Теріскей түлектерінің ерлікке толы жолдары

Теріскей түлектерінің ерлікке толы жолдары 1Күнді күн айды ай қуалап, жылмен жыл жарысып, тарих дөңгелегі тынымсыз алға тартып барады. Адамзат тарихында уақыт көлеңкесі жасыра алмайтын, алыстаған сайын биіктеп, жақындай түсетін өзекті оқиғалар болады. Олар елдің елдік, ердің ерлік қасиетін әлемге жария етіп, кейінгі ұрпақтар жадына мәңгі орын тебеді.

Сондай өшпес оқиғалардың бірі—халқымыздың 1941 жылғы 22 маусым күні басталып, 1418 күн мен түнге созылған қанқұйлы соғыста фашистік Германияны талғандаған Ұлы Жеңіс. Әрине бұл, Жеңіс бізге оңайшылықпен келген жоқ.

Ұлы Отан соғысы жылдары ауданнан майданға 6000-нан астам адам аттанған екен. Сол сұрапыл соғыстағы қан майданда ата жаумен айқасқан жауынгерлер ауданымызда көптеп саналады. Қозмолдақ ауылының түлегі ұшқыш Құрал Рүстемов Чехословакияны жерін азат етуде ерлікпен  қаза тапты.

Жерлес жауынгшерлеріміздің ішінен Жартытөбе селосына қарасты бұрынғы «1 мамыр» колхозынан шыққан құралайды көзге атқан мерген Құрманбек Әлібаев 176 дұшпанның көзін жойып, қазақтың даңқы жауынгерлері қатарында бүкіл елімізге аты әйгілі болады. Ол соғысқа бастан аяқ қатысып, елге аман-есен оралып, еңбекке араласып жүріп қайтыс болады. Ал Жақсыберген Өткелбаев Сталинград түбінен Альпі тауына дейін шеру тартып, жаудың танкісін жоятын артиллерист болды. Будапешт түбіндегі ұрысты бір өзі жаудың 8 танкіне қарсы шайқасты. Біздің жерлестеріміздің ішінен даңқты «Катюшаның» командирі болып Берлинге дейін барған Беркімбай Өтешов, жау ұшағын танк ататын зеңбірекпен атып құлатқан Омарбек Дүйсенбеков, ептілігі мен жүректілігі арқылы жау шебіне еніп, барлаушы болған Атабек Асылбековтердің ерліктері кейінгі толқын жастар үшін өшпес өнеге.

Жеңіс шеруіне қатысқан ауданымыздың асыл азаматтары сызғандық Әбілхайым Бөлетовтің, шолаққорғандық Серікбай Бектібаевтыңесімдері бүгіндері ел есінде.

Уыз жастығын жорық жолдарында қалдырған кешегі солдаттар, бүгіндері есейіп, қарттықтың жотасына шығып, кәрілікке қарай қадам басты. Отан үшін от майданға аттанып, қар кешіп, мұз жастанған Қ.Масаев, Ш.Тұржанов, П.Бекжанов, Ә.Асанов, Ә.Құрманаев, П,Абдуллаев, Ә.Зейілбеков, Т.Мұхамедаминов, «Созақ ауданының Құрметті азаматтары» А.Мұқанов, Е.Ембергенов, Б.Тастыбаев, Л.Ыбыраева, М.Әсенов, Ш.Темірәлиева, А.Асылбеков, Ә.Бөлетов, Ж.Тойлыбаев, Ж.Көшеков тағы басқа көптеген ерлердің есімдерін қазір де құрметпен атаймыз. Әрине, соғыс көптеген жетімдерді, жесірлерді, мүгедектерді соңына қалдырып кетті. Ауданымызда соғыс қайғысы ізін қалдырмаған жанұя сирек кездестіреміз. Тек бір ғана Созақ селолық әкімшілігінің аумағынан 376 боздақ сол соғыста қаза  болғанын айтсақ та жеткілікті. Бұрынғы «Қаратау» кеңшарынан 144 адам хабарсыз кетті. Ал байырғы білікті шопан, жартытөбелік Бибі Төлебаеваның бес ағасы, шолаққорғандық зейнеткер Әшімхан Зейілбековтің әкесі мен үш ағасы қанды шайқастан қайтып оралмады. Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігі жолындағы біздің әділ ісіміздің салтанат құру ісіндегі ұрыстарда жеңісті жақындату жолында ауданымыздан аттанған 4800 адам өз өмірлерін қиды.

