1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні Татулық пен достықтың мерекесі

  Қазақтың байтақ даласы бүгінде 130-дан артық ұлт өкілдеріне ортақ отан болып тұр. Сол себепті де 1 мамыр – халқымыздың бірлігі күні болып есептеледі.
Әрі бұл күн, Қазақстан халқы үшін ең ірі мерекелердің бірі. Еліміздің барлық өңірлерінде дерлік 1 мамыр тойланады. Мақсаты, ел ішіндегі түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттырып, татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды насихаттау.
  «Бірлік болмай тірлік болмас» деген атам қазақ. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерек.
  Жыл сайын атаулы мерекеде Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын тойлайды. Еліміздегі этностарды бұрынғыдан да жақындастыру үшін бүкіл Қазақстанда жаппай патриоттық шерулер өтеді.
Бүгінде «Достық» атты бір шаңырақ астына шоғырланған әрбір ұлттық-мәдени орталықтар мерекеде ән айтып, би билеп, жалпыхалықтық мейрамда дәстүр мен салтқа толы түрлі көріністер көрсетіледі. Халықтың көңіл-күйін көтеру үшін түрлі спорттық жарыстар ұйымдастырылады. 1 мамыр – Қазақстанда құрылған негізгі мерекелердің бірегейі болып саналады.
  1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні. 1995 жылдың наурызында дүние жүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. 1996 жылдан бастап аталған мереке тойланып келеді.
  Бұл ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым. Ассамблея 365 мүшесі, 471-ден астам республикалық, өңірлік, облыстық, қалалық ұлттық-мәдени бірлестіктері 500-ге жуық кіші ассамблея мүшелерінің бастарын біріктіріп, біздің ортақ үйіміз – Қазақстанда шынайы достықты қамтамасыз етіп келеді.
  Аталған мереке өзара түсіністік, ұстамдылық, әр түрлі ұлттар өкілдерінің рухани және мәдени құндылықтарына құрметпен қарау әдебі барлық этностарға ортақ жалпы халықтық идеалдар мен қасиеттерді қалыптастыруға әсер етті. Нәтижесінде әрбір ұлт конституциялық құқықтық заңнама негізінде өзіне тән этностық ерекшелігін сақтай отырып, Қазақстанның қоғамдық құрылымына үйлесті сіңісе білді.
  Қазақстанның саяси жүйесінде маңызды тұтқа болып табылатын Ассамблея бүгінгі таңда барлық этностардың мүддесін ортақ қазақстандық мүддеге айналдыруды, ұлттық ерекшеліктеріне қарамастан барлық азаматтардың құқығы мен еркіндігін сақтауды қамтамасыз ететін қоғамдық институт ретінде толығымен қалыптасты.
Қазақстанда тұратын барлық ұлттар мен этностар қалыптастырған ел бірлігі мен тұрақтылықты сақтауға бағытталған қазіргі мол тәжірибе этнос аралық проблемаларды шешудің әлемдік тәжірибесіне енуде.
  Мақсаты – Қазақстан халқының бірлігін нығайту, жастарды достық пен ынтымақтастықта өмір сүруге тәрбиелеу.
  Бүгінде әрбір ұлтқа салт-дәстүрлерін жаңғыртуға, мәдениеті мен әдебиетін дамытуға, тілінің жетілуіне қамқорлық көрсетілуде. Осының бәрі қоғам¬дағы азаматтық ынтымақтастық пен ішкі саяси тұрақтылықты сақтау стратегиясының дұрыс таңдалғаны, ұлтаралық қатынастарды реттеудің тиімді тетіктерінің дұрыс жасалғандығының арқасында мүмкін болуда.
 
Нұрсұлтан Қанатұлы
 
Latest news

Халық сұранысы қанағаттандырылуда

Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Жуантөбе ауылдық округі тұрғындарымен кездесу барысында, тұрғындар тарапынан ауыз су мәселесі көп көтерілген болатын. Қазіргі таңда аталған мәселе бойынша жүйелі...

Халықаралық турнир жалауын көтерді

Шымкент қаласындағы жеңіл атлетика спорт кешенінде Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттықтырушы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Оңалбеков Жарылқасын Керімбекұлының жүлдесіне арналған қазақ күресінен ересектер арасындағы...

СОЗАҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ КӨКТӨБЕ ЕЛДІМЕКЕНІ 100 ПАЙЫЗ ЗАМАНАУИ ЖОЛМЕН ҚАМТЫЛДЫ

Тұрғындар тарапынан көтерілген өзекті мәселенің бірі болған Созақ ауылы, Көктөбе елді мекенінде 6 көшені асфальттау жұмыстары жүргізіліп, қазіргі таңда елдімекен 100 пайыз заманауи жолмен...

ҚАРАТАУ, ҚАРАҚҰР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Қаратау, Қарақұр ауыл округінде халықпен кезекті кездесуін өткізді. Аталған жиында Қаратау ауылының тұрғындары сауалдарын қойып, көкейлерінде жүрген мәселелерін жеткізді. Аудан...

Related news