Қандай жағдай болып жатыр. Құдай сондай алауыздығынан сақтасын. Қиын қыстау кезеңде қолтығымыздан демеп, бар жақсылығын аямаған қазақ халқына, ел басқарған басшыларға алғыс айтамын.Ынтымақтың туын биік ұстап ұдайы ауызбірлікте құшақ айқастырып кездесе берейік.

Шәміл Тағиев,

Созақ ауылы

Latest news

Халық сұранысы қанағаттандырылуда

Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Жуантөбе ауылдық округі тұрғындарымен кездесу барысында, тұрғындар тарапынан ауыз су мәселесі көп көтерілген болатын. Қазіргі таңда аталған мәселе бойынша жүйелі...

Халықаралық турнир жалауын көтерді

Шымкент қаласындағы жеңіл атлетика спорт кешенінде Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттықтырушы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Оңалбеков Жарылқасын Керімбекұлының жүлдесіне арналған қазақ күресінен ересектер арасындағы...

СОЗАҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ КӨКТӨБЕ ЕЛДІМЕКЕНІ 100 ПАЙЫЗ ЗАМАНАУИ ЖОЛМЕН ҚАМТЫЛДЫ

Тұрғындар тарапынан көтерілген өзекті мәселенің бірі болған Созақ ауылы, Көктөбе елді мекенінде 6 көшені асфальттау жұмыстары жүргізіліп, қазіргі таңда елдімекен 100 пайыз заманауи жолмен...

ҚАРАТАУ, ҚАРАҚҰР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Қаратау, Қарақұр ауыл округінде халықпен кезекті кездесуін өткізді. Аталған жиында Қаратау ауылының тұрғындары сауалдарын қойып, көкейлерінде жүрген мәселелерін жеткізді. Аудан...

Related news