Сапер- жауынгер әкем Алаш жайлы

Биыл  -2020жылы 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 75 жыл толды.Аталарымыз, әжелеріміз,әке-аналарымыз сол соғыс зұлматын көргендер, ерлік жасағандар, жеңісті жақындатқандар. Бұл мақалада  өткен ғасырдың ең сұрапыл соғысы туралы тікелей соған қатысушылардың өз аузынан естігендермізбаяндалмақ. Яғни Ұлы отан соғысының ардагері әкем Алаш Теріскебайұлы туралы естеліктер.

Бала күнімізде көршіміз Жаныбай көкенің бір аяғы жоқ етікші еді.Мен Әлия әжемнің баласы едім, еркелеу өстім. «-Әже Жаныбай көкенің бір аяғы неге жоқ ?» деп сұрайтынмын.«Сұм соғыстың әсері кімге тимеді деисің» деитін әжем.Балалық—ай етікті бірақ аяғына киеді рахат қой деп ойлайтынмын .Ес жиа келе мүгедек жандарды   түсіне бастадық.

Біздің әкелеріміз қан майданда сұрапыл шайқастарда жан алып жан беріссе,аналарымыз еңбек етіп жеңісті жақындатты.Біздер Күлаш,Серік,Несібелді,Берік,Бекболат,Ғайнижамал,Ақболат бала күнімізде майдан мен тылдағы оқиғалар жайында естіп өскендіктен олар жеңіске жету үшін қолдан келгендерінің бәрін жасағанын білеміз. Әкем Алаштың өз қолымен жазғандары.

«- Мен,1941ж.6/12 армия қатарына алынып,Жамбыл қаласыннан науқастанып коммисияның шешімімен январь айы 1942ж елге қайттым. 1942ж июнь аиында армияға алынып бірінші Шкаловта болып,одан Уфа қаласына жіберді.Уфадан Волков направлениясына жіберді.Сол жерде соперлыққа дайындады бұл 1942ж соңғы айлары еді.Волховтан Ленинградқа жіберді 1943ж18/1 Ленинград блокадасын бұзғанда,біздің частымыз Ленинградқа өтті.1943ж Подчинабин түбінде мина құруға барлауға бардық,сол қолыма, аяғымның санына қол пулеметтің оғы тиіп, жараландым.Ленинград госпиталында емделдім.Жазылып шыққан соң  72 бригада 193девизде болдым.1943жылдың декабрінде Гранштат порты арқылыРенбауын қаласына бардық.Бұл 1944ж январь айы еді,одан әрі Красная село деген жерге бардық.Сол жерде соғыс құралы жарылғыш заттардан тазарту тапсырылды.1944ж1/2 күні мина іздеп жүріп минаға түстім.Бұдан Ленинград госпиталында болдым.Ленингрд госпиталы Қырғызстанға жіберді. Алматы,Шымкент қалаларында емделіп июнь айында елге келдім.3-гр инвалид берді. Колхозда ,Совхозда жұмыс істеп 1976ж зейнеткекерлікке шықтым.1976ж жара ашылып Шымкентте емделдім.Операция жасап табан сүиектің шіріктерін тазалады.1984ж август аяғында больницаға түсіп емделдім.Шымкентте одан соң Алматы госпиталында 12/12-1985ж деиін емделіп қайттым. 1986ж15.01 айда Шолаққорған больницасына түстім.30.01 күні аяқты кесті.2/3айда больницадан шықтым» –деп жазады әкем Алаш.

