Ағаш ек, тал ек, туған жерді түлет!

Сексеуіл елдің байлығы

Көктем келген сайын жыл сайын сексеуіл көшеттерін отырғызуды жапай қолға аламыз.  Осынау табиғат байлығының өсу мен айналаға көрік беріп жайқалуы әрбір аудан тұрғындарына маңызды.  Таза экология, таза ауа, құмның тұрақтауы, жасыл белдеулі аймаққа айналып, ондағы жан-жануарларымыздың еркін жүруі ертеңгі ұрпағымыз үшін аманат. Өрттің қауіпті маусымының басталуына байланысты тау бөктеріне жапсарлас орналасқан ауыл тұрғындары арасында жиналыс өткізілді. Ол жиында ауыл тұрғындарына өрттің зияны мен қауіпсіздігін сақтау туралы;  отты тек қана арнайы жерде жағуға , пайдаланғаннан кейін сумен немесе топырақпен сөндіру қажеттігі туралы және т.б. қауіпсіздік ережелері туралы түсіндірме жұмыстары жүргізу тұрақты жүзеге асырылып келеді.

Сіз бен біз өзіміз өмір сүріп отырған қоршаған ортаға өле-өлгенше қарыздармыз. Айналамыздағы орман тоғай, аң-құс қашанда жер ананың сәнін беріп тұрады. Десекте, адамдар тарапынан жіберіліп отырған олқылықтар ашкөздене жер байлығы сексеуілді есепсіз сындыру, аң-құсты атып құрту, өрт тудыру сынды табиғат байлықтарының өртке орануы адам қолынан жасалып отырған қылмыс демеске лажымыз жоқ. Кенеттен болған өрт аң-құсты қыру, сексеуіл қарабарқын сынды табиғат байлықтары болашағымызға жасалған қиянатымыз.

Мұның артында экологиялық проблемалардың тұрғаны барлығымызға белгілі. Жер планетасының ғасырлар бойы барлық жануарлар дүниесі адамзат баласы үшін тіршілік негізі –таза ауа екені баршамызға белгілі. Ол тек өсімдіктер дүниесінен бөлініп шығатын оттегі. Ал табиғаттың өзі берген орман, оттегінің көзі екені де рас.

Ендеше ауданымыздағы мол байлық орманды жерлерді сақтап,ондағы өсіп  -өніп отырған аңдардың  қадір-қасиетіне жету сіз бен біздің борышымыз.  Бүкіл аудан тұрғындары қоршаған ортаның экологиялық тазалығына, орманды  жерлердің өсіп, өніуіне  қарсы  қауіпсіздік  шараларын  сақтасақ,  аң-құстарды  аялап ұстасақ, табиғатқа  бір  мезгіл  көңіл  бөлсек, ағаш шыбықтарын отырғызсақ, өзіміздің  Жер-Анамыздың  алдындағы үлкен парыздың орындалғаны болар еді.

Бақтыбек Қожақов,

Аудандық орман шаруашылығының күзетші-қорықшысы

Latest news

Халық сұранысы қанағаттандырылуда

Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Жуантөбе ауылдық округі тұрғындарымен кездесу барысында, тұрғындар тарапынан ауыз су мәселесі көп көтерілген болатын. Қазіргі таңда аталған мәселе бойынша жүйелі...

Халықаралық турнир жалауын көтерді

Шымкент қаласындағы жеңіл атлетика спорт кешенінде Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттықтырушы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Оңалбеков Жарылқасын Керімбекұлының жүлдесіне арналған қазақ күресінен ересектер арасындағы...

СОЗАҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ КӨКТӨБЕ ЕЛДІМЕКЕНІ 100 ПАЙЫЗ ЗАМАНАУИ ЖОЛМЕН ҚАМТЫЛДЫ

Тұрғындар тарапынан көтерілген өзекті мәселенің бірі болған Созақ ауылы, Көктөбе елді мекенінде 6 көшені асфальттау жұмыстары жүргізіліп, қазіргі таңда елдімекен 100 пайыз заманауи жолмен...

ҚАРАТАУ, ҚАРАҚҰР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Қаратау, Қарақұр ауыл округінде халықпен кезекті кездесуін өткізді. Аталған жиында Қаратау ауылының тұрғындары сауалдарын қойып, көкейлерінде жүрген мәселелерін жеткізді. Аудан...

Related news