1998 жылы күз айында Қозмолдақ ауылының тұрғындары Жұбаев Қадырханның үйіне Ресейдің Ставрополь өлкесі, Апанасенко ауданы, Рагули селосында тұратын майдангер Гладков Сергей Яковлевичтен осы мәтінде алғаш хат келеді. Хат былай жазылған:
Здравствуйте дорогие товарищи! Я вместе был на фронте с Джубаевым Кадыром. (Или Кадель) 1925 год рождение. Имя так мне собщили из архива Министерства Обороны.
Он погиб находясь рядом со мной от разрыва бомбы в окопе. Об этом знаю только я потому что рядом не было никого. Я всю после военную жизнь писал в архив Минстерства обороны чтобы найти его адрес дома и собщить матери о последных минутах его жизни. Но знаю только фамилию, а имя забыл и мне отбегали что неможем так найти. И вот знаю что генерал армии Варенников В.И. тоже с 35 гв стр. дивизии, а он депутат государственной думы и я с нашим депутатом передал письмо чтобы он помог найти адрес и адрес другого товарища погибшего рядом с ним. И вот получил адрес и теперь пишу Вам письмо. Пищу и незнаю кто получить это письмо. Мне дали адрес его матери и я думаю что ей уже нет в живых. Но пусть она меня простит что ненаписал раньше об этом. Если умерла то пусть земля будет ей пухом как говорят у нас у русских, а если жива то дай бог ей здоровья
Писать как произошло о смерти пока не буду может она никому ненужна кроме матери а если есть родственники и получат это письмо и хотят узнать о последний минуты моего товарища по оружию то пусть напишут ответ и я опищу все подробно и место захоронения. А пока жду ответа пишите по адресу на конверте.
До свидание будте здоровы в наша каламбурное время
С приветом Сергей. 24 июля 1998 г.
Ал енді түсінікті болуы үшін Жұбаев Қадыр деген кісі кім? Бұл кісі Қозмолдақ ауылының тумасы, 1941 жылы Жұбаев Қадыр Созақ аудандық әскери комиссариатының Ұлы Отан соғысына аттанып, Содан хабар-ошарсыз кетеді. Егер де С.Я.Гладковтың хаты болмаса оның қалай, қашан қаза тапқанын, қайда жерленгенін бүкіл ағайын-туыстары, жерлестері білмес еді. Жұбаев Қадыр 35 гвардиялық атқыштар дивизиясының атқышы болатын. Ол 1944 жылы 7 тамыз күні қаза тауып, денесі Польшаның Радам қаласы түбіндегі Кознице ауданында жерленген екен. Анасы Зұлпан баласының жолын күтіп жүріп өмірден өткен еді. Қадыр атамыздың артында тіпті, бір дана суреті де қалмаған. Тек ғана Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің орталық архивінен келген бір жапырақ хат ғана болды. Ресейлік майдангерлермен, сол селодағы мектеп оқушыларынан құралған «Пойск» ізшілдер отряды Ғ.Мұратбаев атындағы жалпы орта мектебінің оқушылары тығыз байланыста болады. Алайда өкініштісі Сергей Яковлевич Гладков өмірден озды. Осы шараға мұрындық болып, хат жазып, хабаршысы болып жүрген Жұбаев Қадырханның ұлы Қадырханұлы Оразхан болатын.
Ресейден келген хаттың қазақшаға ауыдарылған мәтіні
Саламатсыздар ма жолдастар!