      Сол жараның әсерінен 1987жылы 17қазанда ікем Алаш дүниеден өтті.  Әкем Теріскенбайұлы Алаш 1916жылы Құршу бойында дүниеге келген.Жас кезінде алғыр, өжет болып өсіпті.Анасы Шахризада бие сауым уақыт болды әи Алаш биелерді айдап кел деиді екен де ойбай келіндер жүгіріңдер Алаш биега кетті деиді екен.Айтып ауыз жинағанша биелерді қуып келеді екен,құлындар көгенді үзіп кетіп уылған шуылған қылады екен. Сол кезде ағайынды Таңқыбай,Ондыбайлар ҚұрШу болыстығын билеген. 1929-30жж көтеріліс кезінде әкем 13-14жасар бала, ағасы Мұхаш апасы Тәжікүл жетім қалады.Жетімдер үиінде тәрбиеленген.Алматыда ағасы екеуі РАБ/Факты бітіріп елге оралып ,ұстаздық еткен.Әкемнен оқытқандардың қатарынан әлі күнге көзі тірілері бар.Соғысқа аттанар алдында ҚАРАҒҰРДА ұстаз болыпты.1942жылдар.Әкем ол кезде үйленбеген.Сол жылдың жазында соғысқа аттанады.Волковта сапер барлаушылыққа үйретіп, соғысқа жібереді.Соғыс кезінде барлаушы, сапер бір ұғым деитін әкем.Сапер-әскери инженерлік қызмет-әскери бекіністер,көпірлер жасау,оны жөндеу жол салу, жерді минадан  тазалау үшін алда сапер екі жағы барлаушы соңында толықтырушы жүреді дейді.Ұшқан тырна сияқты ретпен тазалаймыз, құрамыз барлауға барамыз деитін әкем.1943 ж катюша келіп, біздің жанымыз кірді деитін.КАТЮША ОЙНАҒАНДА немістер кірерге тесік таппайтын деиді әкем,тіпті ол жөнінде орысша әндетіп те жіберетіні есімде қалыпты.

«- Бірде артилериялық подготовканың алдында шабуылға жол ашу, көпір бұзуға тапсырма алдым.Жанымда бір орыс және қырғыз жігіті болды. Қарудың бар түрі бар, жүк ауыр соғыс заңы тапсырма орындалу керек.Қар қалың бұл 1943жылдың қаңтар айы автомат ППШ аузы ақшүберекпен  оралған өзіміз де аппақпыз.1-ші тапсырма орындалды 2-ші тапсырма көпірге барыпЧММ минасын оны бір сағатқа қойдық та қаита бастадық. Біз ұзай бастағанда жарылыс болды,бізді байқап қалдыма,кенет ракетаның жарағы жарқ ете қалды.Жарықтың пайдасы бізден 3-4 метр жерден блиндаждан бір неміс жүгіріп шығып бомба оиып кеткен жерге отыра қалды.Біз жарық өшкен кезде оны басып қалдық.Плащ палаткаға салып сүирелеп келеміз зілдеи неме екен.Нейтральный зонаға жетіп уп дей бергенде немістер пулеметпен бұрқыратып ата бастады бізді байқап қойды.Жермен жер болып  жатырмыз.Арқамыз жұлма- жұлма болды. Орысқа оқ тиіп мерт болды.Оны қырғыз сүиреп келеді.Мен немістісүиреп келе жатып сол қолыма оқ тиді ,енді қозғала бергенімде пулеметтің оғы саныма тиді.Сүйек аман, ет қызуымен алғы шепке жеттік.   Бұдан соң, Ленинград госпиталынан бірақ шықтым».Емделіп шыққан соң әкем 72 бриг193 БИЗ де1943жылы Гронштат порты арқылы Ренбаун қаласына өтіп красная селосын минадан тазалап жүргенде минаға түседі.Жанындағылар мерт болады ,әкемнің аяғын талқандап кетеді.Есінен танып жатқанда бұл 1944жылдың ақпан айының 1-шіжұлдызында солкездері санитарный обчаркалар болған екен арқасына шана жегіп жібереді екен.Әкем аитады есімді жинасам қасқыр жеиін деп жатыр екен деп қаруға қолымды созсам ырылдайды деиді арқасында шанасы бар бар күшімді жинап шанаға аунап түстім деиді.Сол кезде ит жер бауырлап жылжи бастағаннан кеиінгі есімде жоқ деиді. «Есімді жинасам госпиталда жатыр екем.Аяғын кесу керек деді хируруг мені орысша түсінбеиді деп ойлады ма мен тоқтатындар кеспеңдер емдеңдер дедім.Хорошо деді бырақ осыңа өкінесің.Давай дедім мен.Етіктің табаны жоқ  етікке аяқ симай қалған күп болып кеткен.Етікті қиып алып тастады.Аяқтың астына тазик қойып тізеден төмен теріні айналдыра кескенде бір тазик толды.Аяқ қып-қызыл боп сораиды да қалды.Табан талқандалып кеткен,тазалап сүиектерді орнына салып байлап тастады. Содан Ленинград госпиталы одан Қырғызстанда,Алматыда,Шымкентте маусым айында елге оралдым, ҰОС 3-топтағы мүгедегі болып».