Сол бір сындарлы жылдарда күн демей, түн демей, шілденің аптабы мен қаңтардың қаһарлы аязына қарамай «толарсақтан саз кешіп, белуардан су кешіп» юейнет еткен тыл жауынгерлері көптеп саналады. Созақтықтар тылдан майданға жәрдем ретінде соғыс техникасын жарақтауға сүделі үлес қосты. 1943 жылы танк колоннасын ұйымдастыру ү үшін 1,5 миллион ақша жиналды. Әсіресе «1 Мамыр» колхозының төрағасы Әлтек Иманқұлов, «Ынтымақ « колхозынан Әділ Ысқақов Отан қорғау қорына өздерінің жеке қаражатынан әр қайсысы 100 мың сомнан өткізіп, патриоттық үлгі-өнеге көрсетті.

Жеңіс күнін жақындатуға Отанымыздың әрбір азаматы сияқты созақтық әрбір жанұя, әрбір жас пен кәрі өз үлесін қосып отырды.

1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының ерлікке толы қаһарлы жылдары барған сайын алыстап, тарих шежіресіне айналып барады.

Алайда, аудан әкімшілігі кешегі қандыбалақ, адамзаттың қас жауы—фашизмге қарсы ерлікпен күрескен ерлерге құрмет көрсетуді күнделікті назарда ұстап келеді. Ұлы Жеңістің 75 жылдығы құрметі қарсаңында Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, олардың отбасыларына сый-сияпат жасалып, ері соғыстан қайтпаған жесірлерге де құрмет көрсетіледі деп күтілуде. Жыл сайын «Белгісіз солдат» қабіріне гүл шоқтары қойылады. Кешегі батыл да батыр барлаушы, көп жылдар бойы ауданымыздың партия органында қызмет еткен Созақ селосының тұрғыны, екі рет «Даңқ» орденінің иегері, марқұм Атабек Асылбеков көкеміз көзі тірісінде Ұлы Жеңістің  55 жылдығы мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қабылдауында болды. Тәуелсіз еліміздің жоғары наградасы «Құрмет» орденімен марапатталды.

Соғыс ардагерлеріне құрмет те, көмек те, жеңілдік те жасалуда. Ұлы Жеңістің 51 жылдығы қарсаңында сол уақыттағы аудан әкімі Қуаныш Айтахановтың қабылдауында соғыс ардагері Қаппар Әубәкіров арнайы болып, Ұлы Отан соғысына қатысушылар жайлы арнайы кітап шығару жөнінде, олардың есімдерін мәңгі есте қалдыру жайлы үлкен ой салады. Артынша жауды талқандап, Жеңіс туын көтерген, сәулетті бейбітшіліктің дәйекті кепілі бола білген халықтың басына төнген ауыр күндерде елін, жерін қорғау үшін жауға қарсы тұрған созақтық ерлер жайлы «Теріскей түлектері жауынгерлік сапта» атты кітап жарыққа шығады. «Теріскей түлектері жауынгерлік сапта» кітабында негізінен осы ата жаумен айқасқан ардагер ағалар жайлы көп мәліметтерге қаныға аласыз.

Жорық жолдарында жомарт жастығын қалдырып, жанын қиған аптал азаматтарымыздың өміріне ешқандай баға жетуі мүмкін емес. Одан бері де сұрапыл соғысқа Созақ ауданынын аттанып майданнан оралмаған ерлер жайлы кезекті кітап та жарық көрді.

Әрине Ұлы Жеңіс оңайлықпен келмегені белгілі. Сондықтан да сөз соңында айтарым, жастарымыз арамызда жүрген ардагерлеріміздің көрген тауқыметінің бірде біреуін көрген жоқ. Нарықтық экономиканың уақытша қиыншылығынан қашып, бой тасалауға бейім. «Алғыспенен ел көгереді» демекші, ағалар алғысын ала отырып, ардагерлер ісін өнеге тұтып, сол кісілердің қиындыққа төзіп, ел құрметіне бөлену жас ұрпақтың абзал парызы, азаматтық борышы деп білеміз.

Latest news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...

Related news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...