Мен майданда 1925 жылы туылған Жұбаев Қадырмен (немесе Кадель) бірге болдым. Есімін маған Қорғаныс Министрінің архиві жіберді. Екеуміз окопта жатқанда ол бомба жарылысынан қаза тапты. Ол туралы тек қана мен білемін, өйткені оның қасында менен басқа ешкім болған жоқ. Соғыс аяқталған соң оның өмірінің соңғы сәттерін анасына айтайын деп Қорғаныс Министрлігінің архивіне оның мекен жайын білу үшін хат жаздым. Мен тек фамилиясын ғана білемін, ал есімін ұмытып қалыппын. Олар маған табу мүмкін емес деді. Бірде армия генералы В.И.Варенниковті таптым. Ол да 35-ші гвардиялы атқыштар дивизиясынан болатын. Оның үстіне мемлекеттік Думанның депутаты болатын. Мен өзіміздің сайлаған депутатымыздан оған Жұбаевтың есімін, мекен-жайын тауып беру жөнінде көмектесуін сұрап хат жібердім. Осылайша есімін және мекен жайын тауып хат жазып отырмын. Және бұл хат кімнің қолына тиерін білмеймін. Маған оның анасының мекен жайын берген. Мүмкін ол кісі қазір өмірде жоқ шығар. Ертерек хабарын айтпағаным үшін ол кісіден кешірім сұраймын. Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын. Тірі болса ұзақ ғұмыр, зор денсаулық тілеймін. Жұбаевтың қалай қаза тапқаны туралы әзірге жазбаймын. Бұл хабар анасынан басқа кімге керек. Егер туған—туыстарына қажеті бар болса осы хаттың конвертінде менің мекен-жайым жазылып тұр. Хабарлассын. Мен барлық болған жайды бастан аяқ жазып жіберемін.
Кездескенше сау-саламатта болайық.
Сәлеммен Сергей. 24 шілде 1998 жыл.
Саламатсыздарма Қадырхан, Айдархан, Аманкүл!
Сіздерден жауап хат алдым, енді міне өзімнің әскери жауынгерлік парызымды 54 жылдан кейін өтегелі отырмын. Өзімнің арымның алдында бір міндеттен құтылып, жеңілдеп отырмын. Енді бәрін рет-ретімен баяндайын. Мен оны 1944 жылы шілдеде дивизияға жаңадан толықтырушылар келіп жатқанда кездестірдім. Дивизия Ковель қаласының Сарны темір жол станциясынан онша қашық емес жерде орналасқан болатын. Ковель Польшаның шекарасына жақын қала болатын. Әскерилер шабуылға шыққанда бұл 1944 жылғы Сталиннің 10 соқысының бесіншісі болатын. Біз үшінші эшалонда болдық. Біздің дивизия артта келе жатқан. Біз 450 шақырымды 12 күнінде басып өттік. Күн ыстық, қаталап өліп барамыз. 1 тамыз күні Висла өзеніне жеттік. Польшаның астанасы Варшавадан 40 шақырымдай-ақ жер. Висладан өту кезінде плацдарм жасадық. Сол жолы ротадағы 94 жауынгерден 27-сі ғана тірі қалды. 6 тамыз күні кешке бізге рота командирі келіп, немістер жағының ұрысқа дайындалып жатқанын ескертті. Түнімен окоп қаздық. Таңертең Қадыр шабуылға әзірленуге кетті. Бізде қосымша полк болатын. Артымызда артиллерия тұрды. Сағат 12-лердің кезінде байланысшылар жолымен жылжып барып Қадырдан темекі сұрадым. Әрқайсымызға 50 сигарттен береді. Мен өзімдікін шегіп қойған едім. Ал ол болса темекі шекпейтін. Ол маған шегуге бір данасын және запасқа 8 дана сигарет берді. Мен онымен әңгімелесіп отырып шегіп отырған темекімнің жартысына келгенде әлде бір күш мені «бұл жерден кет» деп қуғандай болды. Мен кетейін десем Қадырдың әңгімесі бітер емес. Сәл отырдым. Бірақ әлгі тылсым күш «кет» деп қуғанын қояр емес. Қадырдың қасында Крылов деген жауынгер болды. Ол тереңдігі 1,5 траншеяда демалып жатыр еді. Мен өз орныма келген соң қарным ашқандай болып нан жеп алғым келді. Бізге таңертең, кешке екі мезгіл нан таратады. Осы кезде үстімізден неміс самолеттері ұшып өтті де артынша бомбаның астына алды. Мен траншеяға шалқамнан құлап түстім. Көріп жатырмын. Бір кезде немістің самолетінен 4 бомба ағытылып түсті. Мен өміріммен қоштастым. Бізге қарай бомба зулап келеді. Артынша әлемді тітіренткен жарылыс болды. Мені топырақ басып қалды. Біреу басымнан ауыр темірмен ұрғандай басым мең зең болып көтерпейді. Барлығы басылғасын мен орнымнан тұрдым. Мен жатқан окоптың ойран-ботқасы шыққан, қарасам менің қол гранатам жатыр. Мен дереу Қадыр жатқан жаққа бүкшеңдеп жүгіре жөнелдім. Бағана Қадырдың қасындағы мен отырған жерге бомба жарықшағы қадалып тұр. Егер мен болғанда…