Әкем Алаш ағаасы Мұхан екеуі1939-жылы СХИ раб/фак түсіп оны бітірген.Мұхан көкем соғыста пулеметщик болған дейді. Бірақ   хабарсыз кеткен.Әкем көп жылдар іздеу салды, бірақ сол күиі хабарсыз кетті.Ұстаздық еткен.1950-жылдары Қызыл ту ауылдық советінің депутаты болады.Сол жылдары колхоздың предсадетілі,ауыл советінің секретары,потребсоюзде,колхозда ,совхоза қызмет жасаған .Әкем Алаш Теіскенбайұлының елге жасаған еңбектері әр кезеңдерде лайықты бағаланып, мараптталып отырған. Атап айтсақ; Еңбек ардагері,Кеңес одағы Қарулы күштерінің 20, 30, 40, 50, 60, жылдық мерейлі медалдарымен,Ұлы Отан соғысының орденімен, Ленинградты азат ету медалімен, Ерлік медалімен, т/б марапаттардың иесі. Шешем Ыбрахымқызы Күлан екеуі  6-ұл 3қыз тәрбиелеп өсірген, олардан бүгінде 29-немере,35-шөбере өсіп- өніп келеді.

Latest news

ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ -НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ

Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесі аудан орталығы, Шолаққорған ауылында жоғары деңгейде, сән-салтанатымен аталып өтті. Наурыз мерекесін тойлауды аудан басшысы мен Созақ ауданының Құрметті азаматтары,...

СЕГІЗІНШІ ШАҚЫРЫЛЫМДАҒЫ СОЗАҚ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ БІРІНШІ СЕСИЯСЫН ШАҚЫРУ ТУРАЛЫ

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзі – өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 10 бабы 1 тармағына сәйкес, сегізінші...

Төрт қалада электровоз өндірісі ашылады

Астана және Алматы қалаларында, Жамбыл мен Түркістан облыстарында электровоз шығарып, оларға қызмет көрсететін өндіріс орындарын ашу жоспарланып отыр. Жобаларды іске қосу барысында жергілікті мыңдаған...

Еуропалық одақ – Қазақстанның ең маңызды сауда серіктесі

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко еуропалық бағытта жүргізіліп жатқан жұмыс барысы мен...

Related news

ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ -НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ

Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесі аудан орталығы, Шолаққорған ауылында жоғары деңгейде, сән-салтанатымен аталып өтті. Наурыз мерекесін тойлауды аудан басшысы мен Созақ ауданының Құрметті азаматтары,...

СЕГІЗІНШІ ШАҚЫРЫЛЫМДАҒЫ СОЗАҚ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ БІРІНШІ СЕСИЯСЫН ШАҚЫРУ ТУРАЛЫ

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзі – өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 10 бабы 1 тармағына сәйкес, сегізінші...

Төрт қалада электровоз өндірісі ашылады

Астана және Алматы қалаларында, Жамбыл мен Түркістан облыстарында электровоз шығарып, оларға қызмет көрсететін өндіріс орындарын ашу жоспарланып отыр. Жобаларды іске қосу барысында жергілікті мыңдаған...

Еуропалық одақ – Қазақстанның ең маңызды сауда серіктесі

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко еуропалық бағытта жүргізіліп жатқан жұмыс барысы мен...