Сталинград майданында соғысқан

Үстіміздегі жылы жетпіс бес жылдығын атап өткен жеңіс мерекесі келген сайын сол жеңісті жақындатқан ерлер еске түседі. Сол бір сұрапыл соғыс кезінде от пен оқтың ортасында жүрген етігімен су кешкен азаматтың бірі-Әлдекеев Жаңабек. Ол 1924 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Созақ ауылында дүниеге келген. Алғаш білімді Тегістік бастауыш мектебінде алған. Осы білім ордасында төртінші сыныпты бітірген. Одан әрмен қарай оқуға мүмкіндік болмайды. Қаршадай бала колхозда жұмыс істейді.

Ал , 1942 жылдың тоғызыншы қыркүйегінде әскери комиссариатқа шақырылып, әскерге аттанады.

Кеңес әскері құрамында Сталинград майданынна барып түседі. Харьков пен Белгардтта жаудан азат етуге қатысады. Кескілескен қиян-кескі ұрысқа қатысып, жауды ойсырата жеңеді.

1944 жылы майданда қатты жарадар болып Улановск госпиталында алты ай жатып емделеді. Госпитальда жатып шыққанан кейін соғысқа жарамай, үшінші топтағы мүгедек болып елге оралады. Гитлершіл Германия басқыншыларына қарсы болған соғыста жауынгерлік қызеті үшін бірнеше орден, медалдармен марапатталған.

Елге келгеннен кейін аяқты аспанға қаратып көтеріп жатқан жоқ мал шаруашылығының өркендеуіне үлес қосты. Тынбай зейнеткерлікке шыққанға дейін еңбек етті. Жастарға патриоттық тәрбие берді. Ерлікке, шыншылдыққа жауынгер болуға үйретті.

Еткен еңбегі үшін талай мәрте марапаттыда иеленді. Жанұясында екі ұлы төрт қыз тәрбиелеп өсіріп қанаттандырды. Ұлын ұяға, қызын қияға қондырды. Олардан немере, шөбере көрді. Ол отбасына ауылаймаққа қадірлі қария еді. Сұм ажал қадірлі қарияны 2007 жылы құшағына алды.

Қарт жауынгер үнемі айтып отыратын: « Біз көрген қиын күндер ешқашан қайталанбасын, кейінгі жастарға тек қана тыныштық, тәуелсіз еімізде бейбіт өмір сүруін, жақсы оқып білімді болуын, Алладан тілеймін,-деп отыратын.

Соғыс біткелі 75 жыл болса да оның зардабы ұмытылмайтыны рас.

Сәрсенбек САЙЛАУБЕКҰЛЫ.

Latest news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...

Related news