Қадыр мен қасындағы Крылов жатқан тұс әлемтапырақ. Толықтай топырақ басып қалған. Оларды аршып алуға ұмтылдым. Қадырдың маңдайы мен мұрын тұсына жарықшақ тиіпті жылымшы қан ағып жатыр. Ал өзі басын төмен салып қорылдап жатты да сөзге келмей көз алдымда қаза тапты. Ал Крыловты топырақ астынан аршып алу мүмкін болмады. Кешке біз шегінуге мәжбүр болдық. Осыдан кейін менің олардан хабарым үзілді. Мен соғыста 2 рет жараланып, қайта емделіп соғысты жалғастырып 1950 жылдың қазанынан дейін әскери қызметімді өтедім. «Қырық жыл қырғын болса да ажалды өледі» деген осы шығар. Аман сау болыңдар!- деп Сергей Яковлевич кезекті хатын аяқтайды. Әрине, Сергей Яковлевич өз хатында қалай өмір сүріп жатқанын, өзі тұрып жатқан жердің шаруашылық жайында хатына келтірген. Алайда біз хаттан өзімізге керекті тұсын ғана алдық. Осылайша бір хаттың артында бір жерлесіміздің талайлы тағдырын білдік. Бүгінде қатардағы жауынгер Қадірсіз Жұбаев атамыздың есімі аудандағы ескерткіште ойылып жазылған. Жоғарыда майдангер досы Сергейдің Қадыр деп атап кеткен атамыздың шын, азан шақырып қойған есімі Қадірсіз екен. Мектеп мұражайына осы хаттары қойылған. Майдангер Қадірсіз туралы жерлестерінен сұрағанымызда ол кісі соғысқа дейін ауылдық комсомол жетекшілерінің бірі ретінде жалынды жастардың қатарында білімді де белсенді жас болған екен. Өзі сұранып қан майданға аттанғанын білдік. Қадірсіз атамыздың отбасына келсек әкесі Дәуітбаев Жұбай
1893 жылы Ресей империясының Түркістан өлкесінде (қазіргі ОҚО—ның Созақ ауданы сызған ауылы) туылған. Кеңес үкіметі құрылғаннан бастап колхозда еңбек еткен. 1920 жылы ауылшаруашылығына бағытталып құрылған артельге мүше болады. 1925 жылы ұлы Қадірсіз өмірге келеді. Кейін бұл артель Жамбыл облысына қарасты Шу ауданына қараған кезде «Қозмолдақ» колхозы болып қайта құрылады. Соғыс жылдары жасының келуіне байланысты Ресейдің Челябі облысында еңбек армиясында болды. 1943 жылы елге оралғаннан кейін Қозмолдақ колхознда шопан болып еңбек етеді. Асыл тұқымды қазақтың құйрықты қойын өсіріп, сақтағаны және майданға сапалы ет өнімдерін өткізгені үшін 1948 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президумының қаулысымен Социалистік Еңбек Ері атағымен және Ленин орденімен марапатталған.
Жолдасы Аяпбекова Зұлпан екеуі Қадірсіз, Кәдірхан, Айдархан және Аманкүл есімді үш ұл, бір қыз өсіріп, тәрбиелеген. 1960 жылдан республикалық дәрежедегі дербес пенсионер. 1972 жылдың тамыз айында қайтыс болған. Туған ауылы Қозмолдақта көше аты берілген. Аудан орталығы Шолаққорған кентінде Тәуелсіздік алаңына ескеткіші орнатылған және Республикалық «Социалистік Еңбек ерлері» Алтын кітабына есімі жазылған. Міне, осындай отбасында дүниеге келген қызыләскер Жұбаев Қадірсіздің өмірінің қысқа болғанына іштей өкінесің, дей тұрғанымен де Отаны үшін опат болған батыр жауынгердің өр рухы кейінгі ұрпақ жүрегінде ұмытылмай, өшпес оттай жалын ата берері ақиқат.
Мақсат Қарғабай,
Қазақстан журналистер одағының мүшесі