Құттықтау!

Қарты бар елдің қазынасы мол
Құрметтi аудан тұрғындары!
Қадiрлi ардагерлер!
Сіздерді 1 қазан — Халықаралық қарттар күнiмен шын жүректен құттықтаймыз!
Біз қашанда «Үлкенге — құрмет, кішіден — ізден» деген сөзді ұран етіп өскен халықпыз. Ақсақалы мен ақ жаулықты анасын ардақтайтын елдің ұрпағымыз. Тәжірибесі мол аға буынның өкілдерінің өнегелі өмірі, біздер үшін үлгі. Сондықтан да осынау айтулы күннің біз үшін маңызы зор.
Қазіргі таңда ауданымызда 2 Ұлы Отан соғысының ардагері, одан бөлек тыл ардагерлері мен зейнет жасындағы абзал қарияларымыз бар. Қазыналы қарттарды қадірлеу, еңбектерін елеу мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Мәселен, зейнетақының өсуi, сауықтыру орталықтарына жіберу, ардагерлерге жасалып жатқан жеңiлдiктер, көпбалалы аналарды марапаттаумен қатар басқа игі шаралар қарт адамдарды қолдау деңгейiнiң жоғары екенiн көрсетедi. «Қарты бар елдің қазынасы бар». Сіздер қай істе де ақылшы, арқа сүйер абзал азамат болып қала бересіздер.
Құрметтi жерлестер!
Сiздерді мерекелеріңізбен құттықтай отырып, мықты денсаулық, ұзақ өмір, отбасыларыңызға амандық тілейміз. Өсіріп отырған ұл қыздарыңыздың немерелеріңіздің қызығын көріп, өмірлеріңіз қуанышқа толы болсын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, мемлекетіміз өсіп өркендей берсін.

Аудан әкімі М. Тұрысбеков

Аудандық мәслихаттың хатшысы Б. Байғараев

(Созақ үні газетінің №72 01.10.2022ж басылымынан)

Latest news

Халық сұранысы қанағаттандырылуда

Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Жуантөбе ауылдық округі тұрғындарымен кездесу барысында, тұрғындар тарапынан ауыз су мәселесі көп көтерілген болатын. Қазіргі таңда аталған мәселе бойынша жүйелі...

Халықаралық турнир жалауын көтерді

Шымкент қаласындағы жеңіл атлетика спорт кешенінде Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттықтырушы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Оңалбеков Жарылқасын Керімбекұлының жүлдесіне арналған қазақ күресінен ересектер арасындағы...

СОЗАҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ КӨКТӨБЕ ЕЛДІМЕКЕНІ 100 ПАЙЫЗ ЗАМАНАУИ ЖОЛМЕН ҚАМТЫЛДЫ

Тұрғындар тарапынан көтерілген өзекті мәселенің бірі болған Созақ ауылы, Көктөбе елді мекенінде 6 көшені асфальттау жұмыстары жүргізіліп, қазіргі таңда елдімекен 100 пайыз заманауи жолмен...

ҚАРАТАУ, ҚАРАҚҰР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Қаратау, Қарақұр ауыл округінде халықпен кезекті кездесуін өткізді. Аталған жиында Қаратау ауылының тұрғындары сауалдарын қойып, көкейлерінде жүрген мәселелерін жеткізді. Аудан...

Related news