ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ МЫРЗАХМЕТ ЖЫЛЫСБАЕВ

Мырзахмет Жылысбаев 1926 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Қозмолдақ елді-мекенінде дүниеге келген. 1942 жылы жеті жылдық мектепті бітірген соң егінге қарауыл, табельші, сауат ашу мектебінде оқитындарға мұғалім болып істеген.

Ұлы Отан соғысына 1944 жылы 92 автоатқыштар полкі құрамында қатысқан. Гитлерлік Германияны талқандауға қосқан үлесі және жауынгерлік қызметі үшін отанымыздың медальімен наградталған.

Соғыс аяқталған соң командирлері М. Жылысбаевтың қабілетін ескеріп, әскери жұмысқа қалуды және сол салада айрықша оқуға баруға ұсыныс жасайды. Бірақ Жылысбаев Мырзахмет сол кездегі мұғалімдерді жедел елге қайтару жөніндегі өкімет қаулысын алға тартып, елге қайтуды жөн деп табады.

Отан соғысы аяқталған соң Мырзахмет Жылысбаев Алматы қаласындағы Абай атындағы мемлекеттік педагогикалық институтты бітіріп, Шолаққорған селосындағы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепте мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі, мұнаң соң Ғани Мұратбаев, Құрал Рүстемов, Макаренко атындағы мектептерде директор болып істеген. Ағарту саласындағы белсенді еңбегі үшін «Қазақстан Республикасы халық ағарту ісінің үздігі» белгісімен және бірнеше Құрмет грамотасымен марапатталған.

Созақ ауданының Құрметті азаматы.

Latest news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...

Related news