Қасиетті де салтанатты күн

Көктемнің алғашқы күні, яғни 1 наурыз – ел тұрғындары үшін маңызы жоғары мереке. Бұл күн халықтар достығын нығайтатын, ізгілікке үндейтін айтулы күн. Бұл мерекенің мән-маңызы да осында: ренжіскендер татуласады, әр ұлт өкілдері бір-біріне деген ыстық-ықыласын білдіреді. Елімізде 100-ден астам этнос өкілдері бір шаңырақ астында ғұмыр кешіп жатыр. Өмірде тыныштықтан асқан байлық та, бақыт та жоқ. «Өміріңді ұзартқың келсе, біреуге жақсылық жаса» деген де сөз бар. Ендеше, қыстан аман-есен шығып, көктемнің күнімен қауышқан шақта бір-бірімізге алғыс айтып, жағдай сұраса білсек, бұдан асқан бақыт бар ма?!

Күн жылынып, көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келетін мерекеде Қазақстандағы өзге этнос өкілдері қиын-қыстау кезеңде құшақ жая қарсы алған кеңпейіл де қонақжай қазақ халқына алғыс айтады.

1 наурыз – Алғыс айту күні мерекесі 2016 жылдан бастап елімізде тойланып келе жатыр. Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған еліміздегі бейбітшілік пен келісім саясатының салтанаты күні. Бұл – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымның белгісі. Қазақ халқы қиын-қыстау заманда олардың басына түскен ауыртпалықты қайыспай бірге көтере білді, бұл бүгінгі таңда еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды.

Аталған мерекенің басты мақсатының бірі – өскелең ұрпақты достық, бір-біріне деген құрмет пен толеранттылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу, Қазақстанда этникаралық келісім мен ұлтаралық қарым-қатынасты нығайту болып табылады.

«Біз жиылсақ – көппіз. Жайылсақ – жоқпыз». Қазіргі кезеңде елде ынтымақ пен бірлік – басты құндылықтардың бірі. Бұл мереке келісім мен достықты бұрынғыдан да нығайта түсетіні анық.

Сөз соңында айтарым, «бірлік бар жерде тірлік бар» демекші, бәріміздің қастерлі отанымыз – Қазақстан Республикасы. Сол себепті, жұмылған жұдырықтай болып, әрдайым бірлікте, ынтымақта, ауызбіршілікте өмір сүрсек, еліміздің болашағы жарқын боларына сенемін. Барша аудан тұрғындарын осы айтулы мерекемен шын жүректен құттықтаймын!

Мұхаммеджан Бабаев, ауған соғысының ардагері, Созақ ауданындағы «Өзбек этно-мәдени орталығының» төрағасы.

Latest news

Халық сұранысы қанағаттандырылуда

Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Жуантөбе ауылдық округі тұрғындарымен кездесу барысында, тұрғындар тарапынан ауыз су мәселесі көп көтерілген болатын. Қазіргі таңда аталған мәселе бойынша жүйелі...

Халықаралық турнир жалауын көтерді

Шымкент қаласындағы жеңіл атлетика спорт кешенінде Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттықтырушы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Оңалбеков Жарылқасын Керімбекұлының жүлдесіне арналған қазақ күресінен ересектер арасындағы...

СОЗАҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ КӨКТӨБЕ ЕЛДІМЕКЕНІ 100 ПАЙЫЗ ЗАМАНАУИ ЖОЛМЕН ҚАМТЫЛДЫ

Тұрғындар тарапынан көтерілген өзекті мәселенің бірі болған Созақ ауылы, Көктөбе елді мекенінде 6 көшені асфальттау жұмыстары жүргізіліп, қазіргі таңда елдімекен 100 пайыз заманауи жолмен...

ҚАРАТАУ, ҚАРАҚҰР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Қаратау, Қарақұр ауыл округінде халықпен кезекті кездесуін өткізді. Аталған жиында Қаратау ауылының тұрғындары сауалдарын қойып, көкейлерінде жүрген мәселелерін жеткізді. Аудан...

Related news